Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет27/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   100

86
сенім телефондарын ұйымдастыру жəне ғаламторда арнайы ха-
барландырулар орналастыру; 
-  кəсіби  дəрігерлермен  жəне  психологтармен  біріге  отырып, 
консультациялар мен тренингтер өткізу;
- қауіп тобындағы кəмелетке толмағандарды қоғамға пайдалы 
көпшілік істеріне араластыру, сондай-ақ оларды əлеуметтік ізгі 
шараларға қатыстыру, өзге де студент жастармен жақындастыра 
отырып,  олардың  өзара  қарым-қатынас  жасауларына,  жастар 
ұйымдарының ісіне белсене қатысуларына жағдай жасау (қалалар 
мен елді-мекендердің жасыл желекке бөленуіне, тарихи орындар 
мен ескерткіштердің қайта қалпына келтірілуіне, қоршаған отаны 
қорғау жұмыстарына қатысу, жеке басты қарттардың тұрмыстық 
жағдайына көмектесу жəне т.б.);
- психологтармен біріге отырып, қауіп тобындағы кəмелетке 
толмағандардың  тиісті  білім  алуы,  кəсіптік  тұрғыдан  өзін-өзі 
бағыттауы мен осы жолда өзін ұстай білуі үшін қажетті шаралар 
қабылдауына іс жүзінде жəне рухани тұрғыдан демеу болу; оқу 
барысы  мен  жұмысқа  орналасулары  үшін  тиісті  көмек  көрсету 
мен жұмыс барысына бейімделіп кетуі үшін демеу жасау;
- қауіп тобындағы кəмелетке толмағандардың қалыпты дамуы 
үшін оларды үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатыстыру, 
түрлі  бағыттағы  үйірмелер,  клубтар,  студиялар,  спорт  секция-
ларын,  түрлі  деңгейдегі  спорттық  жарыстар,  шығармашылық 
байқаулар,  саяхаттар  мен  серуендер  ұйымдастыру,  демалыс 
күндері мен мерекелік күндерін тиімді өткізу;
- жазғы демалысты пайдалы өткізу; кəмелетке толмағандардың 
өзге  де  балалармен  қоян-қолтық  араласуы  жəне  қоғамдық 
жұмыстарға  белсене  қатысулары  үшін  жаз  мезгілдерінде  түрлі 
лагерлерге  аттандыру  жəне  осы  жерде  олармен  тығыз  қарым-
қатынас орнату, олардың өмірге деген құштарлығын ояту; тəрбиесі 
қиын  балаларды  студенттерден  құрылған  құрылыс  отрядта-
рына  жəне  тəрбилік  маңызы  жоғары  студенттік  педагогикалық 
отрядтарға қатыстыру;
Профилактикалық  жұмыстар  шеңберінде  қауіп  тобындағы 
балалар  өмір  сүріп  жатқан  жердегі  қалыптасқан  əлеуметтік 
жағдай  мен  қоршаған  ортаны  жете  зерттеу  аса  қажетті  іс. 
Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  қадағалаусыздыққа  қарсы 
профиликатикалық  жұмыстар  жүргізу  бұл  түйіткілдің  негізгі 
себептерін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Мінез-құлқында 


87
ауытқушылығы  бар  немесе  тəрбиесі  қиын  жасөспірімдер 
өмір  сүріп  жатқан  үйді,  мектепті  жəне  əлеуметтік  ортаны 
социологиялық  жəне  өзге  де  бағыттарда  тыңғылықты  зерттеу 
осынау əлеуметтік дерттің шығу көздері мен негізгі себептерін 
анықтап береді.
Ата-ананың  балаларына  қатыгездік  көрсетуі,  зерттеу 
нəтижелері  көрсеткеніндей,  жағымсыз  салдарға  алып  келеді. 
Өйткені, балаға жақын адамдарының қастаңдық жасауы немесе 
қатыгездікпен қарауы кері əсер етеді. Жанжалдар, ұрыс-керістер 
мен  ұрып-соғу  жəйттері  балаға  психологиялық  тұрғыдан  зиян 
келтіріп, оның жеккөрушілік сезімінің өсуіне алып келеді. Тіпті 
ата-аналардың  балаларын  дене  тұрғысынан  қинауы  баланың 
қорқыныш пен үрей арасында өмір сүруіне мəжбүр етеді. Мұндай 
балалар  əдетте  сабақ  оқымайды,  өз  қатарлы  балалармен  дұрыс 
қарым-қатынас  жасамайды,  айналасындағы  ортада  жағымсыз 
қылықтарымен көзге түседі. Осылайша заңға қарсы əрекеттерге 
барып отырады.
Кəмелетке 
толмағандардың 
мінез-құлықтарындағы 
ауытқушылықтың  болуына  алып  келетін,  олардың  қоғаммен 
қарым-қатынасына  кері  ықпал  ететін  жəйттердің  тағы  бірі – 
балалардың  отбасында  зорлық-зомбылық  көріп,  қиындыққа 
ұшырауы.  Осы  факторлар  қоғамдағы  қадағалаусыз  балалардың 
санын арттырып отырғаны жасырын емес.
Қауіп  тобындағы  балалардың  мінез-құлықтарына  бақылау 
жүргізу, оларды тиісті органдарға тапсырып, балаларға кері ықпал 
ететін  факторларды  талқылап,  кəмелетке  толмағандардың  ішкі 
əлеміне үңілудің пайдасы зор. Бұл мақсатта қажетті ақпарларға 
қол жеткізу үшін арнайы əдістемелер қолданған абзал. Отбасын-
да қандай жағдайдың орын алып жатқаны жайлы мəліметтермен 
қанығып  отыру,  баланың  мектептегі,  араласатын  ортасын-
да  қандай  жағдайлар  орын  алатынын  қадағалау,  баланың  ішкі 
сезімдерін  зерттеп  отыру  түйіткілді  мəселелердің  пайда  болуы 
мен оның одан əрі даму барысы жайлы айқын мəліметтер береді. 
Осының  арқасында  қоғамда  орын  алып  жатқан  қадағалаусыз 
балалардың көбею үрдісін алдын алуға болады.


88
6.4.  Қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалған  балаларды 
анықтау
Қадағалаусыз жəне панасыз қалған балаларды анықтау бала-
лар құқықтарын қорғау, білім беру, ішкі істер органдары мен өзге 
де  мүдделі  ұйымдардың  өкілдері  рейд  жүргізу  арқылы  жүзеге 
асырады. 
Рейдтің мақсаты:
-  кəмелетке  толмағандар  арасындағы  қадағалаусыздық, 
панасыздық  пен  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  бойынша 
профилактикалық жұмыстар;
- оқуға бармайтын балаларды дер кезінде анықтап, олардың 
мектепка баруына ықпал ету жұмыстары;
- өмірде қиын жағдайға тап болған балалар мен жасөспірімдерге 
қажетті көмек көрсету;
-  темекі  шегетін,  ішімдік  жəне  есірткі  заттарын  пайдалана-
тын кəмелетке толмағандарды анықтап, оларға заманауи əдістер 
арқылы  психологиялық,  медициналық  жəне  педагогикалық 
көмек көрсету.
Рейд жұмыстарының міндеттері:
- балаларының білім алуына жəне тəрбиеленуіне тиісті жағдай 
жасамаған  ата-аналарға  немесе  ата-аналар  міндетін  атқарушы 
заңды тұлғаларға қоғамның назарын аудару; 
-  мінез-құлқында  ауытқушылық  бар  жасөспірімдер  тұратын 
жайсыз отбасылардың проблемаларын шешу мақсатында мүдделі 
органдар  мен  мемлекеттік  мекемелермен  бірлескен  жұмыстар 
атқару.
Рейд  жұмыстары  балалар  құқықтарын  қорғау,  білім  беру, 
ішкі  істер  органдарымен  жəне  өзге  де  мүдделі  органдармен, 
бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, əр тоқсан сайын (бір 
ай бойы) барлық елді-мекендерде жүргізіледі.
Балалар құқықтарын қорғау, білім беру, ішкі істер органдары-
мен жəне өзге де мүдделі органдармен бірлесе отырып, аймақтық 
деңгейде ұйымдастыру комитеті құрылады.
Рейд  жұмыстары  құқық  бұзушылықтар  мен  қылмыстар 
көбірек  орын  алатын  базарларда,  ойын-сауық  орталықтарында, 
машина жуу орталықтарында жүргізіледі. 
Рейдке қатысушылар:
- балалар құқықтарын қорғау, білім беру, ішкі істер органдары 
жəне ата-аналар.


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау