181
жасалды. Қазақстан Республикасының аумағы үшін бұл организмдер
төндіретін фитосанитариялық қатердің ықтимал зардаптары орташадан
жоғары (1,25) деп айқындалды. Зиянкестердің 31 түрі бойынша бұл
көрсеткіш 1,56 - 7,8; нематодтың 1 түрі бойынша - 2,35; аурудың 11 түрі - 3,5
- 6,9; арамшөптің 8 түрі бойынша - 2,3 - 8,9 болды.
Егіншілікте, 2012 жылдан бастап ГАЖ-технологияларды, егіншіліктің
ресурс үнемдейтін технологияларын (топырақ өңдеудің минималды және
нөлдік
технологиялары,
бірқатар
дақылдарды
жалдау-атыздау
технологиясын қолдана отырып себу, жүгері мен қытайбұршаққа арналған
жабын үлпегін қолдана отырып тамшылатып суару, тұқым ауыстырылатын
ауыспалы егістіктер, картоп және көкөніс дақылдарына арналған
тамшылатып және жаңбырлатып суару, т.б.); топырақтың құнарлылығын
жақсарту және эрозиядан қорғаудың тәсілдері мен әдістерін, оның ішінде
ауыспалы егісте топырақ диагностикасы негізінде минералдық және
органикалық тыңайтқыштарды әртарапты енгізуді қолдану және т.б.
негізінде дәлме-дәл және органикалық егіншіліктің әдістемелік негіздерін
әзірлеу жөніндегі зерттеулер жүргізілуде.
Қазақстанның
бүкіл
агроэкологиялық
аймақтарында
ауыл
шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлеріне арналған тұқым
ауыстыратын ауыспалы егістердің тиімділігі көрсетілді.
2013 жылы АӨК-де ресурс үнемдейтін технологиялар қолданылатын
егістік алқаптар көлемі 12,5 млн гектарға дейін ұлғайтылды, 2011 жылы 11,7
млн га болған еді.
Егіншілік саласында қолданбалы сипаттағы барлығы 55 ғылыми
ұсыным әзірленді, ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдарының 12
үлгісіне арналған техникалық құжаттама әзірленді. Сондай-ақ 1000-нан
астам ғылыми мақалалар мен тезистер, оның ішінде ТМД елдерінде 100-ден
астам, жақын және алыс шетелдерде 70-тен астам, оның ішінде импакт–
факторлы шетелдік басылымдарда 6 мақала жарияланды.
«Қазақстан
Республикасының
әртүрлі
өңірлерінде
ауыл
шаруашылығы малдарының, құстардың, балықтар мен бал арасының
өнімділігінің генетикалық әлеуетін арттыру, азықтандырудың, күтіп-
бағудың және өсірудің технологияларын жетілдіру» деген бағыт
бойынша.
Генетикалық, биотехнологиялық, биохимиялық, физиологиялық және
басқа да тәсілдерді қолдана отырып, ауыл шаруашылығы малдарының 4
тұқымы мен аталық ізі, оның ішінде: Ордабасы қой тұқымының ішкі
тұрпаты, ет бағытындағы қазақы ақ бас мүйізді ірі қара малдың 3 зауыттық
аталық ізі (Макет 6527; Микрон 6191; Адонис 3410) шығарылды.
Мал шаруашылығы және ветеринария бойынша 6 патент; Мал
шаруашылығы және ветеринария бойынша 26 инновациялық патент;
селекциялық жетістіктерге 31 патент алынды.
Ауыл шаруашылығы құстарына арналған құрама жемнің 3 рецепті,
құлындарға арналған жемдік қоспаның 1 рецепті, қойларға арналған құрама
182
жемнің 3 рецепті, мал басын көбейту үшін құнажындарды өсірудің 1
технологиясы,
құйрықты
қой
тұқымының
төлін
толыққанды
азықтандырудың 2 технологиясы, сапалы қозы етін өндіруді ұлғайтудың 2
технологиялық тәсілі әзірленді.
Жел қуатымен электрлендіру және жел қуатымен су көтеру
қондырғыларының тәжірибелік үлгілері дайындалды. Елтірілік қой
шаруашылығының асыл тұқымдық және зоотехникалық есебін жүргізуде
қолданылатын электрондық ақпараттық-талдама бағдарламасын жасау
жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.
Ветеринария саласында 8 түрлі жұқпалы ауруға қарсы вакцинаның
эксперименттік сериясы әзірленді: некробактриозға және тұяқ шіруіне
қарсы, жылқы сақауына, сальмонеллезге, пастериллезге, трихофития және
микроспория, құтыру ауруларына қарсы.
«Ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы және тереңдете қайта
өңдеу және оны сақтау технологиясын жетілдіру» деген бағыт
бойынша.
Зерттеулердің нәтижелері бойынша құралдың 1 үлгісіне арналған
конструкторлық құжаттама; өсімдік шаруашылығының қайта өңделген
қайтарма өнімінің негізінде құрама жем және жемдік қоспалар бойынша
нормативтік-техникалық 1 құжат; бидайдан және жүгеріден түрлендірілген
крахмалдар алудың 2 технологиясы; жартылай қатқыл ірімшік өндіру
технологиясы, барынша мол фосфатидтер ала отырып қытайбұршақ және
күнбағыс майларын ферменттік гидратациялау технологиясы әзірленді.
Құрама жемге арналған препарат алу үшін қышқыл сүт бактериялары мен
ашытқылардың 1 консорциумы шығарылды. 53 түрлі сынаманың
микробиологиялық мониторингі негізінде бар коллекцияны жаңадан
бөлінген 15 штаммен толықтыру жүргізілді, 10 штамм сақтауға берілді және
15 штамм гендік типтендірілді. Жартылай қатқыл ірімшік өндірудің тәсіліне
арналған инновациялық патент алу үшін 2 өтінім берілді.
Зияткерлік меншікке арналған қорғау құжаттарын алуға 22 өтінім
берілді, 181 ғылыми мақала жарияланды, оның ішінде: отандық
басылымдарда – 135, ТМД елдерінде – 26, алыс шетелдерде – 20.
«Ауыл шаруашылығы қызметінің барысында табиғат ресурстарын
сақтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету» деген бағыт
бойынша.
Топырақ астын және тамшылатып суарудың, суару процесін
автоматтандырудағы ұсақ жаңбырлатудың ресурс үнемдейтін құралдары
әзірленді. Тамшылатып суару және топырақ астын суландыруда сәбіз
өсірудің су үнемдейтін технологиясы әзірленді.
Ғарыштан және жер бетінен мониторинг жүргізу деректерін қолдану
арқылы жайылымдық жерлердің экологиялық-мелиоративтік жай-күйін
бағалаудың әдістемесі әзірленді, жайылымдық пилоттық аумақтарды
экологиялық-мелиоративтік
аудандастырудың
электрондық
картасы
жасалды, масштаб 1: 1 000000.
Достарыңызбен бөлісу: |