оқушылар сөздік қорына берік енген және жиі қолданылатын сөз актив
болып табылады.
Сөздіктердің мол және шағын болуы да мүмкін. Сан жағынан да, сапа
жағынан да, оны қолдану практикасы жағынан да көп сөз білу мол сөздікке
жатады.
Лексикалық жаттығулар қазақ тілі лексика жүйесін белгілі бір ұғымдық
мәліметтермен танысуға, өз практикасында сөздерді қолдана білуге
дағдылануға бағытталады.
Сондай-ақ лексикаға байланысты жұмыстар, жаттығулар оқушылардың
сөз байлығын арттырып, сөзді қолдана білуге бейімділігін дамытуға
бағытталуы тиіс. Оқушылардың әрбір сөзге көңіл бөлуге мағынасын анық
аңғаруға жетелейді де, оларда қолданудағы сөздік мәні мен реңдерін тани
білуге, логикалық ойлау жүйесін кеңейтеді. Міне осы міндеттерді атқаратын
жұмыстардың бірі - жаттығу жұмыстары [9,99-110].
Мектептегі оқу бағдарламасына байланысты «Қазақ тілі»
оқулықтарында бастауыш сынып оқулықтарында лексикалық жаттығулар тек
қана лексикалық ұғымдарда тура және ауыспалы мағына, көп мағыналылық,
синоним, омоним, антоним сөздер мен жаңа сөздер, теориялық ұғымдарда
түсінуге жетелейді.
Лексиканы игеру үшін грамматикалық, орфографиялық және
стилистикамен байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Өйткені
лексикалық ұғымдарды үйрену мен одан қолданылу аясын толық игеру үшін
тілдің басқа салалармен байланыстырылмай, толық мәнге ие бола алмайды.
Сондықтан оқулықта жаттығу жұмыстарын беру үстінде қай материал
грамматиканың, орфографиялық қай тақырыбымен байланысты екені
айрықша ескеріліп, олардың жүйелі берілуіне көңіл аударған жөн. Бұл жерде
үлкен шеберлік, оқушылардың жас ерекшелігі мен қабылдау, орындау
мүмкіндігін айқын аңғаратын педагогикалық, психологиялық білік қажет.
Сондықтан әуелі лексика бойынша тіл дамытуға байланысты берілетін
жаттығулардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай классификацияланып
алынады.
Жүргізілетін жаттығу жұмыстарының бірінші тобы лексикалық
жаттығу болып табылады. Мұнда негізінен оқушылардың лексикалық алған
теориялық мәліметтері пысықталып, сөз қолданысқа үйретіп дағдыландыру,
сөздікті пайдалану қажет. Дұрысында, сөздіктермен танысу, олардың
пайдалану жұмысы әрбір лексикалық ұғымдармен бірге жүргізілуі керек.
Мысалы, түсіндірме сөздікпен танысу, оларды пайдалану жұмысы әрбір
тиісті лексикалық ұғымдармен бірге жүргізілуі тиіс.
Ал лексикалық жаттығулардың екінші тобы тілдің басқа салаларымен
байланыстырылып жүргізілетін синтетикалық жаттығулар болып табылады.
Бұл жаттығуда лексикалық тақырыптан алған білімі мен алдыңғы білімді
байланыстыратын жаттығулар. Мұның өзі оқушылардың лексикадан алған
білімін жалпы тіл жүйесінде түсінуге, тіліміздегі орнын, қолданылысын
ұғуға, сондай-ақ өзге материалдарды еске түсіріп, қайталап отыруға
мүмкіндік береді.
231
Ол үшін мына сияқты жұмыстарды жүргізуге болады.
1. Берілген сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын
тапсыру. Мысалы:
-
адам, өсімдік, жануар, алтын су;
-
қызық, жазық, әдемі, үлкен, үш бұрышты;
-
ойлану, жүгіру, сөйлеу, кебу.
Окушылар үш топқа бөлінген сөздердің лексикалық мағынасын ашып
отырып, бірінші топтағы сөздердің зат атауы екенін, екінші топтағы
сөздердің заттың белгісін, сынын білдіретін үшінші топтағылар қимылды
білдіретінін анықтап зат есім, сын есім, етістікке жататынын түсіндіру тиіс.
Сол сияқты лексикалық мағынаны сөздің жасалу жолына, қолданылуына,
шығу тегіне қарай ажырату да грамматикамен тығыз байланысты жүргізіледі.
2. Түбірлес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау
1) келісім, келісті, келіншек, келді.
2) орын, орынша, орындық, орынды.
3) адам, адамдық, адамгершілік, адамды.
Мұндай жаттығу барысында лексикалық мағынамен грамматикалық
мағынаны ажырататын олардың өзара байланыстылығын ажырата білуге
дағдылана бастайды.
Грамматикамен байланысты жүргізілетін жаттығудың тағы бір түрі
сөздің түрлену барысын немесе сөз жасау барысындағы айырмашылықтарын
ажырату болып табылады. Мысалы: белгілі бір сөзге септік, тәуелділік,
жіктік жалғауларын жалғау арқылы лексикалық мағыналарын салыстырып
көруге болады. Оқушылар былайша түрленген сөздердің лексикалық
мағынасы сақталып, грамматикалық мағынасында өзгерістер пайда
болғанына көз жеткізеді. Бұл айтылған жаттығу түрлері оқушылардың
лексикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажыратуға көмектеседі,
сөйтіп сөздердің қолданыс аясын жақсы меңгеріп, практикалық дағдысы
артады, жазу мәдениеті жіктеле түседі.
Ал стилистика саласымен байланысты лексикалық жаттығулар сөзді
таңдап қолдануға, айтылатын ойға лайық сөйлем құра білуге үйретеді. Бұған
байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстары:
Берілген сөздер мен сөз тіркестері қандай лексика-семантикалық топтарға,
қайсысы қандай әдеби тіл стильдеріне жатады. Мысалы,
1) балалар - балдар, тыныш - тиыш.
2) бал - балақай, келін - келіншек, әке – әкей.
3) шалбар - сым, көйлек - жейде, өңшең - ылғи - кілең.
Ал, орфографиямен байланысты жүргізілетін жаттығулардың да өзіндік
орны, ерекшелігі бар. Өйткені оқушылар сөз байлығын игерумен бірге оның
дұрыс жазылу жолын да саналы түсінуі керек. Ол үшін оқушылардың сөз
қолдану, жазу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі жаттығу жұмыстары
жүргізіледі. Ауызекі сөйлеу мен жазба стильдерін , айырмашылықтарын
ажыратып, әдеби тіл нормасын игеруге дағдылана бастайды. Бұл сияқты
жаттығудың мына сияқты түрлері жүргізіледі:
232
Достарыңызбен бөлісу: |