Қазақстан республикасының білім және ғылым


Абай атындағы ҚазҰПУ жұмыс комиссиясы



жүктеу 1,17 Mb.
Pdf просмотр
бет9/13
Дата25.01.2020
өлшемі1,17 Mb.
#27326
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

19 

Абай атындағы ҚазҰПУ жұмыс комиссиясы ҚР жоғары оқу орындарының педагогикалық 

мамандықтары  үшін  «Инклюзивтік  білім  беру»  (6  кредитов)  білім  модулінің  мазмұнын 

әзірлеудің  қажеттілігі  туралы  ұсыныс  енгізді:  «Инклюзивті  білім  беру  ортасы»,  «Жалпы  білім 

беру  жүйесінде  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту  технологиясы»,  «Жалпы  білім  беру 

жағдайында  ерекше  білім  алу  қажеттілігі  бар  тұлғаларды  сүйемелдеу  жөніндегі  мамандардың 

командалық жұмысы». 

 

«Арнайы  педагогика»  және  «Арнайы  психология»  пәндерінің  мазмұны  туралы  ақпарат 



дайындалды (ҚР БҒМ сұранысы бойынша).  

 



Ерекше  қажеттілігі  бар  студенттердің  қорытынды/аралық  аттестаттаудан  өтуі  зерттелді 

және арнайы жағдайлар әзірленді. 

ҚР  БҒМ/РОӘК  ОӘБ  грифі  берілетін  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  сараптамадан 

өткізуді  ұйымдастыру.  2017/2018  оқу  жылындаАбай  атындағы  ҚазҰПУ  базасындағы  РОӘК 

ОӘБ грифі 59 оқу құралына берілді, ҚР БҒМ грифін алуға 3 оқулық ұсынылды. 



ҚР  жоғары  оқу  орындарына  консультациялық  қызметтер  көрсету.  Абай  атындағы 

ҚазҰПУ  Қазақстан  Репсубликасындағы  педагогикалық  білімніңғылыми-әдістемелік  орталығы 

ретінде  республиканың  барлық  жоғары  оқу  орындарына  оқу-әдістемелік  құжаттар  дайындау 

бойынща әдістемелік, консультациялық көмек көрсетеді. 



 

7. Ғылыми-зерттеу жұмысы 

Ғылыми-зерттеу жұмысы университеттің дамуының маңызды саласы және қызметінің басым 

бағыты болып табылады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ғылымныңпедагогика, филология, тарих, философия, әлеуметтік 

ғылымдар,  физика-математика  ғылымдары,  жаратылыстану  сияқты  бағыттары  бойынша 

ғылыми мектептер қалыптасқан.  

2017 жылғы оңтайландырудан кейін университеттің Ғылыми- инновациялық паркі құрамына 

енетіндер: 

1.  «Тұлға  психологиясы  және  ҚР  жоғары  оқу  орындары  үшін  инклюзивті  білім  беру 

бойынша ресурстық кеңес беру орталығы»;  

2.  «Зияткер ұрпақ» ҒО; 

3.  «Қолданбалы зерттеулер мен функционалды технологиялар» ҒО; 

4.  «М.Ғабдуллин атындағы Тұлғатану» орталығы;  

5.  «Ауызша авторлық әдебиет» ҒО;  

6.  «Хәкім-Абай» ҒО;  

7.  «Ауызша тарих» ҒО;  

8.  «Педагогикалық білім беруді дамыту» ҒО. 

Ғылыми-инновациялық  парктің  қызметі  ғылыми  зерттеуді  қаржыландырудың  жобалық 

тәсіліне көшірілді.  

Ғылыми-зерттеу  жұмысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: қоғамдық сананы жаңғыр-

ту» атты бағдарламалық мақаласындағы тұжырымдалған мәселелерді шешуге бағытталған.  

Университет үшін «Мәңгілік ел» мемлекеттік идеясы тұрғысынан педагогика және білім беру 

саласындағы  зерттеу;  ұлттық  тәрбие  және  психологиялық-педагогикалық  білім;  «Туған  жер»; 

білім беруді цифрландыру; инклюзивті білім беру; оқытудың инновациялық әдістемесі; сонымен 

қатар,  көптілді  білім  беру,  латынша  оқыту  және  педагогикалық  білімнің  басқа  да  бағыттары 

басымдыққа ие.  

«100 нақты қадам» жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын, 

Мүгедектердің Құқығы туралы Конвенцияны орындау үшін және ҚР БҒМ 05.06.2015 ж. №03-

3/532  бұйрығына  сәйкес  «ҚР  жоғары  оқу  орындары  үшін  инклюзивті  білім  беру  бойынша 

ресурстық  кеңес  беру  орталығы»  жобасы  жүзеге  асырылуда.  Ресурстық  орталық  мүгедектерді 

зерттеуді жүргізеді және ҚР жоо үшін оқыту семинарларын ұйымдастырады. 

Іргелі  және  қолданбалы  ғылымды  дамыту,  ғылым  мен  білімінің  кірігуі  мына  басым 

бағыттардың аясында жүзеге асырылды: 



20 

 



«Мәңгілік  ел»  идеясының  ғылыми  негіздері  (ХХI  ғасырдағы  білім,  гуманитарлық 

ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер); 

 

Табиғи,  оның  ішінде  су  ресурстары  тиімді  пайдалану,  геология,  қайта  өңдеу,  жаңа 



материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар. 

2017  жылы  ҚР  БҒМ  гранттық  қаржыландыруы  бойынша  жалпы  сомасы  89  млн.  955  мың 

теңгені құрайтын  12жобаны жүзеге асыру  жұмысы аяқталды. Бұл жобалар бойынша барлық 

есептер мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан сәтті өтті. 

Университеттің  жоғары  ғылыми  әлеуеті  дүниежүзілік  EXPO-2017  көрмесіне  4  жобамен 

қатысуымен дәйектеледі, оның ішінде: 

«Конвективті диффузия әдісімен газ қоспасын берілген қасиеттері бар компоненттерне 

бөлу  құрылғысы»  жобасын  консорциум  дайындады  (әл-Фараби  атындағы  эксперименталды 

және  теориялық  физика  ҒЗИ,  Абай  атындағы  ҚазҰПУ,  Атырау  мұнай  және  газ  университеті) 

және  «Сорбонна-Казахстан»  Институтының  студенттері  дайындап,  «Франция»  ұлттық 

павильонында ұсынылған 3 жоба бар: 

 

Экологиялық қала көлігі идеясын тарату; 



 

Жасыл технологиялар: ауадан су өндіру; 



 

Текелі қаласын «эко-қала» ретінде қалыптастыру және дамыту. 



Инновацияны коммерцияландыру бойынша Дүниежүзілік Банк конкурсы бойынша энергети-

ка саласында «Жылу және электрлік энергия өндіріс үшінмикро-гидравликалық және жел 



станцияларының кешенді технологиясын дайындау» жобасы орындалуда. 

2018  жылдың  наурызынан  2018-2020  жылдар  кезеңінде  университет  ғалымдары  ҚР  БҒМ 

гранттық  қаржыландыруы  бойынша  жалпы  сомасы  570  млн.  теңгені  құрайтын  23жобаны 



және  Ғылым  Қорыныңбағдарламалық-мақсатты  қаржыландыруы  бойынша  жалпы  сомасы  164 

млн. 475 мың теңгені құрайтын 2 жобаны жүзеге асыруда. Бұл ғылыми жобаларды орындау-

шылар құрамының 30%-ы 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, оқытушылардан құралған. 

Ғылыми-педагогикалық  кадрлардың  жаңа  буынын  қалыптастыру  үшін  университет  жас 

ғалымдарды  белсенді  түрде  қолдап  отырады.  2018  жылы  35  жасқа  дейінгі  зерттеушілер  үшін 

ғылыми  жобалар  конкурсы  өткізілді.  Конкурстың  25  жеңімпаз  жобасы  бюджеттен  тыс  қаржы 

есебінен жалпы сомасы 25 млн. теңгеге қаржыландырылды. 



2017  жылы17  ғылыми  іс-шаралар  жүргізілді,  оның  ішінде:  халықаралық  ғылыми-

практикалық конференциялар  –  13, республикалық ғылыми-практикалық  конференциялар – 4; 



2018 жылы 12 халықаралық және республикалық конференция өтті. 

Барынша маңызды ғылыми іс-шаралар:  

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Төртінші 



өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына 

Жолдауын талдауға арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция; 

 



«Конституция  және  қоғамдық  бостандық:  құқықтық  моделін  қалыптастыру 

(Қазақстан 

мен 

Франция 

тәжірибесі) 

»халықаралық 

ғылыми-практикалық 

конференциясы; 

 



«Жаратылыстану  ғылымының  заманауи  жетістіктері,  оқытудың  өзекті  проблемалары: 

жағдайы,  жаңа  технологиялары,  песпективалар»  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық 

конференция;  

 



Алаш  Орда  үкіметі  мен  Алаш  автономиясының  100  жылдығына  арналған  «Алаш 

қозғалысының  тарихы:  зерттеудің  қорытындылары  және  өзекті  проблемалары»  атты 

халықаралық ғылыми-практикалық конференция; 

 



«Педагогикалық білім берудегі оқыту: тәжірибе, бағдарлар, проблемалар» тақырыбындағы 

республикалық ғылыми-практикалық конференция. 

2018 жылы бірінші рет аты әлемге әйгілі  ғалымдармен елеулі  іс шаралар өткізілді.  Ал, 2018 

жылы  маусымның  9  жұлызында  Алматы  және  Алматы  аумағында  орналасқан  жоғары  оқу 

орындарының ректорларына арналған «Эразмус» бағдарламасының ұлттық офисімен бірлескен, 

халықаралық  дәрежедегі  жоғары  оқу  орындарының  эксперті,  «Халықаралық  дәрежедегі 




жүктеу 1,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау