ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
Академиялық мәселелер
және жаңа технологиялар
жөніндегі проректор
э.ғ.к., профессор Бугубаева Р.О.
______________________
«___»______________2018 ж.
МОДУЛДІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
СИЛЛАБУС
БАКАЛАВРИАТ
Пән: ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлік)
Мамандық: 5В030100 – Құқықтану
Кафедра: Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасы
Барлығы 3 несие (5 ECTS)
Дәрістер – 30 сағат
Семинар сабақтары – 15сағат
ТӨЖ – 75 сағат
ОТӨЖ – 15 сағат
ҚАРАҒАНДЫ-2018
2
Силлабусты әзірлеген з.ғ.к., доцент Байкенжина Кулбагила Алиакпаровна
«Жалпықұқықтық және арнайы пәндер» кафедрасының ОӘО отырысында қаралды
№ 11 хаттама «_07_»____06_____2018 ж.
Кафедра меңгерушісі
PhD докторы Ау Т.И.
Оқытушы туралы мәлімет:
Байкенжина Кулбағила Алиакпаровна, жалпықұқықтық және арнайы пәндер
кафедрасының доценті, з.ғ.к.
1.«ҚР қылмыстық процестік құқығы» оқулық. МОН РК. Алматы. Баспа-2017ж
2. «ҚР қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)» оқу құралы. ҚҚЭУ.2015ж
3. «ҚР қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)» оқу құралы. ҚҚЭУ.2015ж
4. «ҚР қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)» есептер жинағы. ҚҚЭУ.2017ж
5. «ҚР қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)» есептер жинағы. ҚҚЭУ.2015ж
6. «ҚР прокурорлық қадағалау» оқу құралы. ҚҚЭУ.2016ж
7. «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралау мәселелері» оқу құралы.
ҚҚЭУ.2018ж
8.«Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға жаза тағайындау ерекшеліктері»
оқу құралы. ҚҚЭУ.2018ж
9. ҚР кеден құқығы » оқу құралы. ҚҚЭУ.2018ж
10. ҚР ақпараттық құқығы » оқу құралы. ҚҚЭУ.2018ж
11. ҚР кеден құқығы » оқу құралы. ҚҚЭУ.2018ж
12.«Кеден ісі саласындағы қылмыстарды саралау негіздері» ҚҚЭУ.2018ж
Оқитын курстары: «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)»,
«Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)», «Қазақстан
Республикасындағы прокурорлық қадағалау», «Экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстарды саралау мәселелері», «ҚР Ақпараттық құқығы».«Қылмыстық процестік
құқығы».
Офис: жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасы, аудитория № 209.
Толық мекен жайы: Академиялық көшесі, 9
Тел.: 44-16-34 (ішкі -188)
3
3 үлгі
Пән сипаттамасы
Қоғам дамуының қазіргі үрдісіне сәйкес қылмыстылықтың алдын алу және әлеуметтік
әділеттілікті орнатуда басты орын алатын болашақ заңгерлер үшін қылмыстық құқықтың
алатын орны ерекше.
Пәнді оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының жалпы
бөлігі бойынша терең теориялық білім алуы және осы негізде олардың сот пен құқық қорғау
органдарына жүктелген міндеттерді табысты атқаруына қажет болатын дағдылар мен
қабілеттіліктерді иемденуі болып табылады.
Пәнді зерделеу міндеттері: қылмыстық құқық ғылымының принциптері,
категориялары мен ережелері туралы жүйелендірілген теориялық білім алу; қолданыстағы
қылмыстық заңнамада бағыт-бағдар таба білу; қылмыстық заң нормасын қолдану және
талқылау қабілеттіліктерін дамыту; қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдың және адам
құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қылмыстық құқықтық
қорғаудың тиімді құралы ретінде қылмыстық заңға деген құрметпен қарауды қалыптастыру
Пәнді оқытудың нәтижелері:
А.Қылмыстық құқықтың негізгі түсініктемелерін ұғыну, қылмыс түрлерін, қылмыс
санаттарын негізге ала отырып, қылмыс түрлеріне тағайындалатын жаза түрлерін және
мөлшерлерін, жаза тағайындауда есепке алынатын мән-жайларды оқып білу;
Б. Қылмыстық құқық пәнін оқу барысында алған білімдерін тәжірибеде, құқық қорғау
органының кез келген саласында қолдана білуге дағдылану;
В.Пәннің алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру барысында
ақпараттық-талдау,
талдау-синтетикалық және логикалық қызметтер әдістерін қолдану; алған білімдерін бір
жүйеге келтіріп пайдалана білу; алған білім негізінде түрлі ситуациялық жағдайларға
талдаулар жасай білуді үйрену;
Г.Студенттердің білім деңгейлерін есепке ала отырып, оларды әртүрлі нысандағы
тапсырмалардың шешуін табуға дағдыландыру, қабылданған шешім бойынша хабарламалар
жасауға үйрету.
Д. Ситуациялық жағдайлардың шешімін табуда қылмыстық заң нормаларын қолдану
білуді үйрету және түрлі есептердің шешімін заң нормалары арқылы табуға жаттықтыру.
Пререквизиттері: «ҚР Конституциялық құқығы», «Мемлекет және құқық теориясы».
Постреквизиттері: «Криминология», «ҚР Қылмыстық процестік құқығы», «ҚР
қылмыстық құқығы (ерекше бөлік)»
Пәннің әдіснамасы:
:: пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер қылмыс және құқық
бұзушылықтың түсінігі, бір-бірінен айырмашылығы, қылмыс субектісі, қылмыс жасау
сатылары, қылмысқа қатысушылар, жаза және жаза тағайындаудың мақсаттары
қылмыстардың көптігі, қылмыс жасашылардың түрлері, қылмыс санаттары, қылмыс жасау
сатылары, қылмыс құрамының белгілері туралы оқып үйренеді, сондай-ақ тәжірибелік
сабақтар кезінде ситуациялық есептер шығара отырып, қылмыстық әрекетке талдау жасауға
дағдыланады.