Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет11/70
Дата29.01.2020
өлшемі1,14 Mb.
#27704
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70

 
33 
үрдістерінен 
спортшыларды 
жалықтырмау 
үшін 
басқа 
жаттығуларды пайдаланады. Сол жаттығулар көмегімен ағзаның 
қалпына келуін тездетеді  
Өтпелі  кезең.  Бұл  кезеңнің  міндеті-жаттықтыру  мен 
жарыстардан 
алған 
əсерін 
жоғалтпау, 
ағзаны 
қинамай 
уақытында  босаңсытып,  қалпына  келтіру.  Бұл  кезенде  арнайы 
дайындық 
жаттығулары 
азайтылып, 
жалпы 
дайындық 
жаттығулары  көбейеді  (спорт  ойындары,  табиғат  аясында 
жүгіру  т.б.).  Көбінесе  ағзаны  тез  қалпына  келтіретін,  спортшы 
ұнататын  жаттығуларды  пайдаланған  тиімді.  Өтпелі  кезең  2-3 
орта  циклдерінен  тұрады.  Қалпына  келтіру  -  көтермелеу  жəне 
қалпына келтіру - дайындық циклдерінен біртіндеп, келесі үлкен 
жаттықтыру  циклінің  дайындық  кезеңінің  тарту  мезоцикліне 
ауысады.  Кейбір  кездерде  өтпелі  кезеңнің  орнына  қысқа 
жеңілдету  фазалары  кіргізіледі.  «Қосақталған  микроцикл»  деп 
аталады да, жарыс кезеңінен кейін екінші дайындық, одан кейін 
екінші жарыс кезеңі, содан соң ғана өтпелі кезең кіргізіледі. 
Осындай  жаттықтыру  процестері  күш  жылдамдығын  керек 
ететін  спорт  түрлерінде  қолданылады.  Мысалы:  ядро  лақтыру, 
биіктікке секіру, ауыр атлетика, спорт ойындары т.б., ал циклдік 
сипатындағы  спорт  түрлерінде  (марафондық  жүгіріс,  шаңғы 
спорты 
т.б.) 
көбінесе 
жылдық 
жаттықтыру 
циклдері 
қолданылады.  Жаттықтыру  микроциклдерінің  жалпы  ұзақтығы 
бірдей  болса  да  жеке  кезендерінің  ұзақтығы  спорт  түрлеріне 
байланысты 
əртүрлі 
болып 
келеді. 
Мысалы: 
көпсайыс 
түрлерінде  дайындық  кезеңі,  ал  спорт  ойындарында  (футбол, 
хоккей) жарыс кезеңі ұзақ болады. 
Жоғары  спорттық  шеберлік  деңгейінде  олимпиадалық 
ойындарға  дайындалуына  байланысты  төрт  жылдық  цикл 
жоспары қолданылады.  
Жаттықтыру 
үрдісінің 
ұзақтығына 
байланысты 
жоспарлаудың  үлкен  кезеңдік  (болашақтық) жəне  кіші  кезеңдік 
(жедел)  деген  екі  түрі  болады.  Үлкен  кезеңдік  жоспарлау  төрт 
жылға  немесе  бір  жылға  арналып  жасалады.  Ал  кіші  кезеңдік 
жоспарлау  айлық  (мезоцикл),  апталық  (микроцикл)  жəне  жеке 
жаттыктыру  сабақтарына  арналып  жасалады.  Микроциклге 
спортшы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстарда 
спортшының  орындайтын  міндеті,  оның  дайындығындағы 


 
34 
айлық  кіші  міндеттер  жəне  жыл  көлемінде  орындалатын  үлкен 
міндеттер  сипаты,  жүктеменің  көлемі  кіргізіледі.  Əдістемелік 
нұсқаулар  беріледі.  Бақылау  түрлерінің  жəне  дəрігерлік 
бақылаудың өткізілу уақыты белгілінеді. 
Жылдық 
жоспар 
жасағанда 
спортшының 
шамасы, 
мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге 
алынады. Жоспарды спортшымен келісе отырып жасаған дұрыс. 
Ол  жоспардың  дұрыстығына  сеніп,  оның  дұрыс  орындалуына 
бар 
мүмкіншіліктерін 
пайдалана 
білуі 
керек. 
Өскемен 
қаласындағы 
облыстық 
балалар 
жəне 
жасөспірімдер 
олимпиадалық  ізбасарлар  спорт  мектебінің  жеңіл  атлетикамен 
шұғылданатын  спорттық  жетілдіру  тобының  жылдық  жоспар 
кестесін  қараңыздар  (41-кесте).  Жылдық  жоспардың  міндеттері 
кіші  кезеңдік  жоспар  жасағанда  кеңінен,  нақтылы  ашыла 
көрсетіледі.  Мезоциклдер  (айлық  цикл)  3-4  микроциклдерден 
құралады  да,  2-3  екпінді  жəне  1  -2  қалпына  келу  толқындары 
түрінде 
жүргізіледі. 
Айлық 
жоспар 
үлгісі 
42-кестеде 
көрсетілген. 
Микроцикл дегеніміз  -  бірнеше  жаттықтыру  сабақтары  мен 
қалпына келу күндерінен қүралған, жаттықтыру процесі түрінің 
толық 
біткен, 
бірақ 
қайталанатын 
апталық 
циклі. 
Микроциклдердегі  жүктеме  толқын  түрінде  өзгеріп  тұрады  да, 
2-3  екпінді  кезендерден,  қалпына  келтіру  жаттықгыруларынан 
құралады.  Жарыс  кезінде  спортшыга  жоғары  қалпыны  келу 
жағдайы 
жасалуы, 
жүктеме 
дұрыс 
бөлінуі 
қажет. 
Микроциклдегі дене қуаты қасиеттерін, техникасын, тактикасын 
дамытатын  жаттығулар  араластырылса,  өз  кезегімен  берілуге 
тиіс. 
Күш  жылдамдығын  керек  ететін  спорт  түрлерінің  жалпы 
дайындық  кезеңі  микроцикліндегі  жаттықтыру  сабақтарының 
келесі міндеттері бар: 
-  техника  дайындығы  жəне  жылдамдыққа  тəрбиелеу;  - 
қалпына келтіру жаттықгырулары; 
- техника дайындығы; 
- күш жылдамдығын тəрбиелеу, арнайы төзімділікті дамыту, 
жалпы төзімділікті дамыту. 
Арнайы  дайындық  кезеңіндегі  циклді  спорт  түрлерінің 
микроциклдегі жаттықгыру міндеттері: 


 
35 
- техника қозғалыстарын жетілдіру; 
- жылдамдық мүмкіндіктерін тəрбиелеу; 
- арнайы төзімділікті дамыту; 
- қалпына келтіру жаттықтырулары; 
-  жарыс  жағдайында  қолданылатын  арнайы  төзімділікке 
тəрбиелеу. 
Жоғарыда 
берілген 
жаттықтырулар 
əсері 
спортшының  жалпы  өмір  сүру  тəртібін  (оқу  бітіру,  еңбек  ету) 
толықтырады, күшейтеді, жұмыс қабілеттілігін арттырады. 
Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың 
негізгі  түрі  болып  келеді.  Ол  дайындық,  негізгі  жəне 
қорытынды бөлімдерден тұрады. Дайындық бөлімінің мақсаты 
-  спортшы  денесін  негізгі  бөлімде  өтетін  қарқынды,  көлемді 
жұмысқа  дайындау.  Дайындық  жалпы  жəне  арнайы  деген  екі 
бөлімге  бөлінеді.  Жалпы  дайындық  бөлімінде  əр  түрлі  жалпы 
дайындық  жаттығулары 
қол-данылады.  Мысалы,  жүгіру 
жаттығулары, əр түрлі снарядтармен жаттығулар, жалпы дамыту 
жаттығулары, екі-екіден жəне топтық жаттығулар жəне т.б. 
Арнайы  дайындық  бөлімінде  спорт  түріне,  жаттықтыру 
міндетіне  байланысты  арнайы  дайындық  жəне  жарыстық 
жаттығулар  қолданылады.  Дайындық  бөлімінің  ұзақтығы 
сыртқы  ортаға,  жаттықтыру  үрдісінің  кезеңіне,  спортшының 
дəрежесіне  байланысты  15  минуттан  30  минутқа  дейін 
созьшады.  Негізгі  бөлімнің  міндеті-техниканы,  тактиканы 
жетілдіру  жəне  дене  қуаты  қасиеттерін  дамыту  болып  келеді. 
Басында жаттығу техникасын үйрету, жетілдіру, сонан соң дене 
куаты қасиетін дамыту міндеттері орындалады. 
Жаттықтырудың  қорытынды  бөлімі  жүктемеден  кейін 
спортшының  ағзасын  қалпына  келтіру  үрдісін  тездету  үшін 
өткізіледі.  Денені  босаңсыту  жаттығулары,  жеңіл  жүгіру, 
спорттық жəне қозғалмалы ойындар қолданылады. Жаттықтыру 
сабақтары  жеке,  топтық,  фронтальдық,  айналмалы  жаттығуды 
орындау  əдістері  көмегімен  өткізіледі.  Əрбір  жаттықтыру 
сабағына  жоспар-конспекті  жазылады.  Жоспар-конспектіде 
жаттықтыру  өткізу  күні,  ұзақтығы,  міндеттері,  жаттықтыру 
мазмұны,  жаттығуларды  орындау  саны,  əдістемелік  нұсқаулар 
көрсетіледі. Үлгі түрі 43-кестеде берілген. 
Спорт 
мектептеріндегі 
негізгі 
есепке 
алу 
құжаты- 
жатгықтыру 
тобының 
журналы. 
Журналда 
жаттықтыру 


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау