Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет10/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92

24 
 
- докторантураға жұмыс өтілі мен жарияланымдары бойынша іріктеудің 
талабы болмауы; 
- жаратылыстану 
және  техникалық  мамандықтар  бойынша  оқу 
мерзімінің қысқалығы; 
- ғылыми  жұмыстарды  орындау  барысында  ақпараттық  ресурстарды 
пайдалану нәтижесінің төмендігі.  
Осы  мәліметтердің  барлығы  PhD  докторантурасы  шеңберіндегі 
дайындалып  жатқан  жоғары  білікті  кадрлардың  сапасына  көлеңке  түсіретіні 
анық.  Алдыңғы  жүйемен  салыстырғандағы  (жыл  сайын  1500-ға  жуық) 
дайындалып  жатқан  жоғары  білікті  кадрлар  санының  біршама  қысқаруы, 
ғылым  мен  экономика  дамуының  басым  бағыттарын  білікті  кадрмен 
қамтамасыз  етуде  алдағы  жылдары  докторлардың  жетіспеушілігі  туындауы 
мүмкін.  Мәселен,  Қазақстанда  медицина  саласы  бойынша  ЖОО  PhD 
докторларын дайындау ісі қажеттілігі 10-12%-ға жуықтап келеді [6].  
Алдағы  уақытта  елімізде  ғылыми-кадрлық  әлеуетінің  жетіспеушілігі 
Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілік көрсеткішке кері әсер 
етуі  ықтимал.  Докторлығын  қорғаған  (мемтіркеу  мәліметі  бойынша)  және 
аймақтарда  ғылым  саласында  еңбек  етіп  жүрген  ғылыми  қызметкерлердің 
санын  басшылыққа  алғанымызда  (бірқатар  статистикалық  мәліметтерді 
есепке  алмағанда)  ғылыми  мекемелерде  жұмыс  істеп  жүрген  докторлардың 
саны  жалпы  көрсеткіштен  біршама  төмен.  Мұндай  жағдай  Алматы,  Шығыс 
Қазақстан,  Павлодар  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында  байқалуда. 
Бұдан  шығатын  қорытынды  аталған  аймақтарда  докторлардың  ғылыми 
жұмыспен  айналысатын  ғылыми  орта,  яғни  ғылыми  мекемелер  жеткіліксіз 
болмаса  ғылым  докторлары  ғылым  саласында  жұмыс  істегеннен  гөрі  басқа 
салада  еңбектенгенді  жөн  санайды  деп  байлам  жасауға  негіз  болады. 
Мәселен соңғы екі жылда Алматы қаласында 263 адам ғылыми жұмыстарын 
сәтті  қорғаған.  Қазіргі  таңда  солардың  110-ы  ғана  ғылым  саласында  жұмыс 
істейді. Осы жайттан-ақ елімізде ғылыми мамандар жұмысын жалғастыратын 
ғылыми  мекемелер  тапшы  деген  байламның  орынсыз  екенін  байқаймыз. 
Өйткені  Алматыда  ғалымдар  жұмыс  істейтін  мекемелері  жеткілікті. 
Салыстырмалы түрде айта кетсек, Астана мен Қарағанды облысында ғылыми 
мамандардың  өз  саласынан  алшақ  кетуі  біршама  төмен.  Белгіленген  мерзім 
аралығында  Астана  қаласында  87  ізденуші  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 
қорғағаннан  кейін,  олардың  68  ғылым  саласында  жұмысын  жалғастырғаны 
байқалады. Сол сияқты Қарағанды облысында 16 ізденуші докторлық атаққа 
қол  жеткізгеннен  кейін  олардың  13  ғылыми  саладан  қол  үзбей  жұмысын 
жалғастырған.  Ал  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  соңғы  2  жылда  19  адам 
ғылыми  атаққа  қол  жеткізгенімен  Статистика  агенттігі  аймақта  біліктілігі 
жоғары ғылыми кадр ретінде бір ғана адамды тіркеген.  
Зерттеу  барысында  республика  көлемінде  PhD  бойынша  докторлығын 
қорғаған 
ғалымдардың 
көпшілігі 
ғылыми 
жұмыспен 
толықтай 
қамтылмағанын  байқаймыз.  Соның  ішінде  ғылыми  мекемелер  көп 
шоғырланған Алматыдағы жағдай алаңдаушылық тудырады.  


25 
 
Қазір  елімізде  ғылыми  кадрлардың  саны  төмен  болса  да  олардың 
жұмысын  жүйелеп,  аттестациялау  ісіне  барынша  көңіл  бөлініп,  ғылыми 
мамандардың сапасын көтеруге мейлінше назар аударылып отыр.  
Сапалы  кадрлық  әлеуеттің  негізгі  көрсеткішін  құрылымдық  салалардан 
аңғаруға  болады.  Қазіргі  таңда  кадрлық  әлеуеттің  діңгегі  болып  саналатын 
ғылым  докторларының  тең  жартысы  (2013  жыл,  64%)  қоғамдық 
ғылымдардың  үлесіне  тиіп  отыр.  Ал  техника  мен  технология  саласы 
бойынша доктор атанған ғалымдардың қатары тым аз.     
Зерттеу  барысында  географиялық  тұрғыдан  еліміздің  ғылыми  кадрлық 
әлеуетінде  бірқатар  өзгерістер  болғаны  байқалады.  3.2  суретке  көз  салғанда 
2009-2013  жылдары  аралығында  жаратылыстану  және  нақты  ғылымдар 
саласы  бойынша  PhD  докторлық  дәрежеге  ие  болғандардың  2,8  есеге 
кемігенін  (44,8%-дан  16,1%-ға  дейін)  байқаймыз.  Ал  осы  кезеңде  қоғамдық 
ғылымдар  бойынша  PhD  доктор  атанғандардың  үлесі  46,0%-дан  64,1%-ға 
ұлғайған.  Сол  сияқты  техника  ғылымдары  және  технология  бойынша 
докторлық дәрежеге қол жеткізген ізденушілердің ауқымы 9,2%-дан 31,6%-ға 
ұлғайды.    
 
 
 
3.2-сурет. PhD докторларының салалық құрылымы 
 
Белгіленген  мерзім  аралығында  ғылым  докторларының  саны  орта 
есеппен  алғанда  –  қоғамдық  ғылымдар  саласы  бойынша  2,4  есеге,  ал 
техникалық ғылымдар және технология саласы бойынша 1,8 есеге артқан. Ал 
жаратылыстану және нақты ғылымдар бойынша көрсеткіш төмен. 
Салалық  құрылымдар  бойынша  PhD  докторларының  дайындау  ісін 
жетілдіруді  арнайы  классификатор  дайындайды.  Дегенмен  ғылымның  әр 
саласы  бойынша  мамандану  ісіндегі  арақатынасты  классификатор  тиісті 
деңгейде реттей алған жоқ.  
PhD  докторлар  дайындаудағы  арасалмақты  реттейтін  классификатор 
қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар  мен  техникалық  ғылымдар  арасындағы 


26 
 
ара салмақты 34 және 37 пайыз деңгейінде ұстап тұрады деп болжанған еді. 
Бірақ  көріп  тұрғанымыздай  қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар  64%-ға 
артып,  техникалық  ғылымдарды  үлесі  19,8%  деңгейінде  қалып  қойған. 
Мәселенің  түбіне  тереңірек  талдау  жасағанда  салалық  және  пәнаралық 
құрылымдар  бойынша  ізденушілер  PhD  доктор  атағына  2013  жылы  қол 
жеткізгенін байқаймыз. Мұны 3.3-суретінен көруге болады. 
 
01 – білім  
02 – гуманитарлық ғылым 
03 – құқық 
04 – сурет 
05  –  әлеуметтік  ғылым,  экономика 
және бизнес 
06 – жаратылыстану ғылымдары 
07 
–  техникалық  ғылым  және 
технология 
08 – ауылшаруашылық ғылым 
09 – қызмет көрсету 
11 
–  денсаулық  сақтау  және 
әлеуметтік қамсыз ету (медицина) 
12 – ветеринария 
 
3.3-сурет. 2013 жылдары диссертациялық жұмыстарды қорғаған  
ғылыми мамандардың % үлесінің топтық жіктелуі 
 
ЖОО-лар  арасында  қорғалған  диссертацияларды  мемлекеттік  тіркеуден 
көптеп  өткізуде  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  көш  бастап,  69  ізденушісі 
ғылыми  жұмыстарын  сәтті  тапсырған.  Ал  Е.А. Бөкетов  атындағы  ҚарМУ 
мемлекеттік тіркеуге аз ғылыми жұмыс өткізген.  
Сол  сияқты  осы  кезеңдерді  ғылыми  жұмыстарды  сарапқа  салатын 
диссертациялық кеңестердің ауқымы да кеңейе түскен. Айталық, 2011 жылы 
еліміздегі  6  оқу  орындары  жанында  16 диссертациялық кеңес  жұмыс  істесе, 
2012  жылы  11  ЖОО-да  диссертациялық  кеңестердің  саны  24-ке  жетті.  Ал 
2013 жыл 12 ЖОО-ның аумағында 33 диссертациялық кеңес жұмыс істеген. 
2013  жылы  еліміздегі  жетекші  оқу  орыны  болып  саналатын  әл-Фараби 
атындағы  ҚазҰУ-да  диссертациялық  кеңестердің  саны  еліміз  бойынша 
анағұрлым  көп  болған.  Еліміздегі  28  оқу  орны  125  мамандық  бойынша 
ғылым докторлары дайындалған (2012 жылы 91 мамандық бойынша 24 ЖОО 
докторлар  дайындады).  Білікті  ғылыми  кадрлар  дайындауда  тағы  да  ҚазҰУ 
(29 мамандықтар бойынша) топ бастаған.  Бұдан басқа елімізде 10-нан 14-ке 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау