26
компьютерлік оқыту технологиясы – жаңа ақпараттар мен мәліметтер кешенін
компьютер арқылы дайындап, білім алушыға жеткізу.
Компьютерлік оқыту технологиясы арқылы білім алушылардың виртуалды
электронды білім беру ортасын құруда оқыту бағдарламарын дайындауға,
біріктіруге, орналастыруға және мультимедиялық әрі графиктік тұрғыдан
рәсімдеуге
қабілетті
қалыптастырушы
немесе
қамтамасыз
етуші
бағдарламаларболады.
Бұл
бағдарламалар
оқу
пәндерінің,
әсіресе
жаратылыстану цикліндегі пәндер бойынша тәжірибелік сабақтар мен
зертханалық жұмыстардың тиімділігін арттырады. Осы компьютерлік
бағдарламалар арқылы оқытушы өз бетімен әртүрлі интерактивті модельдер
құрып, тәжірибелер жасауға мүмкіндік алады.
Мұндай бағдарламалардың дидактикалық мүмкіндіктері зор, мәселен:
- өз бетімен әртүрлі күрделі модельдер құруға;
- шынайы тәжірибеде жүзеге асыруға қиындық келтіретін нысандардың
қасиетін, көлемін, т.б. өзгертіп құрастыруға;
- құрған модельді келесі
пайдалануға дейін сақтауға;
- оқу материалдарына қатысты ақпараттарды көрнекілікпен (диаграмма,
график, кесте, т.б.) көрсетуге болады. Нәтижесінде білім алушылар оқу
материалдарын терең әрі толық қабылдауға мүмкіндік алады, сондай-ақ
қабылдау белсенділіктері артады [45].
Осылайша компьютерлік модельдер бірқатар виртуалды тәжірибелер
жасауға жағдай жасай отырып, білім алушылардың ақпараттық танымдық
қызығушылығын арттырып, оларды тек тәжірибені бақылаушы емес,
тәжірибені белсенді жүзеге асырушыларға айналдырады. Қазіргі Қазақстандық
білім беру – ақпараттық білім беру кеңістігінде, сондықтан заман талабына сай
болашақ мамандардың ақпараттық технологияларды пайдалана білу іскерлігі
мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар да арта түсуде.
1.2 Болашақ биолог мұғалімдерді даярлауда виртуалды зертханалық
жұмыстарды құру мен қолданудың мүмкіндіктері
Қазіргі әлемнің жоғары қарқынмен дамуы білім беру жүйесіне мамандар
даярлауға да жаңа талаптар қойып отыр. Білім беру іс-әрекетіндегі
инновациялар – білім беру қызметі нәтижелеріне жетуде әлеуметтік және
нарықтық сұраныстармен ерекшеленетін жаңа білімді, жаңаша әдіс-тәсілдер
мен технологияларды пайдалануды қажет етуде. Білім беру іс-әрекетіндегі әдіс
тәсілдердің бірі – ол білім алушылардың ақпараттық-технологиялық
дайындығы. Оқу материалдары мен оқыту әдістерін түрлендіру білім
алушыларды оқу іс-әрекеттеріне қызықтырудың маңызды шарттарының бірі.
Білім
беру
парадигмасының
шеңберінде
білім
беру
үдерісін
ақпараттандыру білім берудің үздіксіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ете
отырып, бүкіл білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуде. Оның ең бастысы
біріншіден, білім беруді кеңістіктік-уақыттық өзгерту, екіншіден, білім беру
үдерісінің барлық субъектілерінің коммуникациялық сипатын өзгерту болып
табылады. Білім беруді кеңістіктік-уақыттық өзгерту – бұл білім беру