Осы
жоба Еуропалық
Одақпен
қаржыландыралады
Осы жоба «МОАА»
ЗТБ жүзеге
асырылады
ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Маңғыстау ауылының тұрғын үйлер дербес жылыту қазандықтары арқылы
жылытады. Көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту сапасын жақсарту үшін 10 дербес
қазандықтары жаңартылып , орнатылды.
Аймақтың орталықтандырылған табиғи газбен жабдықтау жүйесінің бар екенін
есепке ала отырып, ауылда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін дамыту аса
маңызды емес.
Тұрғын үйлердің жеке жылыту қазандықтары газды көп мөлшерде пайдалануы,
және өрт қауіпсіздігінің сақталмауы, қазандықтардың істен шығуы оларды оңдайтын
орындармен мамандардың болмауы, газ бағасының қымбаттауы сияқты мәселелер бар.
Маңғыстау ауылында өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша түсінік жұмыстарын
жүргізу, арнайы жылыту қазандықтарын және газ пештерін жөндейтін орталық ашу
немесе мамандар даярлау қажет.
БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР
Тұтастай алғанда, ауыл тұрғындарының және экономикасының байланыс
қызметтерімен қамтамасыз етілуі қалыпты жағдайда. Ауылдық елді мекен аумағында
стационарлық байланыс, сонымен бірге ұялы байланыс та жұмыс істейді. Ауыл аумағында
ұялы байланыстың негізгі операторлары жұмыс істейді, қамту 100%-ға жетеді. Маңғыстау
ауылында облыстық телекоммуникациялар дирекциясы арқылы 3306 үй телефон
байланысымен қамтамасыз етілген.
Маңғыстау - 3,5 ТҮМ төменгі жақтарында интернеттің жеткіліксіздігі мәселесі бар.
Тұрғындардың стационарлық телефонға, 3 ID теле арнасына сұранысы төмен. Ауыл
тұрғындары басым көпшілігі ОТАУ ТВ қызметін пайдаланып отыр.
«Қазақтелеком» АҚ-ның «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
аясындағы жоспарына сәйкес 2018-2019 жылдарда ауылды интернетпен толықтай қамту
жоспарлануда.
КӨЛІКТІК ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
Ауылдық елді мекеннің көліктік қолжетімділігі жоғары деңгейде. Ауыл Ақтау-
Мұнайлы автотрассасының бойында орналасқандықтан, аудан, сонымен бірге облыс
орталығымен тұрақты маршрут қатынасы бар. Бұдан басқа, халық жеке
тасымалдаушылардың (такси) қызметтерін пайдаланады.
Қоғамдық көліктің қызметін пайдаланатындардың басым көпшілігі Ақтау
қаласындағы оқу орындарында оқитын студенттер. Олар оқу орындарына бару үшін екі
көлікке ауысып мінеді. Тасымал құны қымбат. Студенттерге арналған жеңілдік
қарастырылса дейді.
Жолаушылар тасымалы бойынша қазіргі таңда ауыл аумағында, Ақтау қаласы-
Маңғыстау ауылы бағытындағы №105 қоғамдық көлік маршруты 6 минут интервалмен
және ауылішілік №13А қоғамдық маршрут жолсапары Қызылтөбе-2 - Жаңа-Дәулет -
Маңғыстау ауылы, Маңғыстау -Батыр бағытында 15 минут интервал аралықпен халыққа
қызмет көрсетуде.
ТҰРҒЫН ҮЙ
Ауылда 75 көп қабатты үйде , 1593 пәтер бар. Станция бөлігінде 63 ескі 2 қабатты
тозығы жеткен үйлер бар, оның 12 үйі модернизация бойынша күрделі жөндеуден өткен,
кондоминимум обьектісі ретінде Әділет басқармасында тіркелген. 10 үй кондоминимум
Осы жоба Еуропалық
Одақпен
қаржыландыралады
Осы жоба «МОАА»
ЗТБ жүзеге
асырылады
обьектісін құрып, әділет басқармасына тіркеліп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге
дайындалып отыр, және 5 үйдің құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтіп, бюджетке
тапсырмасы берілді. Ал қалған 36 үйдің тұрғындарына түсінік жұмыстары жүргізілуде. «Қол
жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 4 қабатты 24 пәтерлі, 12 үй 2017 жылы
пайдалануға берілді. Сонымен қатар 2017 жылдың маусым айында 24 пәтерлі 8 тұрғын
үйдің құрылысы басталды, 2018 де маусым айында пайдалануға беріледі. 2017 жылдың
шілде айында 100 орындық жатахқана құрылысы басталып, 2018 жылы бірінші тоқсанда
беріледі деп жоспарлануда.
Тұрғын үйдің кезегінде тұрған адамдар саны көп болғанымен, ипотекаға, жалға алуға
бәрінің экономикалық жағдайы, яғни тұрақты табысы болмаған соң мүмкіндіктері келе
бермейді. Ескі көп қабатты үйлер кондомининимум құрғанмен, басқару жүйесінде де
кемшілік бар.
Салынған тұрғын үйлер аудан әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға жалға және
ипотекалық бағдарлама арқылы берілетін болады. Маңғыстау-5 ауылында жеке тұрғын үй
құрылысына 50 га жер телімі бөлінді. Инжененерлік инфрақұрылымын тарту үшін жобалық
сметалық құжаттамасы жасақталуда. Кондомининимум жетекшілерін тұрғын үйді басқару
бойынша білімін жетілдіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
ЖОЛ
Маңғыстау ауылы Мұнайлы ауданының орталығы болғандықтан негізгі автожол
қанағаттанарлық жағдайда. Ауылішілік автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 80,8
шақырымды құрайды, соның ішінде асфальт жолдар – 22,8 шақырым 28,2 %, қатқыл
табанды жолдар – 20,5 шақырым 25,4 % , 37,5 шақырым 46,4 % қара жол.
Маңғыстау -2,3,4 ТҮМ 15 шақырым ауылішілік автокөлік жол құрылысының 2
кезеңіне қаржы бөлініп 3,5 шақырымының асфальт жабындысын төселді. Қалған бөлігі
2018 жылы жалғасатын болады. Ауылдың көліктік инфрақұрылымының ең маңызды
проблемасы ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының жетіспеушілігі және аса
қанағаттанғысыз жағдайы болып табылады.
Жобалық сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткен Маңғыстау-5
тұрғын үй массивіндегі 15 шақырым ауылішілік автокөлік жолға асфальт төсеу құрылысы
жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын есебінен салынатын әлеуметтік инвестициялық
жобалар тізіміне енгізілді.
Маңғыстау ауылы және Маңғыстау ауылының 15 кварталындағы, Маңғыстау -1, 2,4
тұрғын үй массивтеріне ауылішілік автокөлік жолға асфальт төсеу құрылыс жұмыстарының
жобалық сметалық құжаттама жасақтау үшін ұсыныс берілді . Ауыл ішілік жолдар 2018-
2020 жылдарға дейін салу жоспарлануда.
ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӘНЕ ҚОҚЫС ШЫҒАРУ
Орталықтандырылған қоқыс шығару жұмысын «Мұнайлы тұрмыс» МКК мекемесі
ұйымдастырады. Кестеге сәйкес аптасына бір рет тұрмыстық қалдықтарды алып отырады,
ал ауылдың санитарлық тазалығын «Самғау-Құрылыс ЛТД» ЖШС қамтамасыз етіп отыр.
Қазіргі уақытта, ауыл бойынша тұрмыстық қалдық қоқыстарды салуға арналған жәшіктер
саны – 671 дананы құрайды. Ауыл тұрғындары қатты тұрмыстық қалдықтарды өз күшімен
Баянды ауылында орналасқан ауданның полигонына тасымалдайды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жұмыстарымен ауылда айналысатын
мекеме жоқ. Азық түлік және тұрмыстық бұйымдардың қораптары шығарылатын қоқыстың
көлемін көбейтіп отыр. Облыс көлемінде тұрмыстық қалдықты қайта өңдеу кәсібіне