Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет41/45
Дата16.01.2020
өлшемі1,66 Mb.
#26857
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

103 
 
Жоспарланған  құрылыс  салу  учаскелеріне  жылумен,  сумен,  газбен  және 
электрмен 
қамтудың 
инженерлік 
желілерін 
қамтитын 
инженерлік-
коммуникациялық  инфрақұрылымды,  телефонизация,  су  бұру  желілерін 
(канализация), инженерлік желілерді жеткізу; 
Құрылысты  индустрияландыру,  бұл  құрылыс  жұмыстарының  көлемін 
арттыруға  және  мерзімдерін  азайтуға,  озат  технологияларды  қолдану  негізінде 
өзіндік құнның төмендеуіне мүмкіндік береді. 
Өңірлер бағдарламасы шеңберінде мына бағыттар бойынша: жас отбасылар 
үшін  баспана,  жергілікті  атқарушы  органдардың  кезекшілері,  «Қазақстанның 
тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі»  АҚ  желісі  бойынша  халықтың  барлық 
санаттары үшін, апаттық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде, 
сондай-ақ  кәсіпорындардың  қарыз  және  жеке  қаражаты  есебінен  тұрғын  үй 
салынады. 
2016-2020  жылдары  қаржыландырудың  барлық  көздері  есебінен  8,0  млн. 
ш.м. тұрғын үйді пайдалануға енгізу жоспарланады, оның ішінде «Елорда даму» 
ЖШС апаттық үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде жалпы ауданы 
390 мың ш.м. 16 тұрғын үй кешендерін пайдалануға енгізу көзделеді. 
2017  жылдан  бастап  Нұрлы  жер  ұрғын  үй  құрылысының  бірыңғай 
бағдарламасын  іске  асыру  басталады.  Негізгі  мақсаты  азаматтарға  дайындалған 
инженерлік инфрақұрылымы бар  жер учаскелерін беру жолымен жеке тұрғын үй 
құрылысын  дамыту  болып  табылады.  Бұл  бағдарлама  бойынша  азаматтар 
қолжетімді баға бойынша тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін алады. 
Тұрғын  үй  қатынастары  саласында  қабылданған  шаралар  төмендегіге 
бағытталады: 
- ұсынылатын әлеуметтік тұрғын үйді жекешелендіру құқығын шектеу; 
- пәтер алу бойынша балама түрінде ақшалай өтемақы ұсыну (субсидиялар, 
тұрғын  үй  сертификаттары)  (санаты,  тұрғын  үйді  күту  мерзіміне  және  т.б. 
байланысты бөлумен); 
- әлеуметтік тұрғын үй алу үшін талаптарды қатаңдату (жеңілдікті санаттар 
тізбесін қысқарту, талаптарды қатаңдату); 
- әлеуметтік тұрғын үйдің құнын төмендету – шағын пәтерлер ұсыну, оның 
іішнде  әртүрлі  санаттар  үшін  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етілу  нормативтерін 
саралау; 
- қолайлы отбасылық өмір сүру және демалу үшін қалалық және әлеуметтік 
инфрақұрылымды халықаралық деңгейге дейін дамыту. 
 
4-мақсат. Көлік инфрақұрылымын дамыту 
 
р/
б
№ 
Индикатордың атауы 
Көзі 
факт 
жоспар 
Жауа
птыла
р 
2014 
жыл 
2015 
жыл 
2016 
жыл 
2017 
жыл 
2018 
жыл 
2019 
жыл 
2020 
жыл 
1.   Жергілікті маңызы бар 
автомобиль жолдарын салу 
және қайта жаңарту, км 
Ведомст. 
деректер 
45,92 
21,8 
25,49 
24,6 
24,6 
22,9 
22,8 
АЖБ 
2.   Жергілікті маңызы бар 
автомобиль жолдарын 
орташа жөндеу, км 
Ведомс. 
деректер 
52,36 
36,3 
42,0 
16,0 
18,0 
20,0 
24,0 
АЖБ 


104 
 
р/
б
№ 
Индикатордың атауы 
Көзі 
факт 
жоспар 
Жауа
птыла
р 
2014 
жыл 
2015 
жыл 
2016 
жыл 
2017 
жыл 
2018 
жыл 
2019 
жыл 
2020 
жыл 
3.   Жолаушылар айналымының 
мөлшері, пкм 
Стат. 
деректер 
18001,

20034,

20226,

25283,

22754,8  24120,1  25687,9  ЖКБ 
4.   Қоғамдық көлікті 
пайдаланатын халықтың 
саны, % 
Ведомс. 
деректер 
 
 
33,0 
36,0 
39,0 
42,0 
45,0 
ЖКБ 
 
Қойылған мақсаттарға жету жолдары 
 
Жол-көлік  инфрақұрылымын  дамыту  және  көліктік  жүктемені  төмендету 
үшін әкімдіктің негізгі жұмыс бағыттары мынадай: 
Негізгі көлік артерияларының жіберу мүмкіндігін ұлғайту; 
Басқару жүйесін және автокөліктің, оның ішінде қоғамдық көліктің жалпы 
қозғалыс кестесін жетілдіру; 
Тұрақ орындарының әлеуетін кеңейту; 
Жаяу жүрушілер мен велосипедшілер үшін қолайлы жағдай жасау; 
Әртүрлі  көлік  түрлерін  бірыңғай  мультимодальдық  логистикалық  жүйеге 
біріктіру. 
Астана  қаласы  «Орталық-Шығыс»,  «Орталық-Оңтүстік»,  «Орталық-Батыс» 
өңіраралық  автожолдар  желісінің  жобаларын  іске  асыру  есебінен  барлық 
макроөңірлерді байланыстыратын Солтүстік макроөңірдің хабына айналады. 
Бұл  үшін  жаңа  темір  жол  вокзалын  және  автовокзал,  қосымша  әуежай 
терминалын,  республикалық  маңызы  бар  жолдар  (Батыс  Қытай  –  Батыс  Европа, 
Астана-Алматы,  Алматы-Ақтөбе-Атырау,  Астана-Өскемен)  салу,  қоғамдық 
көліктің балама түрін дамыту (LRT жобасы) қарастырылды. 
ЭКСПО-2017  өткізуге  дайындық  шеңберінде  ҚР  Қытай  Халық 
Республикасымен  халықаралық  ынтымақтастық  негзінде  әкімдік  балама  жеңіл 
рельсті көлік жобасын (бұдан әрі - LRT) іске қосады, ұзақтығы 22,4 км құрайтын 
бірінші кезегі көрме павильонын және әуежайды байланыстырады. Жерүсті көлік 
болып табылатын LRT жобасы қолданыстағы көлік жүйесіне үйлесімді қосылады 
және  «сол  жағалау  –  әуежай»  негізгі  бағытынан  жүктемені  азайтуға  мүмкіндік 
береді. Бұл метродағы күн сайынғы ағын шамамен 83 мың адамды құрайды деп 
болжанады. 
Халық санының жыл сайынғы өсіміне байланысты, сондай-ақ ЭКСПО-2017 
өткізудің  есебімен  МЖӘ  тетігін  қолданумен  жеке  инвесторлардың  қаражатын 
тарту  арқылы  жалпы  сыйымдылығы  5 340  машинаорынды  құрайтын  10  паркинг 
салынады.  Қаланың  кіреберіс  магистральдарында  әрқайсысы  сөткесінде  4500 
жолаушы қабылдайтын 2 жаңа автовокзал ашылады. 
Автобус  көлігінің  ыңғайлылығын  арттыру,  жылжымалы  құрамды,  аялдама 
павильондарын  жаңартуды,  бөлінген  жолақтарды  жайластыруды  және  таксидің 
қызмет  көрсету  деңгейінің  артуын  есепке  ала  отырып,  арнайы  инфрақұрылым 
құру  есебінен  қоғамдық  көлігінің  үлесін  33-тен  45  пайызға  дейін  ұлғайту 
жоспарланады. 
2017 жылға қарай бұл мақсатта төмендегі қарастырылатын болады: 
Жолақыны электронды түрде төлеу жүйесін енгізу; 


жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау