Р/
с
№
Көрсеткіш атауы
Өлшем
бірлігі
Ақпарат
көзі
Іске асыру жылдары
Орын-дауға
жауап-тылар
2017 2018 2019 2020 2021
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
"Еңбек биржасы" мемлекеттік
интернет-ресурсы арқылы жұмысқа
орналастырылған тіркелген жұмыс
іздеушілердің үлесі
%
ЖАО-лар
есептері
43
25
30
35
40
Еңбек-мині,
"ЕРДО" АҚ
(келісім
бойынша)
2
Тіркелген жұмыс іздеушілердің саны
мың
адам
ЖАО-лар
есептері
50
270 277 284 291
Еңбек-мині,
"ЕРДО" АҚ
(келісім
бойынша)
3
Тіркелген жұмыс берушілердің саны
мың
бірлік
ЖАО-лар
есептері
11
70
76
82
88
Еңбек-мині,
"ЕРДО" АҚ
(келісім
бойынша)
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу
жолдары, тиісті шаралар
5.1.Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік
біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету
Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік
білімі бар кадрларды даярлау;
2) еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа
мерзімді кәсіптік оқыту;
3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар
даярлау;
4) еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау.
Бағдарламаның бірінші бағытыныңоператоры Техникалық және кәсіптік білімі бар
кадрларды даярлау және "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы
шеңберінде кадрлар даярлау мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және еңбек ресурстары мен
қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау мәселелері бойынша – Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады
.
5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік
білімі бар кадрларды даярлау
Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім ТжКБ бар кадрларды
даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне сәйкес тегін беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан,
ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу
орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, аз
қамтылған отбасылардың мүшелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар
кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу
бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру
ақысымен қамтамасыз етіледі.
Қатысу шарттары, кадрларды даярлау тетігі, стипендиямен және жол жүру
ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және
кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік
ел жастары – индустрияға!"("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек
ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және
мамандықтардың тізбесін, оқу орындары бойынша орындарды бөлуді білім беру
саласындағы жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша өңірлік комиссия
бекітеді.
Мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, "
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі –"ЕРДО" АҚ)
және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін талдау мен
болжау ескеріле отырып айқындалады.
ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесі "Білім беру туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
сәйкес Техникалық
15-2) тармақшасына
және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің
сыныптауышына сәйкес білім беру мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша
біліктіліктер мен мамандықтар тізбесінің негізінде айқындалады.
ТжКБ оқу орындары мыналар:
1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру
қызметіне лицензиясы;
2) ТжКБ саласында білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша кемінде үш жылдық
тәжірибесі болған кезде тізбеге енгізіледі.
ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру үшін аудандық
(қалалық) комиссияның шешімімен әрбір республикалық, облыстық, аудандық маңызы
бар қалада, астанада, ауданның/қаланың кенттік, ауылдық округтерінде мобильді
топтар құрылады.
Мобильді топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар
қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының,
аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар
ұйымдарының өкілдері мен волонтерлар кіреді.
Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы
органдар мобильді топтардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мобильді топтар жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан,
жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық
маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер
алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және
кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.
Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары қабылданған үміткерлер (
Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) жөніндегі ақпаратты (портал
арқылы электрондық түрде/қолма-қол) халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім
беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар
кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары –
индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын
және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне
дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде ұсынады.
ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы тегін кәсіптік даярлау курстарына
жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанша және солардың
талаптары бойынша осы Бағдарлама шеңберінде оқуды жалғастыруға құқық беріледі.
5.1.2. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа
мерзімді кәсіптік оқыту
Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальды оқыту
элементтері бар білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары
арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |