Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет69/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   363

141 

 

ведь ребёнок формируется при выполнении правил в в игровых отношениях и при общении 



со сверстниками в реальных отношениях по поводу игры.  

 

 



Используемая литература: 

1.  Программа воспитания и обучения детей младшего дошкольного возраста  (от 3 до 5 лет). 

– Москва, 2009. – 147 с. 

2.  Сорокина А. И. Дидактические игры в детском саду: Пособие для воспитателя дет. сада.—

М.: Просвещение, 1982.—96 с. 

3.  Выготский  Л.С.  Педагогическая  психология.  /  Выготский  Л.С.,  ред  В.В.  Давыдов.  - 

М.:Педагогика, 1991. - 480 с. 

4.  Волошкина М.И.Дидактическая игра в подготовке ребенка к обучению в школе. Учеб. для 

студентов пед. вузов. - 2-е изд., исправ и доп - М . «Начальная школа», - 2002. -160 с. 

 

 



 

МУЗЫКА ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ТОП ПЕДАГОГТЕРІМЕН 

ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

 

Бахыт Жадыра 

Қарағанды қаласы  №6 «Алданыш» б/б КМҚК 

 

 



Біздің  алдымызға  әртүрлі  тілі  кеміс  балалар  келіп  жатады.  Дамуында  ауытқуы  бар 

балалар  қарапайым  сұраққа  да  жауап  қайтара  алмайды.  Балада  белгілі  бір  енжар  сөз  қоры 

болса  да,  моторлы  алалиясы  бар  бала  қиналады,  әңгімелесу  кезінде  қиындықпен  кездеседі. 

Сөздің,  буынның  құрамы  және  ересектердің  айтқанынан  кейін  қайталау  дағдысы  әлі  де 

қалыптаса қоймаған. 

Сөздердің қалыптаспау салдарынан тілдік қарым-қатынас кезінде үзілістер жиі болады. 

Тәрбиеленушінің психомоторлы дамуы өзінің жасына сай келмейді немесе ауытқушылық та 

болуы  мүмкін:  балалар  икемсіз,  айналасын  бағдарлай  алмайды,  қимылдары  да  үйлеспей 

жатады. Әсіресе ойын ойнағанда, би қимылдарын үйреткен кезде аяқ және қол қимылдарын 

үйлестіре алмай жатады. Тіпті кейде ең оңай деген қимылдардың  өзін дағдыландыра алмайды, 

мысалы: алақанын ұру, секіру, отыру. Олардың есте сақтау және көңіл қоюы, жалпы және ұсақ  

моторикалары , кеңістікті бағдарлауы нашар дамыған. Әртүрлі тіл ауытқушылығы бар балалар 

біздің мекемеде бір  жылдан үш жылға дейін тіркеуде болады. Осы уақытта біздің мамандар 

бір-бірімен тығыз жұмыс жасап, әрбір баланың ауытқушылығын түзеуге тырысады және оның 

әрі қарай дұрыс дамуына жағдай жасайды. 

Оқу жылының басында балабақшада екі апта ішінде барлық мамандар жиналып баларды 

тексерістен өткізеді. Әрбір топ балаларының ерекшелігін ескере отырып, музыка жетекшісі өз 

жұмысын  жоспарлайды.  Мысалы,  егер  топта  көңіл  аударуы  бұзылған  белгісі  бар  және 

гиперактивті балалар немесе жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар балалар көп болса, олармен 

жұмыс істегенде ерекше репертуар алынады және баланың жүйке жүйесін қалыпқа келтіретін 

ерекше  әдістемелік  тәсілдер  қолданылады.  Музыка  жетекшісі,  мұғалім-логопедтер  және 

тәрбиешілер әр баланың денсаулық кітабын қарап шығады да осы балабақша дәрігері берген 

нұсаулығын  нақтылайды.  Жұмыс  барысында  балалармен  түзету  жұмыстарының  жоғары 

нәтижеге  жету  мақсатында  логоритмиканы  кеңінен  қолдануға  болады.  Логоритмика  – 

балалармен аз уақытта бірнеше салаларды бірден қамтып жұмыс істеудің өте қолайлы түрі. 

Өйткені, тақырыпқа қатысты өлең шумақтарын айта отырып оны қимылмен ұштастыру және 

музыка  әуеніне  келтіре  орындау  балалар  бойында  жан-жақты  әрекет  етуге  деген 



142 

 

қызығушылықтарын  арттырады.  Бұл  әрекеттер  сондай-ақ,  балалардың  барлық  қажетті 



психикалық процесстерін дамытуда зор үлесін тигізеді.  

Логоритмика – түзету, білім беру және сауықтыру тапсырмаларын шешуге бағытталған 

ән  мен  қозғалыс,  ән  мен  сөз,  ән,  сөз  бен  қозғалыстың  сәйкес  келу  негізіндегі  жаттығулар, 

тапсырмалар,  ойындар.  Музыка  оқу  іс-әрекетінде  логоритмикалық  әдістемелік  құралдары 

міндетті  түрде  қолданылады.  Себебі,  ол  ойын  терапиясы,  психогимнастика  және  тұтастай 

алғанда музыка тәрбиесі әдістемелерімен тығыз байланысты. 

Әрбір  маман  тексеруге  алынған  баланың  жетістігін  есепке  алып  отырады,  топтың  да 

жалпы даму деңгейін бақылап отырады. Мамандар бағдарлама бойынша қандай жастан осы 

топта  жұмыс  істейтіндерін  бірлесіп  бір  шешімге  келіп  алады.  Топта  өтілетін  сабақтарда 

балалардың сөздік қоры көбейтіліп, грамматикалық құрылымдарын  жетілдіріп отырады. 

Музыка  оқу  іс-әрекетінде  осы  тақырып  ұсынылады,  яғни  музыкалық  материалдар 

тақырыпқа  сай  таңдалып  алынады:  өлең,  тақпақ,  жұмбақ,  хор  және  әртүрлі  ойындар.  Тіл 

дамыту және қоршаған ортамен танысуда тіл техникасы дамытылады, яғни мәнеріне келтіріп 

айту. Мысалы, музыка оқу іс-әрекетінде музыкалық ойындар ойналады.  «Шалқан» ойынын 

топта, серуенде, дене шынықтыру сабағында  ойнауға болады. 

Біз  балаларға  фольклорды  айтқанда  халықтық  кәсіп  пен  халықтық  ойыншықтарды 

айтамыз.  Логопед  және  тәрбиешімен  тығыз  байланыста  жұмыс  істемей  түзетушілік 

жұмыстарда жақсы нәтижелерге жету мүмкін емес. Мұндай жұмысты жүргізудің бір түрі – 

өзара қатынас дәптерін толтыру. Ол – «Тәрбиешілермен мамандардың өзара қатынас дәптері». 

Онда  белгілі  бір  кезеңде  балаларды  музыка  жағынан  дамытуда  тәрбиешілерге  арналған 

тапсырмалар  жазылады.  Мысалы,  музыка  оқу  іс-әрекетінде  үйретілген  қимылдарды  бекіту, 

ойында айтылатын сөздер және өлең сөздерін жаттау. Тәрбиешілерге көмек ретінде үйретіліп 

жатқан өлең сөзі мен әнінің аудио таспасы беріледі. 

Маңызды  жұмыс  –  ырғаққа  жұмыс  істеу.  Тілдік  ауытқушылығы  бар  балалар  және 

кекештенетін  балалармен  ырғақпен  көп  жұмыс  жасауға  тура  келеді.  Ырғақ  –  музыкалық 

қимылға  құрылған  жаттығулар.  Балалар  алдымен  музыкамен  танысады,  оның  ырғағына, 

жылдамдылығына,  саздылығына  өз  қимылдарын  келтіруге  үйренеді.  Ырғақ  сезімін  дамыту 

әртүрлі қимыл-әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Баланың жүрісі, жүгірісі, секіруіне қарап 

оның дене дамуы, қозғалысты коррдинаттай алу, көңіл- күйінің тұрақтылығы туралы айтуға 

болады.  

Егер  балада  негізгі  қозғалыстары  әлсіз  болса,  билер  мен  ойындарды  үйрету  қиынға 

түседі:  олардың  барлығы  жүру,  жүгіру,  секіру  жаттығуларын  қамтиды.  Көбінесе 

логопедиялық  топтарға  жүрісі,  қозғалыс  коррдинациясы  бұзылған  табанымен  жүретін,  аяқ 

ұшымен жүре алмайтын, секіре алмайтын балалар келеді. Ырғақ сабағы баланың физикалық 

кемшілігін  дамытуға  және  денсаулығын  сақтауға  бағытталған.  Музыка  оқу  іс-әрекетінде 

тәрбиешілер балалармен бірге би қимылдарын қайталайды, хор айтады және сыңары болып 

билейді.  

Балабақшаның  барлық  мамандарының  бірлескен  жұмысы  туралы  айтқанда,  мерекелік 

ертеңгіліктер мен әртүрлі ойын-сауықтарға дайындықтары туралы да айтпай кетуге болмайды. 

Осы  айтылған  мерекелік  іс-шараларға  өз  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  әндер,  билер, 

ойындар  таңдалынады.  Топ  балаларының  даму  деңгейіне  қарай  мерекеге  қанша  баланы 

шақыруға болатынын анықтайды (бір немесе екі топ). 

Мерекелік  ертеңгіліктер  мен  ойын-сауықтарға  дайындыққа  ата-аналар  да 

қатыстырылады. Ата-аналармен әртүрлі ойындар ойнап, тапсырмалар беріледі. Сөз соңында 

мынаны айтуға болады, жарық, жылу және дымқыл сияқты басты жағдайлар болғанда ғана гүл 

әдемі болып өседі. Бала да барлық педагогтер жұмыла жұмыс істегенде құлпыра дамиды. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. Искусство, музыкознание, музыкальная психолгия и музыкальная педагогика: Хрестоматия 

/ Сост. Э.Б. Абдуллин, Б.М. Целковников. –Вып. 1 – с. 2. – М., 1991 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау