197
1. «Орталықсыздандырылған су бұру жүйесін және технологиялық,
шаруашылық және ауыз су мақсаттарына суды қайта-жүйелі және
айналмалы пайдаланылатын жүйелер салу үшін сарқынды коммуналдық
және аралас суларды тазарту технологияларын модификациялау және
бейімдеу» (қаржыландыру көлемі –
32 173 000 теңге).
Өнімділігі тәулігіне кемінде 200 м
3
болатын, суды қайта-жүйелі және
айналмалы пайдаланылатын тазарту құрылысының экспериментальдық
конструкциясының
негізгі
конструкциялық
параметрлерін
есептеу
жүргізілді.
Сарқынды суларды тазартудың экспериментальдық станциясына
арналған конструкторлық құжаттамасы әзірленді.Қазақстан аумағына тән
сарқынды сулардың түрлі құрамдарына арналған технологиялық режимдерді
іріктеуге мүмкіндік беретін, түрлі гидравликалық жүктеме нұсқалары мен
температуралық режимдері бар өнімділігі тәулігіне 200 м
3
болатын
экспериментальдық қондырғы жасалды.
Сарқынды суларды тазарту
жүйелеріндегі гидравликалық режимдерді оңтайландыру жөніндегі
зерттеулер жүргізілді.
Сарқынды суларды тазартудың экспериментальдық
станциясының тиімді жұмысының негізгі кинематикалық-технологиялық,
конструкциялық-құрамдас және басқа да тәуелділіктерін анықталды.
Сарқынды суларды тазартудың экспериментальдық станциясының тиімді
жұмысын анықтау жөніндегі зерттеу нәтижелері пысықталып және
оңтайландырылды.
2. «Инженерлік желілер салудың инновациялық технологияларын
әзірлеу және оларды қауіпті табиғи және техногендік әсерден қорғаудың
жаңа әдістерін жасау» (қаржыландыру көлемі -
25 322 000 теңге).
Құбырларды орсыз тәсілмен төсеудің есептік және техникалық
параметрлері зерттелді.Бұрғылаудың ұтымды тереңдігінің диаметрге,
топырақ-бентонит шеңберінің қалыңдығына және ұңғыма қимасының
контур жаны аймағындағы жүктемеге байланыстылығын белгіленді.
Құбырларды төсеудің ұйымдастырушылық-технологиялық параметрлерін
ұтымды етуге ықпал ететін факторларды зерттеленді және жүйелендірілді.
Құбырлардың түрлі химиялық негіздегі байланыстырушы шайырлардан
тұратын конструкцияларының механикалық қауіпсіздігіне (беріктігіне,
қаттылығына және тұрақтылығына), құбырлардың түрлі химиялық негіздегі
байланыстырушы
шайырлардан
тұратын
конструкцияларының
өрт
қауіпсіздігіне және жарылыс-өрт-аптап ыстық қауіпсіздігіне, түрлі
химиялық негіздегі байланыстырушы шайырлардан тұратын құбырлардың
өз мақсаты бойынша пайдаланылуы процесінде қоршаған ортаға әсерінің
қауіпсіз деңгейіне қойылатын талаптар әзірленді.
3. «Пайдаланылатын тұрғын және қоғамдық ғимараттарға қызмет
көрсету мен оларды жөндеу бойынша жаңа технологиялар мен
техникалық шешімдер әзірлеу, халықаралық талаптарға сәйкес қазіргі
заманғы
материалдарды,
жабдықтарды
және
аспаптық-өлшеу
құрылғыларын пайдаланып, олардың жылу қорғауын арттыру»
(қаржыландыру көлемі - 25195 000 теңге).