95
ұзын сөйлемдер болса, ол үшін картон ұзындау алынуы керек, ал сөзді келесі жолға
тасымалдаудың қажеті жоқ. Заттардың атаулары бар кестелердің екі түпнұсқасы болған дұрыс.
Біреулері белгілі заттарға бекітіліп қойылса ( диванға, сөреге, тақтаға, орындық пен үстелге т.с.с ),
ал кестелердің келесі түпнұсқасы жаттығуларды өткізу үшін тақтада сақталынады. Жаттығулардан
кейін кестелердің атауларына белгілі заттарды сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізіледі. Бала
толықтай оқып үйренбейінше, кестенің екінші түп нұсқасы сөздердің жұптарын үйлестіру үшін
қолданылады. Кестелердегі сөздерді оқу техникасын қадағалау өте маңызды жағдай. Сөздерді
өзара сәкестендіре отырып, кестемен берілген сөздерді ажырата алуына аса мән беру керек.
Мұғалім өзі кестелерді қойып, тапсырманы түсіндіріп өтуі керек. Мысалы, ана және өз есімін
оқуды 2-3 күнде жаттықаннан кейін, фотолары мен суреттері бар әке, апа, аға т.с.с ж сөздер
қосыла бастайды. Кейін осы сөздерді дактильдеумен үйлестіру керек.Себебі, сөздің әрбір әрпі
дактильденіп, баланың әріптерді кезектілікпен көрсете алу қабілеті бекітіледі.Үрдіс келесі кезекте
болады: мұғалім әріптерге сол қолының саусағымен бағыттай көрсете отырып,оң қолымен
дактильдейді. Баладан да осы үрдістің түпнұсқасын қайталауды талап ету керек. Ескеретін жағдай,
егер бала сөздердегі әріптерге қарамай, тек мұғалімнің қолын бақылауда болса, онда бұл оқу емес
тек ғана жай көрініске айналады. Егер бала мұғалімнің оң қолына қарап, белгілерді саусаққа
үйлестірсе, ары қарай оның көзқарасын әріпке бағыттау керек. Жұмыс барысында баланы
мадақтап тұру шарт. Баланың назарын әрдайым кестені оқуға әрдайым аударып отырған сайын,
бала қзіне бағытталған талаптарды түсіне келе оқу техникасын алып жүретін болады. Оқытудың
бастапқы кезеңі өте сақтық пен мұқияттылықты талап етеді. Баланың белгілі заттармен сөздерді
сәкестендіре алуы шынайы заттың қасиеті мен түп негізін түсінуге тікелей байланысты. Есту
қабілеті зақымдалған баланы қазақ тілінің төл дыбыстарына дактильдеуге үйрету өте күрделі
процесс, себебі, төл дыбыстың қасиеттерімен жалпылай таныстыру баланың тіл туралы елестері
мен түсініктерін қалыптастыруға арналады. Дәл, осы мәселе есту қабілеті зақымдалған балаларды
оқытудағы ізденіс барысы болып келеді. Оқу техникасын дамыту талаптары ата-аналарды
балаларына жаңа сөздерді қосуды талап етеді. Бірақ, берілетін сөздердің белсенді және оңай
болуын қамтамасыз ету керек. Дыбыстап айту жүйесіне оқытудың негізін қалаушы Ф.Ф.Рау мен
Н.Ф.Слезина сияқты ғалымдар есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытуда келесі ережелерді
сақтау қажет деп айтқан: біріншісі, бала өзіне бағытталған сөйлеу тілін түсінуін қадағалау керек;
екіншіден, еліктелінетін дыбыстың дереу қойылуын талап етпеу керек; үшіншіден, дыбыс қоюмен
ғана шектелмей, әр сабақ сайын оны жаңа жаттығулармен жетілдіріп отыру керек; төртіншіден,
балада пайда болған дыбыс әріп пен дактильдік белгімен үйлесуі керек; бесіншіден, әр жұмыс
барысында баланың есту қабілетін қолдану керек.
Әдетте сөйлеу тілінің дактильдік формасының қолданысына қатысты келіспеушілік
көзқарастарды да кездестіріп жатамыз. Яғни, қалыпты еститін тұлғалармен қарым-қатынас
барысында дактильдеуді мүлдем алып тастау керек, себебі ол этикаға еш жатпайды делініп
жатады. Бұл жағдайда сіздер мына жайттарды білулерініз тиіс: біріншіден, сөйлеу тілінің
дактильдік формасы ол жеке бір мақсат емес, керісінше, барлығымыз жаппай ұмтылатын ауызша
сөйлеу тіліне жету үшін қолданылатын бір көмекші құрал болып табылады; ал екіншіден,
балаларды оқыту міндетті түрде ауызша сөйлеу тіліне негізделетіндіктен,
мұнда дактильдік сөйлеу
тілі мимиканың қолданысын шектеп, сөйлеу тілін меңгеруін жеделдетеді. Дактильдік сөйлеу тілін
қолдану балалардың дыбыстап айтуына зиянын келтіріп, өзінің кері ықпалын тигізеді деген
тұжырымдамалар да кездеседі. Көпжылдық тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, бұл
тұжырымдамаларды еш орынсыз деп есептеуге болады. Себебі, дактилологияны қолданумен
қатар, балалардың еріннен оқуы да жүйелі түрде жаттығып, балалардың ауызша сөйлеу тілі
олардың жеке мүмкіншіліктеріне орай дамып отырады. Дактильдік сөйлеу тілі – сөйлеу тілінің бір
формасы деп айта аламыз. Оны қолдануды тілдің грамматикалық құрылымын меңгеріп, әріптер
мен дыбыстардың ішкі және сыртқы қасиеттерін толықтай қабылдау деп түсінеміз.
Мимика жайында айтып кетер болсақ, әрине оның да пайдалы жақтары да бар, бірақ біздің
бағытымыз ауызша сөйлеу тілі болғандықтан оның үстемдігіне барынша ұмтылуымыз керек.
Қажет ақпараттардың жеткіліксіздігінен бе, әлде қоғам санасының алшақтығынан ба есту
қабілеті зақымдалған тұлғалардың білім алуға, қоғамға бейімделуіне қатысты проблемалары жеке
шеңбер төңірегінде қалып отырғанын білеміз. Сондықтан аталмыш балаларын бүкіл өмірін
айқындайтын арнайы оқыту мен қоғамға бейімдеу нәтижесі педагогикалық сауаттылыққа тікелей
негізделеді. Тек осы процесті оңтайлы жүргізгеннен кейін ғана әдеттегідей барлық жүктемені тек
педагогқа ғана бұрып қоймай, ата аналарды да қажет ақпараттармен қамтамасыз етіп, тек сол
96
кезде ғана үй және мектеп , қоғам жағдайындағы арнайы оқыту мен тәрбиелеу процесін дұрыс
өзара үйлетіруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. И.М.Сеченов.Избранное производения.Т, 1. М., Изд-во АН СССР, 1952, стр 512
2. А.В.Синяк, М.М.Нудельман. Психологические особенности формирования речи у глухих детей //
Особенности психическогого развития глухого ребенка.-М., 1975. 69-98.
3. В.Г.Халатян.Дактильная азбука армянского языка // Дефектология.-1973.-№ 4.-.56-58.
4. Л.С.Выготский. К вопросу о речевом развитии и воспитании глухонемого ребенка // Собр. Соч.: в 6 т.-М.,
1983.-С. 329-330.
5. И.Ф.Гейльман. Специфические средства общения глухих: Дактилология и мимика: В 5 ч.-Л., 1975-1979.
6. С.А.Зыков. Язык как учебный предмет в школе для глухих детей // Методика обучения глухих детей
языку.-М., 1977.-С. 5-51.
7. С.А.Зыков . О системе обучения глухих детей языку.-Известия АПН РСФСР, вып.77, 1956,С.75-121.
8. А.Г.Зикеев. Поиски оптимальных путей корригирующего обучения глухих детей в советской
дефектологии. –Дефектология, 1979, № 6, С.34-38.
9. А.Г.Басова., А.Г.Геранкина. Исторические данные об отношении сурдопедагогов к дактильной и
жестовой форме речи в обученни глухих // Вопросы сурдопедагогики.-М., 1970.
10. И.Ф.Гейльман. Дактилология.-Л., 1981.
11. А.Г.Геранкина. Практикум по дактильной речи.-М., 1972.
12. Р.М.Боскис. Мимическая речь глухонемых // Глухие и слабослышащие дети. М., 1963.-С. 110-114.
13. Г.Л.Зайцева., Н.Ф.Слезина. Мимко-жестовая речь // Психология глухих детей.-М., 1971.-С. 240-248.
14. С.А.Зыков. Основы формирования словесного общения.-В кн.: Обучение и воспитание глухих.
М.,Учпедгиз, 1959, С.61-77.
15. С.А.Зыков. Устная, писменная, дактильная формы речи в первоначальном обученнии глухонемых детей.-
Известия АПН РСФСР, вып.104, 1959, С.75-121.
16. С.А.Зыков. Обучение глухих детей языку по принципу формирования речевого общения. М., Изд.АПН
РСФСР, 1961, С.360.
17. Е.Н.Марциновская. Темп устной и дактильной речи у глухих детей.-Специальная школа, 1960, С. 50-57.
Раздел 3.
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОБУЧЕНИЕ И ВОСПИТАНИЕ ДЕТЕЙ С ОВР
УДК : 376.3.018.42
МРНТИ:14.29.29
Досыбаева С
1
. ,Бекбаева З.Н.
2
1
Абай атындағы ҚАЗҰПУ-нің 6М010500 – Дефектология мамандығының 1-курс магистранты,
2
Ғылыми жетекші:– Абай атындағы ҚазҰПУ, арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушы,
п.ғ.к., kaznauzake@mail.ru
Аңдатпа
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеудің маңызы, теориялық негіздері
қарастырылған. Эстетикалық тәрбие - бұл қоршаған орта мен өнердің сұлулығын көре білу қабілетін дамыту
мақсатында баланың тұлғасына
әсер етудің мақсатты, жүйелі үрдісі.
Түйін сөздер: мектеп жасына дейінгі балалар, эстетикалық тәрбие, тәрбие принциптері, эстетикалық
талғам.
Аннотация
Досыбаева С
1
. ,Бекбаева З.Н.
2
1
Магистрант КазНПУ имени Абая,
специальности 6М010500 – Дефектология, 1 курс,
2
Научный руководитель,, ст.преподаватель кафедря специального образования КазНПУ имени Абая,
г.Алматы, Казахстан
Содержание эстетического воспитания детей дошкольного возраста
В статье рассматриваются теоретические основы эстетического воспитания детей дошкольного
возраста с нарушениями речи. Эстетическое воспитание - это целенаправленный, систематический процесс
воздействия на личность ребенка с целью развития у него способности видеть красоту окружающего мира,
искусства и создавать ее.
Ключевые слова: детей дошкольного возраста, эстетическое воспитание, принципы воспитания,
эстетический вкус.