Баспасөз мәлімдемесі Астананың салық қызметкерлері дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда бюджетке 62 млрд теңгеге артық кіріс әкелді



жүктеу 277,67 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.01.2020
өлшемі277,67 Kb.
#26860


Баспасөз мәлімдемесі  

Астананың салық қызметкерлері дағдарысқа дейінгі кезеңмен 

салыстырғанда бюджетке 62 млрд теңгеге артық кіріс әкелді 

 

 

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2015 жылы 



мемлекеттік  бюджетке  жалпы  сомасы  768,9  млрд.теңге  көлемінде  кіріс 

түсірді. Кірістер өсімі 62,0 млрд.теңгені құрады, салық түсімдеріне қарыздар 

0,9%  деңгейіне  дейін  азайтылды.  Бұл  туралы  Астана  қаласы  бойынша 

мемлекеттік  кірістер  Департаментінің  басшысы  Ә.Сқақов  2015  жылдың 

қорытындылары  мен  2016  жылға  құрылған  жоспарларға  арналған 

кеңейтілген жиын барысында айтты.  

Кеңейтілген отырысқа Астана қаласының әкімі Ә.Р.Жақсыбеков, ҚР ҚМ 

мемлекеттік кірістер Комитетінің төрағасы Д.Е.Ерғожин қатысты. 

Ә.Сқақовтың  айтуынша,  экономикалық  дағдарысқа  қарамастан, 

Департаменттің  мұндай  жақсы  көрсеткіштер  көрсетуіне  бірнеше  себеп  бар. 

Ол: кіріс жинау туралы кешенді жоспардың жүзеге асуы, қазына қаржысын 

бақылаудың  бірыңғайлануы,  жаңа  құрылған  экономикалық  тергеулер 

қызметімен  тығыз  байланыс,  жалған  кәсіпкерлікке  қарсы  күрес, 

импорттаушыларды өтпелі бақылаудан өткізу жұмыстары. 

   «Жүйелі  жұмыс  нәтижесінде  бюджетке  қосымша  169  млрд.  теңге 

жұмылдырылды.  Салықтық  тексерулерді  38  %-ға  азайттық,  алайда 

борыштарды өндіріп алуды 13 есеге көбейттік. Жыл қорытындысы бойынша 

салық  төлемей  жүрген  борышкерлерден  20,3  млрд.теңге  өндіріп  алынды. 

Камералды  бақылау  6000  субъектіге  кем  қамтылды,  дегенмен  нәтижесі  екі 

есеге  өсті.  Қатаң  бақылауғ  заң  бұзушылар  алынды,  ал  адал  кәсіп  жүргізіп 

отырған  салық  төлеушілердің  ісіне  кедергі  келтірмеу  принципі  бойынша 

жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп бөлісті Ә.Сқақов. 

  «Астана  –  жалған  кәсіпорынсыз  қала»  атты  Жоспардың  жүзеге 

асырылуы  нәтижесінде  қолма-қол  ақша  айналдыру  17%-ға  қысқарды, 

қаладағы жалған кәсіпорындар 60%-ға азайды. 

Сонымен қатар Департамент басшысының сөзіне қарағанда, Астаналық 

кіріс  органы  жұмысының  басты  нәтижесі  –  кедендік  және  салықтық 

әкімшілендірудің  бірыңғай  орталығының  құрылуында.  Осының  арқасында 

бюджетке түскен түсім көлемі экономиканың даму қарқынынан да арта түсіп, 

мемлекеттік қызмет сапасы да жақсарған. 

«Біз  салық  төлеушілерге  қызмет  көрсету  уақытын  10  минутқа 

қысқартып,  электронды  қызмет  түрін  80,5  %-ға  дейін  көбейттік»,  –  дейді 

Ә.Сқақов.   



Сөз  соңында  қалалық  Департаменттің  басшысы  осы  жылға  арналған 

жұмыс жоспарларымен танстырып, аталған қызметтің жаңа бастамаларды да 

іске асыратынына сендірді.  

ҚР  ҚМ  Мемлекеттік  кірістер  комитетінің  төрағасы  Дәулет  Ерғожин 

Астана  қаласы  мемлекеттік  кірістер  Департаменті  басшысының  есебін 

тыңдап,  оң  баға  берді.  Оның  айтуынша,  көптеген  жаңа  жобалар  алдымен 

Астанада жүзеге асырылып, кейін өзге аймақтарға тарайды. Бұл салмақты іс, 

дегенмен  елордада  басталған  істі  жетілдіруге  мүмкіндік  көп.  Департамент 

бастамаларын қолдай отырып, Төраға профилактикалық жұмысқа мән берілу 

керектігін,  салық  және  кедендік  әкімшілендіруде  жаңа  технологияларды 

пайдалану керектігін алға тартты. 

 Мемлекетке  кіріс  жинаушылар  қызметінің  басым  бағыты  –  қолма-қол 

ақшасыз есеп айырысу үлесін арттыру арқылы көлеңкелі экономика көлемін 

қысқарту.  Бұл  бағытта  POS-терминалдар  мен  онлайн  бақылау  кассалық 

аппараттарын  қолдануды  бақылау  да  маңызды  орынға  шығып  отыр. 

Астананың  экономикалық  тергеулер  қызметі  экономикалық  қылмыстарды 

бастапқы  кезеңінде  анықтап,  жалған  кәсіпкерлікпен  және салықтан  жалтару 

әрекеттерімен күресті күшейту керек, – деп қорытындылады Д.Ерғожин.  

Жиын  соңында  Астана  қаласының  әкімі  Ә.Жақсыбеков  қаланың 

фискалды  органына  жұмыс  көрсеткіштері  үшін  алғысын  білдірді.  Қала 

әкімінің  айтуынша,  Астана  2015  жылдан  бастап  республикалық  бюджетке 

кіріс  түсіру  арқылы  бюджеттің  төртінші  донорына  айналды.  Жергілікті 

мемлекеттік  органдар,  оның  ішінде  мемлекеттік  кірістер  Департаментінің 

басты  міндеті  –  Елорданың  бизнес-климатын  жақсарту,  көлеңкелі 

экономикаға  қарсы  күрес,  дағдарысқа  қарсы  тиімді  шараларды  қолдану, 

инновациялық мәселелерде өзара әрекеттестік қалыптастыру.  

«Жергілікті  бюджетке  түскен  түсім  динамикасы  мемлекет  бойынша  ең 

жоғары көрсеткішке ие. Түсімнің 90%-ы салықан түскен түсімдер. Бұл біздің 

бірлескен  жұмысымыздың  нәтижесі.  Сондықтан  салық  әлеуетін  кеңінен 

қолдану керек»,– деді қала басшысы.  

Ә.Жақсыбеков  мемлекеттік  кірістер  Департаменті  қызметкерлерінің 

жаңа  бастамалары  әкімдік  тарапынан  қолдауға  ие  болатынын  айтып, 

ұжымның  Астана  қаласының  дамуына  қосқан  үлесі  үшін  алғысын  білдірді. 

Үздік  қызметкерлер  әкім  марапаттауына  ие  болды,  оның  ішінде  10 

қызметкерге пәтер кілттері табыс етілді. 

 

 



Астана қ. МКД баспасөз қызметі, тел: 77-31-95 

 

жүктеу 277,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау