Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет229/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   363

469 

 

Ә.А. Мухина; Г.З. Кенжебекова 



№ 101 ҚМКК «Аяла» балабақшасы 

 

 



Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар күн санап артып келе жатқаны жаңалық емес. 

Оның ішінде күрделі кемістігі бар балалар көбеюде. Кемістіктер себебі толып жатқан зиянды 

факторлармен түсіндіріледі.  

Кемшіліктері бар балаларды әлеуметтендіруде үлкен жұмыстар атқарылуда. Қазақстанда 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  арнайы  мекемелердің  барлық  түрлері  бар.  Себебі 

мүмкіндігі  шектеулі  балалар  санының  артуы  арнайы  мекемелер  түрлерінің  ашылу 

қажеттіліктерін  туғызады.  Олар:  арнайы  балабақшалар,  арнайы  мектеп-  интернаттар, 

реабилитациялық 

орталықтар, 

педагогикалық-психологиялық 

түзету 

кабинеттері, 



логопедиялық  кабинеттер,  түзету  орталықтары,  т.б.  Барлық  арнайы  мекемелердің  мақсаты 

мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық, психологиялық, медициналық және әлеуметтік 

қолдау жасау, олардың кемістіктерін түзету, қоғамға бейімдеу және оңалту, кәсіби бағдар беру 

жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.        Мүгедек балалардың әлеуметтенуіне әсер 

ететін факторлардың бірі оның отбасы. Отбасының мүгедек баласына жұмсалатын қосымша 

шығында  рына  байланысты  туындайтын  материалдық  мәселелерден  басқа,мұндай 

отбасыларында  ажырау  саны  ӛте  жоғары.  Толық  емес  отбасыларында  мүгедек  балаларды 

тәрбиелеу қиындыққа әкеліп соғады.  

Медициналық әлеуметтік және еңбекпен оңалту сұрақтарын әлеуметтік қызметкерлердің 

араласуынсыз  іске  асыру  мүмкін  емес.  Әлеуметтік  қызметкердің  атқаратын  жұмысының 

негізгі  функцияларына  заңгерлік,  медициналық,  психологтік,  педагогтік  және  басқа  да 

мамандықтар бойынша кеңес беру, материалдық кӛмектер ұйымдастыру жатады. Әлеуметтік 

қызметкер  мүгедек  балалар  мен  отбасының  мүшелеріне  жүргізілетін  психокоррекциалық 

қызмет  әдістерін  негіздеп  сараптайды  және  өңдейді.  Социумдағы  әлеуметтік  жағдайды 

зерттеп  және  оған  болжам  жасау  арқылы  отбасы  мен  мүгедек  балаларға  әлеуметтік-

педагогикалық, психологиялық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.  

Жаңа  қоғамдағы  бала  мүгедектігің  мәселелерінің  шешімін  екі  жақты  қарастырылуы 

керек. Біріншіден-мүгедектіктің алдын алу, бұл аяғы ауыр әйелдерге, сәбилерге көрсетілетін 

медициналық  қызмет  санасын  жоғарлату  арқылы,  алдын  ала  кеңес  алатын  медициналық- 

генетикалық  мекемелер  ашу  арақылы  іске  асыру.  Екіншіден  –  мүгедек  баларды  әлеуметтік 

оңалту, бұл-әлеуметтік оңалту орталықтарын ашу арқылы іске асыруда /1, с. 45/. 

Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл 

болса  да  оның  өмірге  деген  көзқарасы  өзгеріп  қана  коймай,  айналасындағы  адамдармен  де 

қарым-қатынас жасауын қиындатады.  

Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріндегі мінез-құлқының ауьпқуына әкеп 

соқтырады.  Әулеттегі  кеміс  балаға  көбірек  қамқорлық  көрсетіп,  оған  басқа  балаларға 

қарағанда  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Бала  басындағы  бақытсыздық  бәрінен  бұрын  оның 

маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. 

Кез келген отбасында кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы 

деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық 

оған күшті әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. В.Г.Короленко өзінің 

«Соқыр  музыкант»  деген  шығармасында  соқыр  баланың  отбасында  ерекше  саналып,  оның 

айтқандарын екі етпей бұлжытпай орындап отыратындықтары туралы жазады. Одан әрі дене 

кемістігі  бар  адам,  сау  адамға  қарағанда,  өзіне  деген  ерекше  әлеуметгік  көзқарасты  қажет 

етеді.  

Табиғи кемістік адам тіршілігінде ақау туғызады, ол кәдімгі адам денесінін буынынан 

сүйегі  тайғандай  ауыр  сезінеді,  немесе  тамақ  ішуі  мен  зәрге  отыруы  қиындаған  ауыр 

жағдайдың жанына батып, қиналуды басынан кешіреді. Соқырлар мен саңыраулардың мұңдай 

жайттарды өздерінің үнсіз мойындауынан және олардың Табиғи кемістігін күнделікті бақылау 

мен рухани өмірін жүйелі түрде зерттеу нәтижелері арқылы анықталып отырады. Осы уакытқа 




470 

 

дейін ғылыми-педагогикалық әдебиетгерде және жалпы түсінік бойынша кеміс балалардың 



жан дүниесінің сырын зерттеу биологиялық мәселе деп саналып келгені өкінішті-ақ. Адамның 

кемістігі  тек  биологиялық  тұрғыдан  іздестіріліп,  оның  дене  құрылысы  мен  айналасындағы 

табиғи нәрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар ұзақ жылдар 

бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толтыруға болады 

деген  ұшқары  пікірді  қолдап  келді.  Мысалы,  адамның  бір  бүйрегін  алып  тастаса,  екінші 

бүйрегі  жүмыс  істейді  және  ол  екі  бүйректің де  жұмысын  атқарады  деп  санады.  Қысқасын 

айтқанда дене кемістігіне қатысты психологиялық, педагогикалық мәселелерге ат үсті қарап, 

оларға  тек  медициналық  тұрғыдан  ғана  жауап  берді:  соқыр  –  көзі  көрмеушілік,  ал 

саңырауқұлағы  естімеущілік  деп  саналып,  мәселенің  түйіні  соқыр  итпен,  саңырау  қарсақ 

жайында  айтып  отырғандай  немқұрайды  көзқараста  болды.  Бұл  ретте  ескерусіз  қалған  бір 

жайт бар. Ол хайуанаттардан кемістік адамның тек жеке басына тікелей қатысты деп саналмай, 

оны әлеуметтік фактор ретінде қарастырған орынды. Өйткені дүниедегі болмыс пен адамның 

тіршілігін байланыстырушы әлеуметтік орта. Сондықтан адамның құлағы мен көзі оның дене 

мүшелері ғана емес, сонымен бірге бұл мүшелер әлеуметтік органдар деп те аталады.  

Әлеуметтік ортадан алынатын мағлұматтар адамға әсер етіп, онан сыртқы ортаға, онан 

қайтып  адамның  өзіне  оралады.  Адамның  қарым-қатынасы  әлеумет  ортасы  болмаса  жалаң 

күйінде жүзеге асуы мүмкін емес. Көз бен құлақтың кемістігі ен алдымен әлеуметтік қызмет 

атқаратын  органдардың  қатардан  шығып,  қоғаммен  байланыстың  үзілуі  деп  тусіну  керек. 

Мұндай  кемістік  адамның  мінез-  құлқының  белгілі  қалыпты  жағдайдан  ауытқуы  болып  та 

саналады.  Психология  мен  педагогикада  балалардың  кемтарлығы  жайында  мәселені 

әлеуметгік маңызды мәселе ретінде қарастырып, оны әдеттегі екінші кезектегі іс деп санамай, 

адам  тіршілігіндегі  басты  мәселе  ретінде  бағалауды  кажет  етеді.  Бұл  мәселенін  мән-жайын 

жете  бағалап,  оны  аса  қажетті  деп  қараған  әділетгі  болмақ.  Егер  психологиялық  тұрғыдан 

баланын дене кемістігін әлеуметтік сынық ден санайтын болсак, онда педагогикалық тұрғыдан 

сол денедегі сынықты орнына салып емдеу деп ұғыну керек. Мұндай ойдың шындығын растау 

ниетімен бірсыпыра қарапайым түсініктерді еске түсірейік. Ең алдымен біздер дене кемістігі 

жайында ғылымға жат түсініктерден арылуымыз керек. Мұндай түсінік бойынша та-биғаттын 

өзі кеміс мүшенін қызметін организмнің өзге мүшелерінін жетілуіне орай қоса атқарады да, 

адам  бойындағы  кемістікті  толықтырады  дейді.  Бұл  биологиялық  тәсіл  делінеді.  Мысалы, 

соқырдың  көзі  көрмесе  де,  ол  тіршілік  еткен  ортасына  икемделіп,  нәрселердің  түр-түсін 

саусақтармен сипау арқылы танып біледі десе, ал мылқау адамның дыбысты тілі болмаса да, 

ол  өзгелердің  айтқан  сөзін  еріндерінің  қимыл-қозғалысынан  түсінеді  дейді.  Кемтар 

адамдардың әсіресе сипау сезімдері мен иісті түйсінулері әлдеқайда жетілген дейді. Алайда 

арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері соқырдың сипау сезімі мен саңыраудың көру сезімінің 

бірқалыпты  дамыған  дені  сау  адамдардың  сезімімен  салыстырғанда,  олардың  арасында 

айтарлықтай  айырмашылығы  жоқ  екендігін  көрсетеді.  Осы  мәселеге  мылқау  мен 

саңыраулардың  көру  қабілеті  сау  адамдардікінен  кем  емес,  кейде  ондай  адамдар  біздердің 

көрмеген нәрселерімізді  көре алады, ол көру  арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда 

төмен немесе олардан артық деуге болмайды. Саңырау көзінің көрегендігі нашар болса да, ол 

бара-бара жетілуі мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді Н.М.Поговский /2, 

с. 21/.  

Соқыр адамның сипау түсігінің жақсы жетілуі және саңыраудың көру қабілеттілігі сол 

сезім  мүшесінің  құрылысы  нерв  жүйелерінің  айрықша  жетілуінде  емес,  ондай  адамдардың 

тиісті нәрселерді сезіп білуде үнемі қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты. Соқыр 

адамның  саусақтарының  сипап  оқуы  және  қаптаған  Л.Браиль  әрпімен  жазылған  шығыңқы 

ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, 

сол  дыбыстардан  сөз  құралады.  Сөздер  сөйлемге  айналады.  Бұл  процесс  сау  адамдардың 

Браиль  Луи  (1809-1852)  -әлемге  әйгілі  француздың  соқырларды  оқыту  жөніндегі  педагогі. 

Соқырлар  үшін  өз  атымен  белгілі  жазу,  оку  әдістерін  ойлап  тапқан.  Үш  жасынан  соқыр. 

Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі  әріптерден айырмашылығы 

жоқ  дейді.  Көзбен  көріп  оқығанына  ұқсас  және  психологиялық  жағынан  олардың  бірінен-



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау