негіздер бар: байланысқа бейімділікті арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа
райының өзгеруімен байланысты мәселелер; бүкіл әлемдегі халықтың
қарқынды өсуі; заманауи әлеммен өзара табысты байланысу үшін қажетті
және келешек күннің әлемімен өзара байланысу үшін қажетті дағдыларды
қазіргі таңдағы мектеп жасөспірімдері талап ететін шектеулі ресурстарға
деген сұраныстың өсуі.
Бағдарлама аясында педагогтар оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу
арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім
мазмұнын жаңарту бағдарламасымен танысады. Аталмыш бағдарламаны іске
асыру барысында тілдерді үйретуге бағытталған пәндік бағдарламалар мен
оқу жоспарлары талданады. Мұғалімдер оқушыларды тиімді оқыту арқылы
тілді үйрету дағдыларын меңгеріп, оқытуға бағытталған оқу мақсаттарын
құра алуға бағытталған тренингтерге қатысады. Бағдарлама аясында білім
беру жүйесіне енгізілетін жаңа бағалау түрі – критериалды бағалаудың
түрлерімен және қолдану ерекшеліктерімен танысады. Бұл арқылы
оқушыларды бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып
табылады. Және де қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен
айқындығын көрсетіп, оқушының оқу жетістіктерін анықтауға, жеке даму
траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады [1].
Қазіргі кезде оқыту үдерісін ақпараттандыру қажеттілігі туралы,
педагогикалық инновациялық технологияларды енгізу артықшылықтары
туралы көп өзекті мәселелер айтылады. Соның бірі – графикалық
органайзерлерді қолдану.
Графикалық органайзер – білім, ұғым, ой, идея немесе көзқарасты
білдіру үшін визуалды таңбаларды қолданатын құрал. Графикалық
органайзердің басты мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету мақсатында
визуалды көмек Оларды педагог қызметкерлер меңгереді, оқыту үдерісінде
қолданады, бірақ оқушыларға аса көп, шектен тыс әдістерді қолдану
кедергілері аз емес. Сондықтан оқушының уәжін қалай арттырамыз, мектепте
Smart-
оқытуды қалай жүзеге асырамыз деген сұрақтар туады. Оқыту мен оқу
жеке дара екі іс-шара емес, бір үдерістің өзара тығыз байланысты екі
элемиенті екенін білген маңызды. Педагог оқушылардың қалай оқитынын
неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартқан сайын,
олардың оқушыларды тиімді оқуға жетелеуқабілеті соғұрлым арта түспек.
Ауқымды зерттеу жүргізу арқылы оқушылардың үлгеріміне ықпалы зор әдіс-
тәсіл ретінде «Графикалық органайзерлерді» қолдану тиімді.
Белсенді және аудиовизуалды тәсілдерді біріктіре отырып жоспарлау
және оқыту моделі жазылым бойынша үлгерімін бағалап, жылдам
жетілдіруде, сондай-ақ оқушының көзқарасын өзгертіп, уәжін арттыруда
табысты болып шықты, яғни ол тілді жаттап алу қажет грамматикалық
құралдар жиынтығы емес, ақпаратқа қол жеткізіп, қарым-қатынас жасау әдісі
ретінде қарауға мүмкіндік береді. Оқытуда ең маңыздысы: оқушылардың
тілдік дағдысын қалыптастыру. Сонда ғана білім маңыздылығы арта түседі.
Сондықтан да жаңартылған оқу бағдарламасындағы әдіс-тәсілдерді қолдану
арқылы сабақ жүргізу – оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі
125
олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақты білім
алуына көмектеседі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу
бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде
білімі мен дағдылыры қайталанып тексеріліп отыратын шиыршық, яғни даму
қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген [1].
Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей
түскені жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу
дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. ШЖМ-де
мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары
стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Мұғалімдер пайдаланатын
әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасында
оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамытуға ерекше мән берілген, бұны
оқу жоспарындағы оқушыларға телехабар, кинофильм, ән және ересек
адамдарды тыңдау және оларға жауап беруді көздейтін жаттығулардан
көруге болады. Аталған жаттығулар тізбектелген сабақтар топтамасында
қамтыла отырып, сабақтың басында қолданылатын ынталандырушы
материал ретінде немесе басқа дағдыларды шыңдардың алдында идея
жинақтауға арналған мүмкіндік ретінде ұсынылады. Осылайша, оқылым,
жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларының әрқайсысын жеке
шыңдай отырып, оларды бір-бірімен өзара тығыз байланыста кешенді түрде
оқытылады. Үйренушілер білім алудың бірізділігі аясында грамматиканы
белгілеп, саралай алуы керек. Оқу кезеңінде олар сөз тіркестеріне,
құрылымға сөздердің орын тәртібіне, сөйлем құрылысына және сөйлеуге
басты назар аударады. Негізгі ойды анықтау кезеңінде оқушылар тілдің
тиімді құрылымы мен пайдалы лексикасын қолдануы керек. Олар бақылау
жұмыстарында, тәжірибелік сабақтарда және өз бетінше орындалатын жазба
жұмыстарда байқалады.Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен
оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде
жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту
деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын
тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау,
өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп
атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда елімізде жаппай білім беру мазмұны
жаңартылуда.
Әр мұғалім жаңартылған бағдарлама бойынша мазмұн мен жүйелілікті,
білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық
тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді. Орта білім мазмұнын
жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан
екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылыры қайталанып тексеріліп
отыратын шиыршық, яғни даму қағидаты бойынша құрылған оқу
бағдарламасы моделіне негізделген. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай
шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана ойын
жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік
құзыреттіліктері шыңдала түседі. Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі
126
Достарыңызбен бөлісу: |