«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет4/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88

                             Ойланбаған отыздан сақта құдай!
Жарасқан осылай өзінің өлің жолына, өмір жолына, әрдайым үңіліп, өзіне-өзі есеп беріп, асықпай
әр ісіне сабырмен қарай білген ойлы ақын.
Бұл өлеңі “Соғыстан соң туғандар” (1977) жинағына енген.
1988   жылы   “Сана   соқпағы”   атты   өлеңдер   жинағы   үшін   Қазақстан   жазушылар   одағының
М.Жұмабаев атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты атанды.
           “Миниатюралар” (1970 “Жалын”) 
       Біз солдатпыз-
       Мылтығы жоқ, көзі бар
       Біз солдатпыз-
       Бомбасы жоқ, сөзі бар- деп, жалынды жастық шабытпен жырласа,   жиырмадан жаңа ғана асқан
Жарасқан:
             “Жиырма жас жыры” өлеңінде 
        Өкіндіріп, жылатып, еңіретіп,
        Өмір өтіп барады, өмір өтіп.
        Өлшеулі күн,
        Санаулы ай,
        Жүрер жолдың 
        Азы қалған сияқты, көбі кетіп, - деп өткен өмірге өкініп, келер күнге асығады.
        Мәңгі бақи солмайтын өлең гүлін,
        Көп күттірді қуанып терер күнім.
        Жоқ болмайды!
        Жетеді,
        Бұл өмірге,
            Қайта туам, қайтадан келем бүгін, - деп ақын алдымен шабыттың ақын ауылынан алыстау
жүргеніне   көңілі   толмай   ашуланса,   енді   бірде   бәрін   қойып,   жаңа   жырлар   жазуға   өмірге   қайта
келетінін айтып, алдағы өмірге үлкен үмітпен қарайды.
Аралын әрдайым жырына қосып отыруы Жарасқан ақынның “Отан от басынан басталады” –
дегендей отансүйгіш жүрегінің лүпілі іспетті.
“Қара жол” өлеңінде ақын:
        Ауылда арманшыл бір бала болды,
        Ол кейін алыс кетті 
        Қала көрді,
        Сол бала сағынады кей уақытта,
        Шаңдағы бұрқылдаған қара жолды.
Бұл жолдардан елден ерте шығып кеткен адамның кіндік қаны тамған жерге деген сағыныш сезім
ескендей әсер аласың.
“Сана соқпағы” жинағына енген “Туған ауыл түтіні” өлеңінде ақын “үйлердің моржасынан
шыққан түтін түзулігн “тілейді, өйткені 
          Кең далада көзін ашқан мен үшін,-
          Сол түтіннен басталады ұлы Отан!-дейді.
Ауылым десе есіне Аралы түсер ақынның  “Мен туған ауыл” өлеңінде
           Сабырлы Сырдың аяғы,
           Аралға құяр тұстағы...
           Төсінде құстар шарқ ұрып,
           Тарқамаушы еді базары...,
           Тамыры жатса тартылып,
                     Тайғанда шығар ажары,- деп лирикалық кейіпкер Аралдың мүшкіл халіне күйзеліп үн
қосады. Бұл өлеңдерден ақынның   өз “Менін” анық байқағандаймыз. Сондай-ақ ақын ауылын тек
сағынып қана қоймайды, кейбір жақтарына улы тілдерін түйреп, мысқылдап та қояды.
   Бір ауылда өлеңінде:
Ауыл!
Ауыл!
Ауыл! Шіркін аяулы, аяулы, ә!... – деп басталған өлеңінің мына жолдары:
Сақалы жоқ шалдан әзер құтылдым
-
Газ жағады, деді, бәрі бүгінде!
-
Саны қанша? – деп едім мен түтіннің?


Шалдың «түтіннің» деген сөзге түсінбегенінің астарында қаншама сыр жатыр десеңізші? Міне,
ақын бір шумақ өлеңімен-ақ заман, адам, қоғам жайындағы үлкен мәселені шебер жеткізе білген.
1975-1981   жылдары   Әбдіраштың   Жарасқаны   КСРО   жазушылары   одағы   жанындағы   кеңсенің
мүшесі ретінде жылына екі рет шақырылатын мәжілістерге қатысып, қазақ поэзиясы, сыны туралы
баяндамалар,   хабарламалар   жасап   отырады.   Осы   жылдары   жас   ақындардың   Бүкілодақтық
фестивальдарына   (Ташкент-1975;   Душанбе   -1976;   Ереван   -1979   жылдары),   жас   жазушылардың
Бүкілодақтық кеңесіне (Мәскеу-1979) қатысып, одақтық көлемде танылды.
Әбдіраштың   Жарасқаны   –қазақ   әдебиетіне   эпиграмма   жанрын   жан-жақты   дамытып,   түбегейлі
орнықтырушы   ақын   десек   артық   айтқандық   емес.   Оның   қазақ   ақын-жазушыларының
шығармашылық,   азаматтық,   пенделік   «Минипортреттері»   іспетті   қысқа   да   нұсқа   эпиграммалары
«Жұлдыз»,   «Қазақ   әдебиеті»   газетінде   үзбей   жарияланды,   ал   1985-1989   жылдары   өз   еркімен
шығармашылық жұмысқа кетуге мәжбүр болды.
Ал, эпиграммалар жинағы 1989 жылы «Әзілің жарасса» деген атпен жарыққа шығып, қолдан-қолға
тимей, тез тарап кетті. Жарасқанның өз сөзімен айтсақ: 
«...   эпиграммаларда   сенің   біреуге   деген   ықыласың   дұрыс   танылмай   қалуы   мүмкін,   сондықтан
өзммен замандас ақын – жазушы қайраткерлердің тек қана жақсы қасиеттері айтылатын «Аманат»
деген одалар кітабын шығару шығару ойымда бар.»- дейді.
 Кітап іштей бес бөлімнен тұрады. Бесінші бөлімі «Құлын-тайдай тебіскен» деп аталады.
               Серікбаев Байбота-
               Қашанкөрсең жай бота.
               Жампоз шығар деп едік,
               Бұл ботамыз қай бота? – деп, усыз достық әзіл айтады.
Кезінде Жарасқанның өзіне де эпиграмма жазғандар болды. Мысалы, Кеңшілік ақын:
Даланың арманы дейсің,
Даланың гүлімін дейсің.
Дала – жүрегім,
Дала – жұлыным дейсің.
Далаға қонбайсың,
Мәскеуге барасың.
Далаға бармайсың,
Тәшкенге барасың,
Қаладан ұшып, қалаға қонасың,
Өзің не қылған баласың? - дейді.
1989 -1990 жылдары  – аудармашы Қазақстан  жазушылар одағы жанындағы әдеби байланыстар
және   көркем   аударма   бас   редакциясының   бөлім   меңгерушісі,   бас   редакция   алқасы   төрағасының
орынбасары қызметін атқарып, шығармашылыққа ауысқанға дейінгі алты-жеті жыл бойы «Тамаша»
ойын-сауық отауының бас редакторы болды.
Әдебиетіміздің   әр   қилы   жанрларында   отыз   жылдан   аса   жемісті   еңбек   еткен   Әбдіраштың
Жарасқаны   нақтылап   айтсақ,   «Тұңғыш   кітап»   (1969)   «Найзағайлы   жаз»   (1971),   «Дала   сенің
ұлыңмын» (1975), «Соғыстан соң туғандар» (1977), «Перзент парызы» (1980), «Летние грозы» (орыс
тілінде, аударған Ф. Казакова 1985 ж), лирикалық өлең кітаптары «Парасат пен парыз» (1993) атты
әдеби-сын мақалалар жинағының, балаларға арналған «Ол не ?» (1969 ж, орыс тілінде-1975), «Ақ
қайран» (1970), «Саяхат» (1972), «Школьный звонок» (орыс тілінде, аударған Г.Кругляков 1988)ь атты
туындылардың   авторы.   1993   жылы   «Соғыстан   соң   туғандар»   атты   бір   томдық   таңдамалысында
жарық   көрген   көптеген   өлеңдері   «Әліппе»,   «Ана   тілі»,   «Қазақ   тілі»   т.б   оқулықтарға,   әдістемелік
нұсқауларға еніп,  хрестоматиялық сипат алды. 
«Өзінің тұлғаластарымен салыстырғанда, Жарасқанның талант ретінде, үлкен ақын ретінде айырып
айтар   және   бір   артықшылығы,   өзгешелігі   бар.   Жарасқан-   ақындығы   өз   алдына,   -тамаша   сыншы,
ғажайып аудармашы»,- дейді Қ.Мұхамеджанов. Аударма саласында Әбдіраштың Жарасқаны үндінің
ұлы ақыны Р.Тогордың (1969), француздың ұлы ақыны Т.Элюардың (1972), белорустың ұлы ақыны
Я.Купаланың   (1982),   Палестинаның   көрнекті   ақыны     М.Бейсудың   (1981)   таңдамалы   өлеңдер
жинағын, әйгілі балалар ақындары  К.Чуковскийдің «Дәрігер Айболит», Б.Бартоның «ойыншықтар»,
«Өсіп   келем»   сияқты   үздік   туындыларын   аударған.А.С.Пушкиннің,   А.Блоктың,   Г.Гейненің
таңдамалы   өлең   кітаптарын   аударуға   атсалысқан,   қазіргі   орыс   поэзиясының   көрнекті   өкілдері
Б.Окуджава, Е.Евтушенко, Р.Рождественский сынды ақындар шығармаларын аударған.            
Ақынның өлеңдері неміс, венгер, орыс, украин, өзбек, белорус, тәжік, әзербайжан, түркімен, саха
тілдеріне аударылған. «Еуропа» баспасынан шыққан КСРО ақындар антологиясына Қазақстаннан он


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау