Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет201/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   363

410 

 

негізінде  оқыту  үрдісін  жетілдіру  болып  табылады.  Интерактивті  құралдарды  сабаққа 



пайдаланғанда дидактикалық мәселені  шешуге көмектеседі. Яғни, базалық білімді  меңгеру, 

алған  білімді  жүйелеу,  өзін  –  өзі  бақылау  дағдыларын  қалыптастыру,  оқуға  деген  ынтасын 

арттыру,  балаларға  оқу  материалдарымен  өздігінен  жұмыс  істеуге  әдістемелік  көмек  беру, 

ақпаратты  меңгеруін  тексеру.  Сонымен,  интерактивтік  тақта  сабаққа  қатысушылардың 

барлығының  ойын  бір  ортаға  жинақтауға  көмектеседі.  Сабақ  уақытын  үнемдеу, 

демонстрациялық  материалдар  даярлау  мақсатында  интерактивті  тақтаны  пайдалануды 

қажеттілігі жоғары. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Г.Кертаев.Оқытудың кейбір әдістері. Алматы,1991. 

2.  Б.Р.Айтмамбетова . Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы,1991. 

3.Абраменко Н.К. Подготовка ребенка к школе. Минск, 1972.                                          

4.Джеральдина Чейпи. Готовность к школе. М., 1992. 

5.Оспанбекова Н.Ж.,Чанбаева М.Қ. Болашақ мұғалімдерді дайындауда ақпараттық                 

технологияларды пайдалану. Алматы. 2013.                                                                           

6.Авдарсолқызы С., Авдарсолұлы М. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқыту. 

Алматы. 2013.                                                                                                                                                            

7. Қармысова Л. Интерактивтік оқыту. Қазақстан мектебі. 3/2011. РЕЗ 

 

 

 



ТӘРБИЕШІ БОЛУ-БІР БАҚЫТ 

 

 

Мадешова Алуа Архабаевна 

№42 «Тілек» балабақшасы, тәрбиеші 

 

 



Қазіргі уақыттың адамы дүниенің даму заңдылықтарын түсінуі және сол дүниедегі өзінің 

орнын біліп, қоршаған ортада бағыт таба білуі, өзінің іс-әрекеттеріне жауапты болуы тиіс. 

Дүниетанымның ең басты жолы – тәжірибе, ол адамның мінез-құлқын саналы деңгейге 

көтеріп, оған өзін күделі жағдайларда қолайлы сезінуге мүмкіндік береді. 

Балабақшада  тәрбиеші  болу  –  кез  келген  өнер  сияқты  көп  қырлы  және  ауыр  еңбек. 

Әртүрлі  жағдайларға  байланысты  тәрбиешінің  түрлі  рөлдерге  жиі  енуіне  қажеттілік  болып 

жатады: балалар үшін ол барлығын білетін ұстаз да, ойын кезіндегі жолдасы да, жан-дүниеңді 

түсінетін және қиын сәтте қол ұшын беретін жақын адам да.  

Тәрбиеші  дегеніміз  –  балалардың  ақыл  сұрап  баратын  данасы,  ересек  досы.  Менің 

ойымша, жақсы тәрбие беру – бұл бақшадағы материалды меңгерудің жоғары көрсеткіштері 

ғана емес, ең біріншіден ол – балалардың қуануы, күлімдеуі.  

Баланы сүйе білу дегеніміз – ол көп ойлану, іздену, қандай да бір жаңа жолдарды ашу, 

керек десеңіз үйреншікті әдеттеріңді өзгерте білу. Педагог болу – біреуді де сүйе білу, және 

өзіңді де құрметтеу.  

Өйткені  бойыңдағы  қасиеттерің  сенің  балаға  беретін  тәрбие-тағлымыңа  тікелей  әсер 

етеді емес пе? Ойшыл Плутарх та сол туралы айтпады ма: «Бала – толтырылатын ыдыс емес, 

жағылатын 

алау!». 


Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.  

Ал  бүгінгі  таңда  балабақшаның,  тәрбиешінің  ең  басты  міндеті  –  рухани  бай,  жеке 

қабілеті  дамыған  тұлғаны  қалыптастыру.  Рухани  байлық  ең  алдымен  әр  халықтың  ұлттық 

әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп-тамырынан нәр алып жатады.  




411 

 

Сол  ұлттық  құндылықтарды  бүкіл  адамзаттың  өз  ұрпағын  тәрбиелеудегі,  мектепке 



дейінгі  білім  берудегі  озық  ұстанымдарымен  байланыстыра  отырып,  әр  баланың, 

бүлдіршіннің  қабілеті,  ептілігі  мен  дарындылығын  ашып,  өзіне-өзінің  сенімін  нығайтып, 

болашағына жол ашуына түрткі жасауымыз қажет. 

Еліміздің ертеңі – ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып, өз алдына отау тігіп, өзінің 

ішкі-сыртқы  саясатын  өзі  шешетін  болды.  Бүгінде  баршаның  міндеті  –  әдет-ғұрпымызды, 

салт-дәстүрлері-мізді  жандандырып,  ұлттық  сана-сезімі  жоғары  тәрбиелі  бүлдіршіндерді 

өсіру. 

Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев: «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты 



үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан,  тәрбиеші  баланы  сол  ұлт  тәрбиесімен  тәрбие  қылуға 

міндетті», – деген.  

Жас  ұрпаққа  сапалы  тәрбие  және  сапалы  білім  беру  деңгейі  ең  алдымен  тәрбиешінің 

даярлығына, 

оның 

іс-тәжірибесінің 



қалыптасып, 

шыңдалуына 

байланысты. 

Ұлағатты ұстаз, еңбеккор тәрбиеші болу – менің де арманым, ұстанып келе жатқан қағидам. 

Тәрбиеші  –  маңызды  тәлім-тәрбие  өнегесінің  бастаушысы,  жарқын  үлгісі,  бала  қиялын 

самғатып, арманына қанат бітіретін басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси 

қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында бала-бақшаның маңызы зор екендігі белгілі.  

Бала  –  адамзаттың  болашағы  болғандықтан,  мектепке  дейінгі  тәрбие  саласында 

жасалатын жұмыстар қыруар дегім келеді. Қазақстан Республикасында балабақшалар қатары 

«Балапан» бағдарламасы бойынша көбейіп, ауылдағы балабақшалардың материалдық базасы 

заманға сай жабдықталуда.  

Елбасымыздың  салиқалы  саясатын  іске  асыру  үшін  өзіміздің  жан-тәнімізді  де,  күш-

жігерімізді  де,  сүйіспеншілігімізді  де,  өмірге  құштарлығымызды  да  аянбай,  бере  білуіміз 

қажет.  Бұл  жерде,  әрине,  оларға  өз  бойындағы  жақсылықты  ғана  дарытқан  жөн.  Өйткені, 

тәрбиеші – адамды жасаушы адам. Ол табиғаттың таңғажайып құбылысын  – баланы, өзінің 

нұрлы ақылымен, жылы жүзімен тәрбиелейді. Болашақ үшін қызмет ету – парасаттылық, ал 

парасаттылық – сен адамдарға, қоғамға, халқына, бала өсіріп отырған әрбір отбасына әкелетін 

қуаныш. 


Балабақшадан  бастап,  тәрбиені  түрлі  өнермен,  мысалы,  музыка  сабақтарымен 

ұштастырған  жөн  деп  есептеймін.  Балалардың  жан-жақты  болып  дамуы  өте  маңызды.  Сол 

болашақ жеткіншек үшін әрбір тәрбиеші тынымсыз еңбек етуге борышты. Жапон халқы озық 

технологияны  меңгеруден  бірінші  орында  тұрған  мемлекет.  Дәл  сол  жапондықтар 

бүлдіршіндерді  аспапта  ойнауды  екі  жастан  бастап  үйретіп,  өнерге  баулиды,  ал  кез  келген 

жапондық баласы екі жаста-ақ скрипка аспабында шағын этюд ойнай алады екен.  

Бұл,  әрине,  бала  тәрбиесіндегі  үлкен  жетістік.  Жаратылысынан  жүрек  жылуы  мен 

мейірім шуағы мол халықтың бірі – қазақ халқы. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлылық оның 

табиғатына  мүлдем  жат.  Өйткені,  қазақтың  ел  алдындағы  абырой-беделі,  қадір-қасиеті  тек 

жеке  басының  жақсылығы  немесе  дәулетімен  ғана  емес,  бауырынан  өрге  ұрпақтарының 

салауаттылығы, білімділігімен де өлшенеді.  

Шығыстың ұлы ғаламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің 

болашақтарыңызды  айтып  берейін»,  –  деген  екен.  Біздің  халық  жас  бүлдіршіндерді 

адамгершілік әдетке баулығанда, оның санасына дұрыс салмақ салуға көп көңіл бөлген. Сана 

арқылы адамның дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті қалыптасады. 

 Осындай ізгі қасиеттерді баулу үшін тәрбиеші бала көңілінен су ішуі керек. Бақшадағы 

бала биікке самғар мұзбалақ қыран құстың балапаны іспетті, оған ерекше күтім, жан жылуы 

керек. Егер баптаушысы білімді, білікті, мейірімді болса, ол қара қанат балапанның қанаты 

бақша  «ұясында»  қатайып,  «мектеп»  деген  белеске  барғанда,  сол  жерге  қонғанда  тегеуріні 

мықты болады. 

 Ал мықтылығы – оның дүниетанымында, сауаттылығы мен адамгершілігінде. Егер де 

мен әр баланы талаптандыра білсем, бұл үлкен бақыт қой, себебі «талпынған бала – талпынған 

құстай, құмары қанбас, алысқа ұшпай» демекші, бұл балалар – әрбір тәрбиешінің еңбегіндегі 

бір-бір 


асу 

ғой 


… 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау