252
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
АҚШ-ғы мемлекеттер экономикалық дағдарыстан шығу үшін жауапкершіліктің
барлық ауыртпалығын өздеріне алды. АҚШ-тың 1932 жылы сайланған президенті
Франклин Рузвельт экономикалық саясаттың “жаңа курсын” жүргізу үшін төтенше
өкілеттілікті алды. Бұл курс (1933-1937) макроэкономиканы мемлекеттік реттеудің
мынадай іс-шараларын қарастырды:
1. Мемлекет халықтың салымдарын сақтауды кепілдендіруінің арқасында несие
жүйесінің толық жойылудан сақтап қалды.
2. Азаматтардың қарыз ауыртпашылықтарын ақшаны құнсыздандырудың
көмегімен 40% -ке дейін төмендеді.
3. “Өнеркәсіптерді қалпына келтіру туралы” заң /1933/ “таза бәсеке кодексінің”
практикасына енгізуді қарастырды (онымен белгілі бір деңгейдегі өнімдердің бағасы
белгіленеді, өткізу нарықтарына үлестірілді).
4. “Ауыл шаруашылығын реттеу жөніндегі” заң /1933/ ауыл шаруашылық өнімдері
бағаларының жоғарылауын, фермерлерді күйзелуден қорғауды қарастырды. Мемлекет
егіс алқабының және мал басының қысқаруына орай өтемақы төлей бастады (өндірістерді
және соған байланысты бағаның төмендеуінің алдын-алу үшін).
5. Жұмыссыздықты қысқарту мақсатында Үкімет қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастырды.
6. Еңбеккерлердің қайыршылануын жою үшін жалақыны реттеу жүргізілді. Алғаш
рет күнкөрістің ең төменгі деңгейі және ең төменгі жалақы белгіленді. Мемлекет
халықтың кедей топтарына көмек көрсетті.
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы саясатының жоғары тиімділігі тәжірибиеде
дәлелденді. Сондықтан 30-шы жылдары Батыста ұлттық экономиканы реттеуді жетілдіру
үшін жаңа шаруашылық тетіктерге өту жүзеге асырылды және үстемдік етуші
әлеуметтік-экономикалық жүйенің жойқын сілкінісінен қорғауға бейімделді. Осы өтудің
тұрақты түрде белгілері макрореттеу ретінде экономикалық теорияның жаңа классикалық
бағыттарындағы төңкерісі болды[2].
Егер бүгінгі қарым-қатынастарға назар аударсақ, ғаламдандыру процесі жүргенде
(ұлттық экономика интеграциясының өскелең процесі), экономикада мемлекеттердің
арасында өзінің қарсыластары пайда болады.
80-жылдардың басында мемлекеттік реттеуді арттыруға ұмтылу тақыстық
нарықтық либералдардың қысымына тап болды. Көптеген елдерде саяси сәтсіздіктер
орын алды (Латын Америка елдерінде отандық өндірістер және индустрияландыруда
импорт алмастыру және сыбайластық пен менталитетке төлем), сонымен қатар осыларды
дамыту үшін тиімсіз бюрократияда әсер етті.
Әлемдік Валюта қоры және Бүкіләлемдік банк (ББ) мемлекеттік реттеудің
мүмкіндігін шектей отырып, нарықтық экономиканың принциптерін енгізді. Көптеген
жағдайларда мемлекет “түнгі қарауыл” рөліне дейін берді. Ырықтандыру және реттеудің
құрылымды бағдарламалары билікті бұзуға да дайын еді. Мемлекеттің “тәуелсіз
контрстратегиясы” меншікті жағдайындағы мүддесі өте шектеулі болды. Сонымен қатар
халықаралық донорлар нарықтық доктринамен жүруді талап ете отырып, мемлекеттің
қызмет көрсету аясында шектеді.
Бірақ, бұл өз кезегінде Бүкіләлемдік банк жағдайына нарықтар мен мемлекеттер
арасындағы қатынастардың пайдасына шешілді.
Бүгінде нарықтың экстремалдық үлгісі өз мүмкіндіктерінің шегіне жетті.
Рейгономика, тетчеризм және таза нарықтық шешімдер нарықтық экономика елдерінде
күткен нәтижелерді әкелмеді. Бүгінде сәтсіздіктер, салмақты салдарлар басты назарда
болып отыр. Әлемдік қоғамдастық мәселелер толыға түсуде. Бұл процестер
ассиметриялық экономикалық бұрмалау ретінде сипатталуда немесе былайша айтқанда,
Нарықта экономикада мемлекеттің орны өзінің қызметтері арқылы айқындалады,
оның ішінде маңыздылары мыналар:
253
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
•
экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіздерін құру. Бұл мақсатта
мемлекет меншік құқықтарын анықтайтын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдар
қабылдайды және шығарады;
•
экономиканы тұрақтандыру. Үкімет дағдарыстарды жоюда, өндірістің
құлдырауында, жұмыссыздықты азайтуда, инфляциялық процестерді ретке келтіруде,
бюджет-салықтық және несие-қаржы саясаттарын қолданады;
•
ресурстарды әлеуметтік-бағдарлануда бөлу. Мемлекет жеке секторлар
айналыспайтын тауар өндіруді және қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Бұл үшін ол ауыл
шаруашылығын, байланыс, көлік және басқа да салаларды дамыту үшін жағдай жасайды,
білім беру және денсаулық сақтау салаларында бағдарлама жасайды, қорғанысқа, елдің
қауіпсіздігіне және басқа да шараларға жұмсалатын шығындарды анықтайды;
•
әлеуметтік қорғау және әлеуметік кепілдікті қамтамасыз ету. Бұл мемлекеттің ең
төменгі жалақы, қарттарға зейнетақы, мүгедектерге, жұмыссыздарға, көп балалы
отбасыларға жәрдемақы, табысы аз азаматтарға көрсетілетін өзге де көмектер, бағаның
өсуіне байланысты бюджеттік мекемелер мен ұйым қызметкерлерінің жалақыларын
индекстеу.
Мемлекеттік реттеудің және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың принципті
мүмкіндіктері (мұның барлық нарықты экономикалық дамыған мемлекеттерде өзіндік
орны бар) мемлекет саясатын арттыру. Бұл кезде дамыған елдердің аграрлық
заңдылықтар арқылы жүзеге асатын, ауыл шарушылығын мемлекеттік реттеудің
тәжірибиесін қолдану тиімді. Мұнда негізгі реттеудің принциптері мен нысандары
қарастырылған: фермерлердің мемлекеттік бағдарламаларға еркін қатысуы, нарықта
ұсынысты шектеу құралы ретінде нарықтық бағаларды реттеу, бағаны реттеудің тепе-тең
принциптері, егіс алқабын қысқарту, үкіметтік сатып алу және кепілдік операциялар
арқылы фермердің табыстарын қолдау.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары - фермерлердің
табыстарын және нарықтық бағаларын реттеу.
Оған жататындар:
•
ауыл шарушылық өнімдерінің бағаларын қарыз, көтере сатып алу, төлемдер және
басқа да операциялардың көмегімен қолдау;
•
басқа да ведомства мен мемлекеттерге сату үшін ауыл шаруашылық өнімдерін
сатып алу;
•
нарықтан ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын алу;
•
ішкі өткізу нарықтарын кеңейту үшін іс-шаралар қолдану;
•
тауарларды шетке шығару.
Мемлекет фермер өнімдеріне және ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс
құралдарына бағаның тепе-теңдігін болуын қолдайды. Тепе-тең тұжырымдамасына
фермер бағалары өсуінің өндіріс құралдарынан жүйелі қалуына жауап ретінде, фермер
өнімдері және өндіріс құралдары бағасының бірқалыпты өсуі жатқызылады. Бағаның
тепе-теңдігі фермерлердің тұрақты табыстылығына кепілдік береді.
Дамыған елдерде ауыл шаруашылығы халықты күнделікті тұтынатын
тауарларымен толық көлемде қамтамасыз етіп отырады. Кейінгі ішкі тұтынудың шектелуі
негізінен демографиялық процестердің қарқына байланысты. Экспорттық мүмкіндіктер
жоғары болса да, бірақ олар кейде коньюктуралық тәртіптің көп жақты факторларын -
әлемдік дағдарысты, қарыздардың өсуін және дамушы елдердің төлем қабілеттілігінің
төмендеуін, валюталық курстың ауытқуын және басқа да мәселелерді шектейді.
Осыған орай жетілген экономикада және кәсіпкерлікті дамытуда жоғарыда
айтылғандарды қорытындылай келе, мемлекеттің рөлі жөнінде бірнеше түйін жасауға
болады:
1. Нарықтық механизм экономиканың жағдайсыздығындағы барлық мәселені
шешеді. Сондықтан мемлекеттік реттеудің қажеттігі туындайды: экономикалық
шешімдерді қабылдау үшін құқықтық негіздерін құру; бюджетті-салықтық, несие-ақша