23
ДААД жобасы бойынша: "Шығыс серіктестігі" (2015-2020), "Шығыс серіктестігі" (2018-
2020), "Инклюзивті білім беру" (2018-2020), серіктес-ЖОО: Гейдельберг университетінің
Жоғары педагогика мектебі (Германия); "Диалог Шығыс – Батыс: халықаралық/ интернационал-
дық алмасудағы күнделікті мәдениет" (2018-2020), серіктес-ЖОО:Фрайбург педагогикалық
университеті (Германия);
Дүниежүзілік Банктің "Даму мақсатында білім беруге жәрдемдесу Ресей бағдарламасы",
"Еуропа және Орталық Азия елдерінің бірінде білім беру өлшемі мен бағалау саласындағы
магистратура бағдарламасын кеңейту" жобасы (2017-2019), серіктес-ЖОО: Мәскеу қалалық
педагогикалық университеті (Ресей);
GEKAVOC жобасы (2016-2020): Қазақстандағы логистика, мехатроника және тұрақты
энергетикалық технологиялар саласында кәсіптік білім беру мен оқытудың дуальді Серіктестер:
Магдебургтегі Отто фон Герике университеті бағдарламаларына көшу (Германия), ТЮФ
Рейнланд, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қызылорда мемлекеттік
университеті. Қорқыт ата атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Шәкәрім атындағы
Семей мемлекеттік университеті;
Балтистика бағдарламасы "Литуанистика (Балтистика) орталықтарының
академиялық ұтқырлығын дамыту және интернационализациялауды кеңейту", серіктес-
жоғары оқу орны: Литва Эдукологиялық университеті.
Түрік Республикасы қаржыландыратын "Мевлана" айырбастау бағдарламасы (2017-2022).
Серіктес ЖОО: Ахи Евран университеті, Нийде Омер Халисдемир университеті;
Халықаралық білім беру орталықтары. Университеттің мәдени-ағартушылық бастамала-
рының бірі қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасын көпшілікке тарату
болып табылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бюджеттен тыс қаражаты есебінен Қытай, Вьетнам, Түркияда
Абай атындағы 4 халықаралық білім беру орталығы ашылды:
Абайорталығы Іле педагогикалық университетіндегі (ҚХР, 2011);
Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығы Ханой ұлттық педагогикалық университе-
тінде (Вьетнам, 2013);
Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығы Хошимин педагогикалық университетінде
(Вьетнам, 2013);
Эрзинджан университетіндегі Абай атындағы Қазақ тілі мен мәдениеті орталығы (Түркия,
2013).
Білім беруді интернационалдандыру. 2017/2018 оқу жылында университетте 260 шетел аза-
маты оның ішінде: 188 оқушы (контингенттің 3,1%-ы жоспар бойынша 4,5%) және 72 тыңдау-
шы шетел азаматтары және жоғары оқу орнына дейінгі білім беру Факультетінде білім алады.
Мәселен, "Сорбонна – Қазақстан" институтындағы шетел студенттерінің контингенті 26
адамды құрайды, оның ішінде: қытай – 10, Өзбекстан – 10, Түркменстан – 3, Тәжікстан – 1,
Иордания – 1, Украина – 1. Шетел азаматтарына арналған және жоғары оқу орнына дейінгі білім
беру факультетінде Қытай (29 адам), Оңтүстік Корея (13 адам), Ирландия, Тәжікстан, Ливан,
Ауғанстан, Гана, Нигерия, Филиппин Республикасы, Венгрия, Италия, Жапония азаматтары шет
тілі ретінде орыс тілін оқыды.
9. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік-мәдени саясат
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың белсенді, әлеуметтік-жауапты, жан-жақты дамыған маман
тұлғасын тиімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие қызметі тәрбие жұмысының топтастыруы
мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың даму стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.
Университеттің білім алушыларымен тәрбие жұмысының жоспары ақпараттық-тәрбиелік,
әлеуметтік, психологиялық, мәдени - бос уақыт жұмыстарын қамтиды.
2017/2018 оқу жылында 728 іс-шара өткізілді:
жалпы университеттік мәдени шаралар – 40;
институттарда ұйымдастырылған іс-шаралар – 475;
24
қайырымдылық акциялары – 23 (қалалық деңгейде – 9, республикалық деңгейде – 5;
дөңгелек үстелдер мен конференциялар – 45;
спорттық іс-шаралар – 25;
жатақханаларда ұйымдастырылған іс – шаралар–27 және т.б.
ҚР Президентінің саясатын жүзеге асыру, жастарды қазақстандық патриотизм рухында
тәрбиелеу, мемлекет Басшысының стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын насихаттау
мақсатында кешенді іс-шаралар өткізілді. Тәрбие үдерісінің маңызды аспектісі Президенттің
"Рухани жаңғыру"бағдарламасы болды.
"Қазақстанның 100 есімі" атты кіші бағдарламаны жүзеге асыру аясында Әлиханан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Ораз Жандосов, Халел Досмұхамедов,
Құдайберген Жубанов, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов сынды көрнекті қоғам және
саяси қайраткерлерге арналған семинарлар, танымдық кездесулер, дәрістер циклі
ұйымдастырылды.
Тұңғыш Президент бастамасын насихаттау және іске асыру мақсатында 2017 жылғы 27
қарашада ҚР Президентінің сыныптастарының қатысуымен "Әлем таныған Елбасы" атты
танымдық кеш өтті.
Сонымен қатар, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Сыртқы
істер министрі, еңбек сіңірген қайраткері, университет түлегі Балжан Бөлтірікованы еске алу
кеші; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, "Ел үмітін ақтаған
қазақ қызы" ақын Надежда Лушникованы поэтикалық кеші; жас ақын Жамбыл Дүйсенұлының
"Егемен елім, ерке елім" поэтикалық кеші, Қазақстанның халық батыры, генерал-лейтенант
Бақытжан Бертаевпен; 1980 жылғы Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жаксылык
Үшкемпіровпен және Қазақстанның Еңбек Ері, медицина ғылымдарының докторы,
нейрохирургы Серік Ақшолақовпен мерекелік кештер ұйымдастырылды.
«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде оқытушы Д.К. Кулжанова және
Б.Раметова, Л.Жұма, М.Айтжан сынды студенттер «Хан Қорық» республикалық фестиваліне
(Павлодар қ., 24-30 шілде, 2017
ж.) қатысты.
Жастар арасында белсенді экологиялық туризмді дамыту мақсатында 2018 жылдың 29 сәуірі
мен 15 маусымы аралығында Көкжайлау шатқалы, Кім-Асар шатқалы, Алмарасан шатқалы,
Күйгенсай ыстық бұлағы, Альпенистер асуы, Үлкен Алматы өзені, Жас натуралистер өзені, гора
Мохнатка тауы, Медеу тоғаны сияқтыы негізгі қозғалыс бағыттарында 400-ге жуық студент
қатынасқан «90 жылдыққа – 9 асу» деген атпен туристік треккинг ұйымдастырылған болатын.
«Қазақстанның қазіргі мәдениеті жаһанданған әлемде» ішкі бағдарламасын жүзеге
асыру шеңберінде 2018 жылдың 30 сәуірі күні Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне
орай «Нас объединил Казахстан» атты этномәдени фестивалі оздырылды.
2018 жылдың 16 наурызы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Рухани
жаңғырудағы ұлттық өнер» атты тақырыпта универсиететтің оқытушылары мен студенттерінің
шығармашылық жұмыстарының экспозициялық көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.
2018 жылдың 23 мамыры күні университет пен Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының
бірлескен қызметі туралы Меморандумға қол қойылған Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы
кафедрасының ашылу салтанатты шарасы өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 31 қаңтарында
Абай атындағы ҚазҰПУ Алматы қаласы университеттері альянсы қатарына қосылған болатын.
Есеп беру кезеңіндегі 75-тен аса іс-шара, оның ішінде 40 тәрбиелік бағыттағы: 5 республика-
лық, 9 мәдени-көпшілік, 9 спорттық, 8 «Тұлғалар тағылымы» деген тақырыптағы дәрістер
топтамасы, 9 – жастар саясаты бағыты бойынша іс-шаралар университетіміздің 90 жылдығына
орай ұйымдастырылған болатын. Атап айтсақ, олар келесі іс-шаралар:
«Менің пірім – Сүйінбай» республикалық жас ақындар айтысы (15-16 ақпан 2018 ж.);
Киокушандық каратэ-до бойынша республикалық ашық чемпионаты (25 ақпан 2018 ж.);
«Рухани жаңғыру: тәрбие, білім жастар» атты ректор кубігіне оздырылған республикалық
дебаттық турнирі (3-4 наурыз 2018 ж.);