126
Талдау болған оқиғаға қатысты пікір білдіре алатын және
оқиғаның себептерін ашып көрсететін, оның қазіргі кездегі және
болашақтағы маңызын түсіндіре алатын саясаткерлердің,
әскери басшылық пен көмекші қызметкерлердің, дипломат-
тардың көзқарасын іздестіруді қажет етеді. Мұны бұлжытпай
орындауға тырысыңыз және тақырыптың тереңіне үңіліңіз.
Комментарий
Ақпараттық басылымдар көбінесе мақала-комментарийлерді
жариялайды. Ең бастысы, олар осылай атап көрсетілуі тиіс.
Оқырман бейтарап және объективті ақпараттық мақала
емес, керісінше болған жағдай немесе болатын жағдай ту-
ралы әлдекімнің көзқарасын оқып отырғанын анық түсінуі
керек.
Комментарийді журналист өзі жаза алады. Немесе сарап-
шыларға, дипломаттар мен саясаткерлерге жүгінеді. Журна-
листер штаты көп кейбір газеттер жаңалықтармен жұмыс жа-
сайтын журналистерді комментарий жазатын командадан
толығымен бөліп тастап, «Қытай қамалы қағидасын» (Chinese
Wall principle) пайдалана алады.
8-тарау: Жаңалықтарды бағалау және мақалалардың стилі
127
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Комментарий жазу
мүмкіндігі бар екен
деп жала жабатын
мәліметтерді таратып,
экстремистік пиғылды
көрсетуге немесе нәсілдік
кемсітушілікке жол
беруге болмайды
Батыстағы көптеген ақпарат агенттіктері жарияланатын ком-
ментарийлерде тепе-теңдіктің сақталуына назар аударады.
Мәселен, сайлау науқанында қандай да бір партияның өкілі
газетке комментарий берсе, басқа жетекші партияларға да
басылым бетінен комментарий үшін дәл сондай көлемдегі
орын беріледі. Кейбір телерадиокомпаниялар негізгі сая-
си партияларға теңдей эфир уақытын бөлетін ережеге
бағынады.
Комментарий жазу мүмкіндігі бар екен деп жала жабатын
мәліметтерді таратып, экстремистік пиғылды көрсетуге не-
месе нәсілдік кемсітушілікке жол беруге болмайды. Редак-
циядағы аға қызметкер комментарийде кәсіби журналис-
тиканың белгіленген стандарттары бұзылмауына кепілдік бе-
руге міндетті.
128
ЖАТТЫҒУЛАР
Төмендегі ақпараттарды оқып, жаңалықты анықтаңыз. Тақы-
рыпты әрі қарай өрбіту үшін репортер не істеуі қажет? Мыса-
лы, сіз қандай мақала дайындаған болар едіңіз?
1. Жас босанушы аналарға лайықты медициналық жағдай
жасалмайтындықтан, көптеген балалар дүниеге келмей
жатып көз жұмады. Бұл әсіресе астанадан және ірі қала-
лардан жырақ жерлерге тән.
2. Үкімет тауарды шекарадан кедендік алым-салықтарды
төлемей, жасырын тасымалдайтын контрабандашылар-
ды ұстау мақсатымен ең маңызды деген сауда жолдарын
күзетуге әскерді жұмылдырды.
3. Марафон нәтижесі бойынша, Білім министрлігі 10 милли-
он доллар жинады.
4. Биыл елге оралған көптеген бұрынғы босқындар өмір
сүрудің қиындап кеткенін алға тартып отыр.
5. Кейбір босқындар тұрғын үй жағдайынан қысылғандарын
алға тартып, муниципалитет алдында наразылық білдірді.
8-тарау: Жаңалықтарды бағалау және мақалалардың стилі
129
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР
ЖӘнЕ АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Columbia Journalism Review-пен серіктестікте жұмыс істейтін
журналистерді оқыту мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге
қатысты сілтемелер (Колумбиялық журналистикаға шолу):
www.powerreporting.com
Компьютерді пайдалану арқылы репортаждар дайындау жө-
ніндегі нұсқаулық:
www.nicar.org
130
9-тарау
б
аспа
стильдері
Оқырман мен
тыңдарманды шата-
стыратын немесе оларға
кедергі келтіретін
қарама-қайшылықтарға
жол бермеу – жалпы
стильге ортақ міндет
о
қырман
мен
тыңдарманды
шатастыратын
немесе
оларға
кедергі
келтіретін
қарама
-
қайшылықтарға
жол
бермеу
–
жал
-
пы
стильге
ортақ
міндет
.
Баспа стилі дегеніміз – газет, веб-сайт, өзге де баспа өнімдері
мен телерадиокомпаниялардың ішкі келісімді қамтамасыз
ету мақсатында барлық материалдар мен барлық автор-
лар үшін белгілейтін бірыңғай тілдік және грамматикалық
ережелері.
Кез келген жарияланымның мақсаты – өте көп күш жұмсамай-
ақ ақпаратты мейлінше түсінікті етіп жеткізу. Бірыңғай стиль
осы мақсатқа жеткізетін құралдардың бірі. Бірыңғай стиль
деген ойды бір мәнерде жеткізу деген сө емес, сөзсіз, әрбір
автор өзіндік жазу стиліне ие. Ең бастысы, оқырман мен
тыңдарманға кедергі келтіретін қарама-қайшылықтар мен
жаңылыс жайттарды болдырмау. Аудитория ақпараттың
бірыңғай тәсілмен ұсынылатынын күтуге құқылы. Жарияла-
нымдар «бір дауыспен» шықса, ол басылымға деген сенімді
нығайта түседі.
Кейде өзіндік стиль мен мәнер басылымның дара ерек-
шеліктерінің бірі болуы мүмкін және ол мұқият сақталады. Мы-
салы, Британияда бульварлық баспасөз қысқа сөйлемдерді
қолданады. Материалдардың атаулары да қысқа бо-
лып келеді. Ал «The Economist» журналында мазмұнына
қарамастан, барлық айдарлар бойынша материалдарды ба-
яндау барысы біркелкі мәнерге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |