78
Шығынды 8-10 %-ға төмендетуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ өндірістік
және қосалқы үдерістерді автоматтандыру үшін ақпараттық технологиялар
қолданылатын болады. Бұл шаралар жөндеуге арналған шығыстар баптарын
оңтайландырады және озат техникалық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.
Сумен жабдықтау және су бұру бойынша жылына шамамен 20-25 км
желілерді қамтумен инвестициялық жобаларды іске асыру 2018 жылға қарай
құбырлардың тозуын 15 %-ға немесе 225 км-ге төмендетуге ықпал етеді. Кәріз
жүйесі шамамен 138 км тозған желілерді қамтиды, олардың ішінде жыл сайын
жөндеумен орташа есеппен шамамен 40 км қамту көзделеді. Осының есебінен
2018 жылға қарай тозу деңгейі 10 %-ға немесе 124 км-ге қысқарады.
Өңірлер бағдарламасы шеңберінде жыл сайын күрделі жөндеумен орташа
есеппен 10-12 көппәтерлі тұрғын үйлерді қамту көзделеді. 2020 жылға дейін 120-
дан астам апаттық объект бұзылады. Осының есебімен нормативтік пайдаланумен
қамтылған кондоминиум объектілерінің үлесі 2014 жылғы 75,7%-дан 2020 жылға
қарай 83 %-ға дейін ұлғайтылады.
ҚР 2009 жылы ратификациялаған БҰҰ Рамалық конвенцияның Киоттық
хаттамасына және Қазақстанның өзіне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес жылу,
электр энергиясын тиімді пайдадану жылыжай газы лақтырылымының
төмендеуіне ықпал етеді. Жаңғыртылған көпқабатты тұрғын үйлердің жылуды
тұтынуын азайту перспективада қаланың жылу-энергия орталығына жүктемені
төмендетеді, бұл жаңадан салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстар үшін
қуаттылықтарды кеңейтуде үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл бағытты іске асыру үшін кондоминиум объектілеріне мониторинг
өткізу, техникалық зерттеуді және энергия аудитін ұйымдастыру, тұрғын үй
қорының иелерін және қызмет көрсетуші компаниялардың басшыларын Өңірлер
бағдарламасына қатысуға тарту, энергия үнемдеудің негізгі қағидаттарын
насихаттау, жөндеу жұмыстарын өткізу барысына бақылау және пәтер иелерінен
қаражатты қайтару бойынша шаралар кешені қарастырылды.
Азаматтардың тіршілік қызметі үшін қолайлы жағдай жасау үшін
ішкіорамдық және аула аумақтарын жинауға, оларды абаттандыруға және
көгалдандыруға ерекше назар аударылады.
Орта мерзімде жөндеуді қажетсінетін аула аумақтарының үлесін 6,8 %-ға
дейін төмендету жоспарланады, қала аумағының 70 млн. шаршы м
көгалдандырылады, оның ішінде газондармен 40,9 млн. шаршы м, саябақтармен
және скверлермен 29,3 млн. шаршы м қамтылады.
Әкімдік энергия үнемдеу секторын дамытуды және энергия үнемдеуші
технологияларды енгізу жұмысын жалғастыруды жоспарлайды. Мысалы, жылу
шығынын қысқарту үшін оқшауланған құбырлардан жылу трассаларын салу
тәжірибесі жалғастырылады.
Өнеркәсіпте, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, көлік секторында
және басқа да салаларда энергиялық тиімді саясатты іске асыру мақсатында 2015-
2020 жылдарға арналған қаланың энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспары
әзірленіп жатыр.
Электр энергетикасында нормативтен артық шығынды қысқартуға ерекше
назар аударылады. 2017 жылға қарай ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық
79
есепке алудың автоматтандырылған жүйесі) енгізу энергия үнемдеу бойынша
маңызды фактор борлып табылады, сондай-ақ электр энергиясы шығысын
коммерциялық есепке алуды бақылауды жеңілдетеді.
Замианауи технологияларды пайдалану энергия үнемдеу бойынша кешенді
жоспардың бөлігі болып табылады. Оның тиімділігін арттыру үшін әкімдік
«Астанаэнергосервис» АҚ-мен бірлесіп энергия үнемдеуші технологиялар
саласындағы соңғы жетістіктерге мониторингті жүзеге асырады.
Энергия үнемдеуші қызмет өнеркәсіп кәсіпорындарын, тұрғын үй және
бюджет саласы ғимараттарын салу кезінде де жүзеге асырылады, олар бойынша
жобаларда міндетті түрде энергия үнемдеуші құралдарды, технологияларды,
материалдар мен құрылыс констуркцияларын орнату көзделеді.
Аса ірі жоба қаланың жылумен қамту жүйесінде іске асырылуда, оны
пайдалануды жылу энергиясын жіберудің бақылау және есепке алу бойынша
жылу үдерістерін оперативтік-диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған
жүйесін әзірлейтін және енгізетін «Астана-Жылу транзиті» АҚ орындайды, ол
2016-2017 жылдары тұрғын үй, бюджеттік және өнеркәсіп объектілерінде
санитариялық-гигиеналық жайлылықты, жылумен қамтудың сенімділігін
арттыруға мүмкіндік береді.
5-бағыт. Қолайлы экологиялық орта қаласы
1-мақсат. Таза қоршаған ортаны сақтау
р
/с
№
Индикатордың атауы
Көзі
факт
жоспар
Жауапт
ылар
2014
жыл
2015
жыл
2016
жыл
2017
жыл
2018
жыл
2019
жыл
2020
жыл
1.
1
1.
Нормативтік ластаушы
заттардың мөлшері
ҚОҚТБ
11.
атмосфералық ауаға
шығарылымдардың,
мың тонна
Ведом.
деректе
р
61
107,1
125,1
132,3
96,0
135,0
135,0
12
су объектілеріне
шығарылымдардың,
мың тонна
40
11,0
170
180
174
180
180
2.
2
2.
Қатты тұрмыстық
қалдықтарды олардың
пайда болуына жоюдың
үлесі, %
Ведом.
деректе
р
9,2
5,0
5,0
5,2
15,0
30,0
50,0
ҚОҚТБ
3.
3
3.
Халықты қалдықтарды
жинау және жүктеу
қызметтерімен қамту, %
Ведом
деректе
р
100
100
100
100
100
100
100
ҚОҚТБ
4.
4
4.
Экологиялық талаптарға
және санитариялық
ережелерге сәйкес
келетін қатты тұрмыстық
қалдықтардың үлесі
(оларды орналастыру
орындарының жалпы
санынан), %
Ведом.
деректе
р
100
100
100
100
100
100
100
ҚОҚТБ
5.
5
5.
Аумақтарды
көгалдандырудың
ауданын ұлғайту, %
Ведомс
.
деректе
р
109,4
100,1
124,0
102,9
103,0
104,3 104,1
«Алматы
» «Есіл»
«Сарыарқ
а»,