АККРЕДИТТЕУДІҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
14
жӛніндегі құжаттар (жеке құрам және негізгі қызмет бойынша бұйрықтар)
талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Жарғыға сәйкес колледждің оқу-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық
және қаржы-экономикалық қызметіне жалпы басшылықты колледж
директоры жүзеге асырады: миссия мен 2018-2023 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспарына сәйкес қызметтің ағымдағы және перспективалық
жоспарлауын ұйымдастырады.
Жетілдіруді қажет етеді
1.Колледжді бірыңғай электрондық құжат айналым жүйесіне қосуды
ұйымдастыру
2.Педагогтарды материалдық ынталандыру жүйесін жетілдіру
Жағымды практика
1.Басқару жүйесінің жекелеген функционалдық міндеттерді орындаудың
белгілі бір дәрежесімен үйлесімділігі
2.Құжат айналымының тиімділік жүйесінің болуы.
3.Құрамына мүдделі тұлғалардың ӛкілдері кіретін алқалы органдар білім
беру жүйесін жоспарлауға, мониторингке және жетілдіруге қатысады.
4.Колледж студенттер мен оқытушылардың шығармашылық және кәсіби
біліктілігін дамыту үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз еткен.
5. Колледж басшылығының кӛшбасшылығы және беделі.
6. Колледж басшылығы білім беру қызметі тиімділігінің негізгі кӛрсеткіштері
бойынша оқу орны жұмысының қорытындысын шығару негізінде жүйелі
түрде басқарушылық шешімдер қабылдайды;
Ескерту жоқ.
АККРЕДИТТЕУДІҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
15
Стандарт 3. Білім беру бағдарламалары
КМҚК «Алматы кӛпсалалы колледжі» оқытылатын мамандықтардың
білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін тӛмендегі негізгі нормативтік
құжаттарды қолданады:
«Білім туралы» ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы (19.04.2019
жылғы ӛзгертулерімен және толықтыруларымен);
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысы (2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысыменкүші
жойылды);
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы;
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын,
оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №
499 қаулысы (Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018
жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен);
«Техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, білім беру бағдарламаларын,
жалпы кәсіптік және арнайы пәндер мен кәсіптік практиканың үлгілік оқу
бағдарламаларын әзірлеу жӛніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы
18 тамыздағы № 388 бұйрығы (2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 445
бұйрығымен күші жойылды);
Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және
оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы ҚР БҒМ 2007 жылғы 21
желтоқсандағы № 644 бұйрығы;
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының
педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» ҚР БҒМ 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығы (2015 жылғы 12
қарашадағы жағдайы бойынша);
«Сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер
мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22
қаңтардағы № 65 бұйрығы (15.06.2018ж. жаңартылған);
"Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды аттестаттау ӛткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығы (25.09.2018жылы жаңартылған)
АККРЕДИТТЕУДІҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
16
«Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік
оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ
2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығы;
"Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік
оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015
жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығына ӛзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығы;
«Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік
оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ
2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығы болып табылады.
Кәсіби практиканы ұйымдастырған кезде колледж «Техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік
практиканы ұйымдастыру мен ӛткізу қағидаларын және практика базалары
ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы»
ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығын басшылыққа алады.
Колледж оқытуды жүзеге асыру кезінде «Дуалды оқытуды ұйымдастыру
қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50
бұйрығын (11.09.2018 ж. ӛзгертілген) басшылыққа алады.
Колледждің білім беру бағдарламалары негізгі және жалпы орта білім
базасында, мемлекеттік және орыс тілдерінде, күндізгі оқу нысанында 10
мамандық бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттері айқын, нақты
қойылған.Колледжде барлық мамандықтар бойынша ББ әзірлеу, бекіту және
іске асыру процедурасы пайдаланылады.
Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары білім алушыларға
жеке кӛзқарасты қолдануды, педагогтардың оқыту әдістерін, оқу үдерісін
ұйымдастыру нысандары мен мазмұнын таңдауда еркіндігін қамтамасыз
етеді. Білім беру бағдарламаларының ӛзектілігін арттыру үшін оларды
қалыптастыру кезінде жұмыс берушілердің пікірі ескеріледі.
Колледж ББ мазмұнын қалыптастыру кезінде техникалық және кәсіптік
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, мамандықтардың
үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарын
ескереді. Барлық ББ – да кәсіби қызметке дайындау үшін компоненттер,
сондай-ақ жоғары және орта буын маманы біліктілік деңгейіне сәйкес келетін
негізгі құзыреттілікті дамытатын компоненттер бар.
1119000 - «Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғылар»
және 1414000 - «Жиһаз ӛндірісі» (түрлері бойынша) мамандықтары дуалды
оқыту бағдарламасын қамтамасыз етеді.
2018-2019 оқу жылынан бастап колледж "Техникалық және кәсіптік білім
беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2017 жылғы 31 қазандағы № 553
бұйрығына сәйкес 0402000 – «Дизайн (салалар бойынша)», 0510000- «Іс
қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (қолдану аймағы мен салалары