Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет75/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   100

233
бабында көзделген талаптар қойылады. 
2.  Патронат  тəрбиешілерді  іріктеуді  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган-
дар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау 
саласындағы  уəкілетті  орган  бекіткен  патронат  тəрбиешілерге 
қойылатын талаптар туралы қағидаларға сəйкес жүргізеді. 
136-бап. Патронат белгіленетін бала 
1.  Баланы  патронаттық  тəрбиелеуге  беру  туралы  шарт  бой-
ынша беру үшін оны алдын ала таңдауды қорғаншылық немесе 
қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  ор-
ганмен жəне баланы күтіп-бағатын ұйым əкімшілігінің келісімі 
бойынша баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар 
жүзеге асырады. 
Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді ажыратуға, бұл балалардың 
мүдделеріне сай келетін жəне балалар өздерінің туыстығы туралы 
білмеген, бірге тұрмаған жəне бірге тəрбиеленбеген жағдайларды 
қоспағанда, жол берілмейді.  
2. Баланы патронат тəрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле 
отырып,  жүзеге  асырылады.  Он  жасқа  толған  бала  оның 
келісімімен ғана берілуі мүмкін. 
 3. Патронат  тəрбиешілерге  берілген  бала  өзіне  тиесілі  али-
ментке,  жинақтаушы  зейнетақы  қорларынан  төленетін  ата-
аналарының  зейнетақы  төлемдеріне,  жəрдемақыға  жəне  басқа 
да əлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға 
меншік  құқығын  немесе  тұрғын  үй-жайды  пайдалану  құқығын 
сақтайды. Патронат тəрбиешілерге берілген баланың тұрғын үй-
жайы  болмаған  кезде  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй 
заңнамасына сəйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар. 
Тəрбиеленушіге  тиесілі  ақшалай  қаражатты  жəне  басқа  да 
мүлікті  сақтау  баланы  патронаттық  тəрбиелеуге  беру  туралы 
шарттың қолданылу уақытына патронат тəрбиешіге жүктеледі. 
Патронат  тəрбиешілерге  берілген  бала  осы  Кодекстің 60-62 
жəне 67-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.
 137-бап. Патронат тəрбиешілерге берілген баланы күтіп-
бағу                
1. Патронат тəрбиешілерге берілген əрбір баланы күтіп-бағуға 
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен жəне 


234
мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.
2.  Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функция-
ларды  жүзеге  асыратын  орган  патронат  тəрбиешілерге  қажетті 
көмек  көрсетуге,  баланың  өмірі  мен  тəрбиесіне  қалыпты 
жағдай  жасауға  жəрдемдесуге  міндетті,  сондай-ақ  патронат 
тəрбиешілерге  жүктелген  баланы  күтіп-бағу,  тəрбиелеу  жəне 
білім  беру  жөніндегі  міндеттердің  орындалуын  бақылауды 
жүзеге асыруға міндетті.
5-БӨЛІМ. ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ 
АЛИМЕНТТІК  ҚАТЫНАСТАРЫ
19-тарау. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ 
АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ 
138-бап.  Ата-аналардың  кəмелетке  толмаған  балаларды 
күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
 1. Ата-аналар өздерінің кəмелетке толмаған балаларын күтіп-
бағуға  міндетті.  Кəмелетке  толмаған  балаларды  күтіп-бағудың 
тəртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды. 
Ата-аналар өздерінің кəмелетке толмаған балаларын, сондай-
ақ жалпы орта, техникалық жəне кəсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi 
бiлiм  беру  жүйесінде,  күндізгі  оқу  нысаны  бойынша  жоғары 
бiлiм беру жүйесiнде оқитын кəмелетке толған балаларын күтіп-
бағу  туралы  келісім  (алимент  төлеу  туралы  келісім)  жасасуға 
құқылы.
2. Егер ата-аналар өздерінің кəмелетке толмаған балаларына,     
сондай-ақ жалпы орта, техникалық жəне кəсiптiк, орта бiлiмнен 
кейiнгi  бiлiм  беру  жүйесінде,  күндізгі  оқу  нысаны  бойынша 
жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі  
кəмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде 
бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тəртібімен өндіріп 
алынады. 
3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмаған кез-
де, кəмелетке толмаған балаларға күтіп-бағу қаражаты берілмеген 
кезде жəне сотқа талап-арыз берілмеген кезде қорғаншылық не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
орган  кəмелетке  толмаған  балаларға  олардың  ата-аналарынан 


235
алимент өндіріп алу туралы талап-арыз беруге құқылы. 
139-бап. Кəмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот 
тəртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
 1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кəмелетке 
толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын 
мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының жəне (не-
месе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен 
бір бөлігін; үш жəне одан да көп балаға тең жартысын өндіріп 
алады. 
2.  Бұл  үлестердің  мөлшерін  сот  тараптардың  материалдық 
немесе отбасылық жағдайларын жəне назар аударарлық өзге де 
мəн-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. 
 140-бап. Кəмелетке толмаған балаларға алимент ұстала-
тын жалақының жəне (немесе) өзге де кірістің түрлері
Ата-аналардың  алатын  жəне  алимент  ұсталатын  жалақысы 
жəне  (немесе)  өзге  де  кірісі  түрлерінің  тізбесін  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді. 
141-бап.  Тұрақты  ақша  сомасында  балаларға  алимент 
өндіріп алу 
1.  Ата-аналардың  кəмелетке  толмаған  балаларына  алимент 
төлеу туралы келісімі болмаған кезде жəне ата-ананың табысына 
жəне (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп 
алу  мүмкін  болмаған,  қиындық  тудырған  немесе  тараптардың 
бірінің  мүдделерін  елеулі  түрде  бұзатын  жағдайларда,  сот 
тұрақты  ақша  сомасында  немесе  бір  мезгілде  үлеспен    жəне 
тұрақты  ақша  сомасында  ай  сайын  өндіріп  алынатын  алимент 
мөлшерін айқындауға құқылы.
Мұндай  жағдайларға  тұрақты  емес,  өзгермелі  табысы  жəне 
(немесе)  өзге  де  кірісі  бар  не,  егер  ата-ана  табысын  жəне  (не-
месе)  өзге  де  кірісін  толығымен  немесе  ішінара  заттай  алатын 
ата-аналардан алимент өндіріп алу жатады.  
2.  Күндізгі  оқу  нысаны  бойынша  жоғары  білім  беру 
жүйесінде оқитын балаларға күтіп-бағу қаражатын өндіріп алу 
алимент  төлеу  туралы  келісім  болмаған  кезде  ақша  сомасында 
жүргізіледі. 
3.  Тұрақты  ақша  сомасының  мөлшерін  сот  тараптардың 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау