әдісі бойынша жазу сызығына бірдей ендіктегі кӛлбеу сызықтар жүргізіледі де, оқушы
әріпті сол кӛлбеу тор сызықтың ішіне жазады.
Ритмикалық (тактілі) әдіс – санай отырып жазуға үйрету. Әріп элементінің түзу кӛлбеу
және иілген сызығын санай отырып жазу оқушының жазу қарқынын жеделдетеді, жазу
процесінде жасалатын қол қимылының дұрыс та айқын болуын дамытады.
Дәріс 1.3.Жазуға үйрету тәсілдері
Жазуға үйрету тәсілдерін әдіспен ұштастыра білу дағдысын жетілдіруге септігін
тигізері анық.. Олай болса , жазуға үйрету тәсілдеріне шолу жасайық..
Мұғалім үлгісі – жазуды қалыптастырудың негізгі тәсілі.Оқушының кӛркем жазуы
мұғалімге байланысты.Әріптің элементтерін салуды және келесі әріппен
байланыстыруды мұғалім үлгісінен анық кӛрген, түсінген оқушы да ғана дағды тез
қалыптасады.
Дайын үлгіден кӛшіру.Мұғалім әріп элементтерін жеке жазып, содан кейін тұтас әріп
таңбасын тақтаға жазып кӛрсетеді.Тақтадағы мұғалім үлгісі барлық оқушыға анық
кӛрінуі тиіс.
Әріпті графикалық тұрғыдан дұрыс жазуды меңгере алмаған оқушымен жеке жұмыс
жүргізгенде, бастыра кӛшіріп жазады. Сондықтан тақтадағы, дәптердегі мұғалім үлгісі
ұқыпты, таза әдемі болуы тиіс.
Әріпті дұрыс жаза алмайтын оқушымен жеке жұмыс жүргізгенде бастыра жазу тәсілін
пайдалануға болады. Бұл тәсіл бойынша жаттығу былайша жүргізіледі: мұғалім жазу
сызығына екі әріпті нүктемен белгілеп береді.
Әріпті анализдеуді түрліше жүргізуге болады. Айталық, ондай анализдеудің бірі - әріпті
элементтерге жіктеу.Мысалы, л әрпі екі элементтен тұрады. Алғашқы элементі – солға
қарай иілген қармақша, екінші элементі – оңға қарай иілген қармақша.
Анализдеудің тағы бір түрі – элементті жазудағы басталу позициясы бойынша жіктеу.
Үзіліссіз не үзіліспен жазылатын әріп деп де жіктеу де анализдің бір түрі,
жоғарыдағы мысалға алынған л әрпі – үзіліссіз жазылатын әріп, ал к әрпі бір үзіліспен,
«ф» әрпі екі үзіліспен жазылады. Оқушылардың кӛркем жазуын қалыптастыруда кӛркем
жазу дағдысын қалыптастыруда бұдан басқа тәсілдерді қолдану мұғалімнің шеберлігіне
байланысты.
Практикалық сабақ №4. Бағдарламаны талдау
Сабақта қарастырылатын мәселелер:
1.Жазу түрлері
2. Кӛркем жазуға үйретудің мақсат-міндеттері
1-тапсырма.Жазу түрлеріне сипаттама беріңіз.
2- тапсырма. Кӛркем жазуға үйретудің мақсат мен міндеттерін бағдарлама негізде
жазыңыз.
3-тапсырма.сауат ашу кезеңіне талдау жасаңыз.
4-тапсырма.№1,2,3 жазу дәптері мен оқулығын салыстыр.
Әдістемелік нұсқау:
1) Бағдарламадан жазуға үйретудің мақсат-міндеттерін конспектілеп, Желтовская ,
Соколова «Формирование каллиграфических навыков у младших школьников» еңбегіндегі
жазуға үйретудің мақсаттары мен одан туындайтын міндеттерді жаз.
2) Сауат ашу кезіңіне талдау жасаңыз.
Дайындық кезеңінің сағат саны
Әліппе кезіңіндегі сағат саны
Әліппеден кейінгі кезіңіндегі сағат саны
Қазақ әріптеріне бӛлінген сағат саны
Орыс тілінен енген әріптерге бӛлінген сағат саны
Пайдаланылатын әдебиеттер :
1.Жалпы білім беретін мектептің бағдарламасы .А., 1997ж.
2.Желтовская , Соколова .Формирование каллиграфических навыков у младших
Практикалық сабақ №5. Кӛркем жазуға үйрету әдістері
Сабақта қарастырылатын мәселелер:
1. 1.Кӛркем жазуды үйретудің әдістері.
2. Кӛркем жазуды үйретудің тәсілдері
Сұрақтар:1. Кӛркем жазуды үйретудің қандай әдістері бар?
2. Генетикалық әдіс дегеніміз не?
3.Бастыра жазу әдісі дегеніміз не?
4.Сызық ішіне жазу әдісі дегеніміз не?
5.Ритмикалық әдіс дегеніміз не?
6.Бағдарламада қай әдіс тиімді деп кӛрсетілген?
7. Кӛркем жазуды үйретудің қандай тәсілдері бар?
1- тапсырма.Тӛмендегі кестелерді толтырыңыз.
Кӛркем жазуды үйретудің әдістері.
Кӛркем жазуды үйретудің тәсілдері
Генетикалық
әдіс
Мұғалім
үлгісі
Қарапайымнан
күрделіге
қарай жазуды
үйрету
Тақтаға не
дәптерге
мұғалімнің
әріптің
жазылуын
кӛрсетуі
2-тапсырма.Бір сабақ жоспарын жасаңыз да, ондағы жазуда қолданған әдістеріңізге
талдау жасаңыз.
3- тапсырма: Л және У әріптерін дәптерге жазыңыз.
Әдістемелік нұсқау:
Кестені толтыру үшін берілген әдебиеттерді оқып шығыңыз, әр әдіске талдау жасаңыз.
1997 жылы шыққан оқу бағдарламасының тұжырымдамасын оқи отырып , қай әдісті
тиімді деп кӛрсеткеніне назар аударыңыз және оның тиімділігін ӛзіңіз дәлелдеңіз.
Пайдаланылатын әдебиеттер :
1 .Наурызбаев , Ізғұттынова . Құлажанова .Сауаи ашу әдістемесі .А.,1997 ж.
2.Желтовская , Соколова .Формирование каллиграфических навыков у младших
школьников .М.,1987 .
3.Кенжебекова Н. Сауат ашу кезінде оқушылардың кӛркем жазу дағдыларын қалыптастыру
, жетілдіру жолдары . Ақтӛбе , 2002 .
Тӛртінші модуль.
Дәріс 1.1.Жазу процесіндегі жаттығу түрлері
Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы дайындық кезеңде жүргізілетін
жұмыстардың мейлінше сапалы болуына байланысты. Демек, сауат ашуға дайындық
жұмыстары, дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге басты назар аударылады. Бұл
кезеңдегі жазудың мақсаты – оқушылардың қолының икемділігі мен кӛз мӛлшерлеу
қабілетін жетілдіру, графикалық дағдылар қалыптастыру. Сауат ашудың дайындық
кезеңінде жүргізілетін жаттығу түрлері тӛмендегідей:
1) суретті жаттығулар;
2) сызықты жаттығулар.
Штрихтарды ӛзара қосып сурет салу, оны бояу оқушыларды жазуға даярлайды.
Бұл арқылы балалар айналадағы заттардың пішінін, құрылысын, жазықтықта орналасу
қалпын еркін қабылдап, «оң», «сол», «шеті», «жоғары», «тӛмен», «қисық», «дӛңгелек»
т.б. қажетті ұғымдарды меңгереді. Заттың суретін салу арқылы бала қалам ұстауға
жаттығып қана қоймайды, сонымен қатар қол қимылының бағытын да байқайды, оны
қажетіне қарай икемдеуге үйренеді, суреттерді бояп ӛрнектеу арқылы тек кӛлбеу
сызықтар жүргізу арқылы келешек әріп элементтерін жазуға даярлайды []