27
1
2
3
4
035
101898,6
300
106431,8
040
-
041
-
042
-
043
-
400
-
050
362816,9
051
-
052
-
053
-
054
-
055
415808,2
056
-
Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді міндеттемелердің барлығы
IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелері
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді міндеттемелрдің барлығы
V. Капитал
Жарғылық капитал
Төленбеген капитал
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар
Эмиссиялық кірістер
Резервтер
Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)
Аздық үлесі
Капиталдың барлығы
500
778625,1
БАЛАНС (300 жол + 400 жол + 500 жол)
885056,9
4 Дəріс : Екі жақты жазу жəне бухгалтерлік есеп шоттары
4.1. Бухгалтерлік есеп шоттары, құрылысы, мазмұны жəне екі жақты жазу
4.2.Синтетикалық жəне аналитикалық шоттар
4.1.-сұрақ
Шаруашылық жүргізуші субьектілер активтерінің құрамы мен олардың құралу көздерін өзгертетін
шаруашылық операцияларының ағымдағы есебін жүргізу үшін бухгалтерлік шоттар жүйесі пайдаланылады.
Шоттар дегеніміз – шаруашылық операцияларының кəсіпорынның активтері мен олардың құралу
көздерінің экономикалық мазмұны жағынан біртекті обьектілері бойынша жүйелеп топтастыру тəсілі.
Балансқа қатысты шоттар активті жəне пассивті болып бөлінеді.
Кəсіпорынның қаржылық ресурстарының (активтерінің) əрбір жекелеген түрлерінің бары мен
олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды активті шоттар деп атайды.
Кəсіпорынның қаржылық ресурстары (активтері) құралу көздерінің əрбір жекелеген түрлерінің
бары мен олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды пассивті шоттар деп
атайды.
Кəсіпорында орындалған шаруашылық операциялары бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты
көрініс табады. Ол үшін бухгалтерлік есеп əдісінің негізгі элементтерінің бірі қосарлы (екі жақты) жазу
тəсілі қолданылады. Қосарлы (екі жақты) жазу деп – орындалған шаруашылық операциясының бір
мезгілде бірдей сомаға екі шотта көрініс табууын, яғни бір шоттың дебетінде, екінші кредитінде жазылуын
айтады.
1. Синтетикалық есеп шоттары құрылысы:
Дебет 1310 « шикізаттар мен материалдар»
Кредит
Дебет 1420 «Орны толтырылуға тиісті қосылған құн салығы» Кредит
28
4.2.-сұрақ
Кəсіпорында орындалған əрбір шаруашылық операциясын қосарлы (екі жақты) жазу тəсілінің
көмегімен шоттарда бейнелеуде сол шоттардың арасында өзара байланыс пайда болады. Шаруашылық
операцияларының қосарлы (екі жақты) жазу тəсілінің көмегімен бейнелеуі нəтижесінде шоттардың
арасында пайда болатын байланысты шоттар корреспонденциясы деп атайды. Қосарлы жазудың көмегімен
бір – бірімен өзара байланысқан шоттарды корреспонденцияланушы шоттар деп атайды.
Экономикалық мазмұны жағынан біртекті шаруашылық құрал – жабдықтарының олардың құралу
көздерінің жəне шаруашылық процесстерінің есебін жалпы түрде, ақшалай өлшеммен жүргізу үшін
пайдаланылатын шоттарды синтетикалық шоттар, ал сол шоттардың көмегімен жүргізілетін есепті
синтетикалық есеп деп атайды.
Синтетикалық есепті дамыту мақсатында ашылатын жəне шаруашылық қаржылары мен олардың
құралу көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерінің есебін жүргізу үшін пайдаланылатын
шоттарды аналитикалық шоттар, ал сол шоттардың көмегімен жүргізілетін есепті аналитикалық есеп
деп атайды. Аралық шоттар дегеніміз синтетикалық шот шегінде ашылып бір текті аналитикалық
шоттардың мəліметтерін топтастырушы шоттар.
5 Дəріс : 5 Дəріс : Есептік кезең мен қаржылық есепті дайындау
5.1. Есептілікті құрастырудағы негізгі ережелер, қойылатын талаптар
5.2.Есептіліктегі негізігі көрсеткіштер
5.3.Есептіліктің формалары, түрлері
5.1.-сұрақ
Есептілікті құрастырғанда мына ережелерді ұстану керек:
- есеп беру мерзімінде жүргізілген барлық шаруашылық операциялар, сонымен қатар түгендеудің
қорытындылары, барлығы толығымен көрсетілуі керек;
- əр айдың бірінші күндеріне аналитикалық есеп мəліметтерін синтетикалық есеп шоттарының айналым
қалдықтарына сəйкестендіру керек;
- бухгалтерлік есептердің жəне баланстардың көрсеткіштері синтетикалық жəне аналитикалық
есептердің мəіліметтеріне сəйкес болуы қажет;
- кіріспе баланс мəліметтері бекітілген қорытынды баланс мəліметтерімен сəйкес болуы керек. Егер есеп
беру мерзімінде өзгертулер болса, онда оның себептерін түсіндіру керек;
- егер ағымдағы немесе өткен есеп беру кезеңдерінде қателер табылса, онда тиісті есеп беру
кезеңдерінде өзгертулер енгізіледі;
- растау құжаттарын немесе оларға теңестірілген техникалық ақпарат тасушыларды дайындау.
Есептілікті құру үшін алдын - ала көп дайындық жұмыс асырылады. Оның негізінде бухгалтерлік
аөқпарат жататын бұл жағдайлар есептілікке ерекше мағына береді. Міне, неге қазіргі уақыттағы
бухгалтерлердің функционалдық рөлі тек шаруашылық операцияларды тіркемеу ғана шектелмей, сонымен
қатар жоспарлау, бақылау жəне кəсіпорынның қарекетін жақсартуға бағытталған экономикалық
шешімдерді дайындауды қамтиды. Республикада шағын кəсіпкелік субъектілердің қарекетіне ең кең
тараудың жолын табады. Республикада бухгалтерлік есептің рөліне келетін бұндай əдіс экономикалық
құрымдары жоқ, бірақ мемлекеттік кəсіпорындар мен ұйымдарда қазірге уақытқа дейін бар болатынн
шағын кəсіпкерлік субъектілерінің қарекітіне кең көрініс тапты.
Осылайша басшыжəне бас бухгалтердің немесе келісім – шарт негізіндегі бухгалтерлік есепті
жүргізетін маманның қолы қойылған есептілік есептік процесті аяқтайды. Бұл есептілікте субъектінің
мүліктік жəне қаржылық жағдайы көрсетіледі, жəне де есептілік мерзімдегі (ай, тоқсан, жыл) оның
шаруашылық қызметінің нəтижелері көрсетіледі.
Есептілікті құрудың негізінде жататын концепция барлық қойылатын талаптарды қатаң орындауды
ұйғарады, өйткені ақпаратты пайдаланушылардың бағалары мен қорытындылары осы талаптарға тəуелді.
Бұл талаптарға:
•
қызмет түрі мен меншік нысанына тəуелсіз шаруашылық субъектілердің барлық түрлері
есептілік құру керек;
•
шынайлығы, яғни есептілікте берілген барлықақпараттың толықтылығы, дұрыстығы жəне
негізділігі. Сонымен бірге барлық заңдық жазылымдардың қадағалануы;
•
сəйкестілігі, яғни есептік мерзімнің басындаберілгендермен, болған өзгерістерді ескере отырып,
есепті мерзімнің алдындағы мерзімдегі берілгендердің сəйкес болуы қажет.
Сəйкестілікнормативтік құжаттарда көрсетілген ережелерге сүйене отырып, көрсеткіштердің
түзетулерін қамтамасызетілуі керек;
•
қате жазулар мен түзетулердің болмауы. əр бір түзету есептілікке қол қойған тұлғалармен
ескертілуі жəне расталуы қажет;
•
меншік формасынан жəне қызмет түрінен тəуелсіз шаруашылық субъектілердің барлық
түрлерімен есептілікті құру.
Достарыңызбен бөлісу: |