Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет22/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122

      
Тренердің  сабақты  жоспарлаудағы  берген  бағыт  –  бағдары  маған  көп 
септігін  тигізді.  Курста  мен  сабақты  жоспарлаудың  оңтайлы  жолдарымен 
таныстым.    Қысқа  мерзімді  жоспарды  құруды  үйрендім.  Сабақта 
пайдаланатын әдістерді модерациялауды үйрендім.  Сабақ жоспарымда Блум 
таксономиясын  негіз  етіп  отырдым.  Бағдарлама  модульдерін  тірек  ете 
отырып, нақты мақсат қойып,  соған сай, күтілетін нәтижелерді бағдарлауды 
үйрендім.  Сайып келгенде, бағдарламадағы  әрекеттер мен басты мақсаттар 
оқушының  өзіндік  пікір  айта  білу,  сыни  ойлай  алу  мен    метатанымдық 
дағдысын дамытуға негізделген. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық.  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері» 
ДББҰ.  
2.
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2017. -  8-бет. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ОҚЫТУ 
 
Арзымбетова Салтанат  Жаксылыковна 
«Өрлеу» «БАҰО» АҚФ  «Алматы қаласы  бойынша педагогикалық 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 
«Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану 
(гуманитарлық) пәндерді оқытудың әдістемесі» кафедрасының  
аға оқытушысы 
 
       
Қазақстан  Республикасы  өзінің  Тәуелсіздігінің  алғашқы  күндерінен 
бастап-ақ  мектеп  дамуына  қолдау  көрсетуді  назарына  ұстап  келеді. 
Елбасының  Қазақстанда  жас  ұрпақтың    әлемдік  стандартқа  сай  білім  алуы 
үшін  қажетті  жағдайлардың  жасалынып  жатқанын  айта  келе:  «Бұл  -  
мемлекеттің даму саясаттарының басым бағыттарының бірі», - деп көрсетуі 
бұған айғақ. 
     
Ана тіліміз қазақ тілін тереңдетіп оқыту – бүгінгі заман талабы. Өйткені 
мемлекеттік  мәртебеге  ие  болған  қазақ  тілінің  қоғамдағы  қолданысын 
күшейту  үшін  ана  тілімізді  жай  қарым-қатынастың  құралы  деңгейінде 
қалдыруға болмайтынын бүгінгі күннің өзі талап етіп отыр.  
    
Қазір  баланың  ой-танымын  дұрыс  қалыптастыруды  көздеген  білім 
беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы  жүзеге  асырылуда. 
Оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеруіне және  оқыту сапасын жақсартуда 
орыс  сыныптарындағы  қазақ  тілі  пәні  мұғалімдерінің  кәсіби-педагогикалық 
даярлығын  жетілдіру  проблемасы  жетекші  бағытқа  ие  болды.  Бұл  бастама 
пән  мұғалімдерінен  жаңаша  жұмыс  істеуді  талап  етеді.  Мұғалімдердің 
шығармашылық  ізденіспен  еңбек  етуіне  және  оқытудағы  ғылыми 
жаңалықтар  арнайы  ұйымдастырылған  курстарда  үнемі  қарастырылып, 
үйретіліп отырады. 
48 
 


      
Қазақ тілін оқыту, оны меңгерту өздігінен орындала салатын оңай шаруа 
емес,    оның  қиыншылығы  да,  қызығы  да  мол.  Әрине,  оған  ұстаз  бен 
шәкірттің екі жақты ынта-ықыласы керек. 
    
Тілді үйрену мен үйретудің қиын екенін, оның маңыздылығын өмірдің 
өзі-ақ көрсетіп отыр. 
    
Мектептерде  қазақ  тілін  оқытып,  үйретудің  басты  ұстанымы  – 
оқушылардың сөйлеу әрекетін қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік 
ұстаным  болып  табылады.  Жалпы  ұстаздардың  алдында  тұрған  міндет  – 
мемлекеттік  тілді  бүгінгі  және  болашақ  жас  ұрпаққа,  әсіресе  өзге  ұлт 
өкілдеріне қалай меңгерте алатындығында. 
     
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде оқытылуының құқықтық жақтарын 
мемлекеттік  реттеу  ұстанымдары  айқындаса,  оның  ғылыми-әдістемелік 
бағытын «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің даму тұжырымдамасы мен 
«Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  білім  мазмұны  тұжырымдамасы» 
дәйектейді. Оларда орыс, ұйғыр, өзбек тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінің 
мақсат-міндеттері  айқындалды,  жаңа  білім  мазмұнын  анықтаудың 
ұстанымдары нақтыланды.осындай тұғырнамалық құжаттардан бастау алған 
қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  дәрежесіне  көтерілуі  мұғалімдерге  байланысты.       
Өзге  тілді  мектептердегі  қазақ  тілінің  оқыту  сапасы-мұғалімнің 
педагогикалық  –әдіскерлік  шеберлігіне,  ұсынылатын  материалдар 
иазмұнының  қажетілігіне,  оқушылардың  талабы  мен  қызығушылығына 
байланысты.  Негізгі  жауапкершілік  мұғалімдердің  еншісіне  тиетіндігі  дау 
тудырмайтын шындық. 
    
Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  оқытудың  коммуникативтік-
функционалдық  бағытта  жетілдіру  қажет.  Сондықтан  айналаны,  қоршаған 
ортаны  тани  түсу  үшін,  яғни  дүниетанымды  қалыптастыру  арқылы  тілдік 
қолданысты  дамытамыз.  Мұндай  қаынаста  тіл  –  қатысым  құралы  қызметін 
атқарады.Сондықтан  тілдік  жағдаяттар  шындық  өмірге,  әлеуметтік 
жағдаяттарға,оқушылардың  қарым-қатынас  тақырыбына  жақын  алынуы 
керек.  
      
«Тіл сөйлесу-сөйлеу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеуінің 
бірде-біріне  көңіл  аудармау  –  ең  үлкен  қылмыс»,-  деп  Ғабит  Мүсірепов 
заманында-ақ  бүгінгі  заман  талабына  негіз  болар  ұлағатты  өсиетін  текке 
айтып қалдырмағаны рас. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  Қазақстан  халқына 
жолдауы.  
2.Бейсенбаева А.А. Мектептегі білімнің теория және тәжірибесін ізгілендіру. 

Монография, Алматы: Ғылым,1998. 
3.  Шолпанқұлова  Г.К.  Оқыту  процесінде  пәнаралық  байланыс  негізінде  
оқушыларда (8-9 класс) гумандық қарым-қатынасты қалыптастыру.  
 
 
 
49 
 


ЖАҢА  БАҒДАРЛАМА-САПАЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ   
 
Алимкожаева А.К., Жакауова А.Р. 
Алматы қаласы, Медеу ауданы,  №35 гимназиясының  қазақ тілі мен 
әдебиеті пәні мұғалімдері 
 
Қазақстан   2050  стратегиялық  бағдарламасы  білім  берудің  ұлттық 
моделінің  қалыптасуымен  және  Қазақстанның  білім  беру  жүйесін  әлемдік 
білім  беру  кеңестігіне  кіріктірумен  сипатталады.  Қазіргі  таңда  қазақ  тілі-
мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік 
кеңістікті  тану  тілін  оқытуда  жаңа  идеяларды  әр  сабақта  жан-жақты 
қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-
заман  талабы  болып  отыр.  Білім  берудің  мазмұны  жаңарып,    жаңаша 
көзқарас  пайда  болды.  Елбасының  тапсырмасы  бойынша  Оқушылардың 
функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  Ұлттық  жоспар 
қабылданды.  Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын 
іске  асыруда  маңызды  механизмдердің  бірі.  Қазіргі  кездегі  шапшаң  жүріп 
жатқан  жаһандану  үрдісі  әлемдік  бәсекелестікті  күшейте  түсуде.  Адамның 
жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр.  Жастарды оқытуға 
оларға  кәсіби  білім  беруге,  мамандарды  жан-жақты  даярлауға  қоғам  мен 
мемлекеттің  бүгінгі  таңда  барынша  назар  аударуы  да  сондықтан.  Елімізде 
жүргізіліп  жатқан  білім  саясаты  әлемдік  білім  кеңістігімен  ықпалдасуға 
бағдарланған. Білім  жетістіктерін  өмірлік  жағдайларда  қолдана  білуге 
арналған  тест  тапсырмалары,  сондай-ақ  халықаралық  TIMSS, PISA, PIRLS 
зерттеулерінің  бақылау-өлшеу  материалдарында  да  кездеседі.  Логикалық 
сипаттағы  тесттерді  емтихандарға  (ҚА  және  т.б.)  арнайы  дайындала 
алмайтын,  бірақ  жоғары  оқу  орындарында  білім  алу  қабілеттері  жоғары 
оқушыларға  тең  мүмкіндік  беру  мақсатында  ұлттық  емтихандарда  қолдану 
болады.  Сонымен  қатар  аталған  зерттеу  қазақстандық  оқушылардың 
халақаралық зерттеулердегі көрсеткіштерін арттыруға негізделген.  
«Сауаттылық»  термині  білім,  білік,  дағды  мазмұнын  бағалаудың  кеңдігін 
көрсетеді.  Оқушы  өз  деңгейін  табу  үшін,  қаншалықты  білім  мен  білікті 
меңгергенін  білу  мақсатында  құрылған  бағалау  жобасы  үш  бағытта 
жүргізіледі: 

оқудағы сауаттылық  

математикалық сауаттылық  

жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық. 
     
Интерактивті  тақта  арқылы  оқушылар  жаңа  материалдарды  арнаулы 
бағдарламалар көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функциональдық 
сауаттылығы  да  артыру. Жаратылыстану  пәндерінің  басты  мақсаты  – 
оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту. Логикалық  сипаттағы 
тесттер оқушылардың білімді жете меңгеру мен оларды өмір жағдайларында 
қолдана  білу  қабілеттерін  анықтауға  арналған. Жаңа  технологияны 
қолданудың маңызы зор. Бастауыш, жоғарғы сынып оқушыларында  кейбір 
балаларда  сабақта  білмегенін  сұрап  алу,түсінбегенін  мойындау  дағдысы 
50 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау