Бұл зерттеуде көрсетілген пікірлер мен қорытындылар Сорос -Қазақстан Қорының



жүктеу 1,2 Mb.
Pdf просмотр
бет28/31
Дата11.01.2020
өлшемі1,2 Mb.
#26199
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

 

62 


Респонденттердің  көпшілігінің  ұялы  телефондары  бар,  77,7%-дан  артығы  Ғаламтор ды 

пайдалана  алады.  Респонденттердің  тең  жартысы  оны  күнделікті,  төрттен  бір  бөлігі 

аптасына үш рет не одан жиі пайдаланады. Ғаламторды пайдаланушылардың басым бөлігі 

студенттер мен жоғары білімді респонденттер.  



4. 

Қорытынды мен ұсыныстар  

Жастар  мәселесі  ХВҚ,  ЭЫДҰ,  ХЕҰ  тәрізді  халықаралық  ұйымдардың  басты  назарында 

болып  отыр,  аталмыш ұйымдар  әлемнің  барлық  елдеріндегі  саясаткерлерді.  жастарды 

қандай  мәселелер  толғандыратынын  білуге,  осы  белсенді  категориядағы  азаматтардың 

маргиналдану  тәуекелін  азайту  үшін  жастарды  жастар  саясатына  қатысты  мәселелерді 

талқылауға,  оларды  оқытуға  және  оларға  арнап  жұмыс  орындарын  құруға,  жастар 

мәселесін шешуге арналған шаралар қабылдауға шақырады.,   

ХВҚ-ның  пікірінше, «халықтың  жалпы  санында  жастар  үлесінің  артуы  алдағы  уақытта 

жан басына шаққанда экономиканың өндірістік күш-қуаты артатынын әрі демографиялық 

жағдайдың  жақсаратынын  көрсетеді.  Бүгінгі  күні  табыстың  тез  өсуі  мен  кедейлікті 

азайтудың  уақыты  жағынан  шектеулі  мүмкіндіктер   бар.  Бұл  мүмкіндіктер  халықтың 

жалпы  санындағы  еңбекке  жарамды  тұрғындардың  үлесі  салыстырмалы  түрде  жоғары 

болып  отырған   кезеңге  дейін  орын  алады.  Бұл  жағдай  тек  мүмкіндіктерді  ғана  емес, 

сонымен қатар  жұмыс  орындарының  жеткілі кті  мөлшерде  құра  алалмайтын  елдердегі 

саяси-әлеуметтік тұрақсыздықтың жоғары тәуекелін білдіреді»

61

ЭЫДҰ-ға  мүше-елдерге  дағдарыстың  тигізген  әсерін  зерттей  келе,  ЭЫДҰ  дағдарыстан 



бәрінен  де  көп  зардап  көрген  халықтың  барынша  осал  тобы  -  жастар  болды  деген 

қорытындыға келді

.  

62

ХЕҰ  деректері  бойынша



. 2011 

ж. бірінші тоқсанында  ЭЫДҰ елдеріндегі жастар арасындағы 

(15-24 

жаста)  ж



ұмыссыздық  ересек  адамдардың  арасындағы  (25 -тен  жо

ғары) 


жұмыссыздықтың  7%-мен  салыстырғанда  17,3%-ды құрады . «Жұмыссыздық  бойынша 

деректер, жастардың еңбек нарығында тап болып отыратын мәселелердің  бір бөлігін ғана 

көрсетеді»,  -  деп  санайды  баяндаманы

ң  авторлары

Оқу  және  қайта  даярлау 



бағдарламаларымен  қамтылмаған  жұмыссыз  жастар  үшін  әсіресе  жастар  ұзақ  уақыт 

жұмыссыз  қалған  жағдайларда  олардың  маргиналдануы  мен  еңбек  нарығынан  шығып 

қалу  қатері  едәуір  арта  түседі. 2010 ж.  4-тоқсанында  ЭЫДҰ-ның  30  елінде  жастар 

арасындағы жұмыссыздық деңгейі 12,6% құрады, 2008 жылы  осы топтағы жұмыссыздық 

деңгейі  10,6%  құраған  болатын.  Бұл  дегеніміз,  осы  статистикамен қамтылған  22,3  млн. 

жастардың 14,6 млн-ы белсенді болмаған және оқымаған , ал 7,7 млн. жұмыссыз болған. 

«

Алдағы  жылдарда  жас  мектеп  т



үлектерінің  алдыңғы  буынға  қарағанда  жұмыс  табуға 

мүмкіндігі азаяды», - деп ескертеді ЭЫДҰ сарапшылары.  

63

Бұл  жағдайдан  шығудың  қандай  жолдары  бар? «Жұмыс  орындарын  құру  үшін  шаралар 



қабылдау - бұл мәселені шешудің маңызды бөлігі, алайда бұл шаралар жастарға қатысты 

барлық  мәселелерді  шеше  алмайды»,  -  деп  ескертеді  баяндаманы

ң  авторлары

«



Біріншіден, 

к

үш



-

жігерді 


жастарды

ң 

еңбек 



нарығына 

қол 


жеткізуіндегі 

айырмашылықтардың  орын  алу  мәселесінің  ұзақмерзімді  шешімін  табуға  арнап  жұмсау 

қажет. Балалардың мүддесін қорғау, ерте жастан бастап білім алуға жағдайлар жасау 

сияқты шаралардан бастаған жөн, әсіресе бұл табыс деңгейі төмен, халықтың осал 

топтарына  жататын  отбасыларда  т

ұратын  балаларға  қатысты .  Бастауыш,  орта 

мектептерде  балалардың  міндетті  түрде  оқуына  бағытталған  жағдайда  ғана  бұл 

  2011 


жылы әлемде  74,5  млн.  жастардың  жұмысы  болмаған, 

соған сәйкес жастар арасындағы жұмыссыздық 12,6% құраған. 

                                                

61

 IMF, Finance & Development.  March 2012



 

62

OECD (2011), OECD Employment Outlook 2011. Editorial. Unfinished Business: Investing in Youth.  



63

ILO (2012), Global Employment Trends for Youth 2012, c.14 




 

63 


шаралардың    тиімділігі  арта  түседі  (автор  ерекше  белгілеп қойған ).  Бұл  балалардың 

мектепті тастап кетпеуіне әсер етеді».  

«

Мұндай  шаралар  оқу  бағдарламаларының  еңбек  нарығындағы  жағдайларға  сай  болып 



отыруын қамтамасыз етуге арналған өзгерістермен  сүйемелденіп отыруы тиіс. Бұл білім 

беру жүйесінің еңбек нарығындағы сұранысқа қарай өзгеріп, білім беруде, соның ішінде 

кәсіби  оқу  мен  қайта  даярлаудан өтуге  арналған  әртүрлі  бағыттарды  ұсынып  отыруды 

көздейді», - деген ұсыныс жасауда ЭЫДҰ.  

Жастар еңбек нарығына жол ашу үшін ЭЫДҰ үкімет басшыларына фискалды (бюджеттік-

салықтық) біріктіру мақсатында  түсетін пайда мен шығындары тиімді болатын шараларды 

таңдап  отыруды  ұсынады.  ЭЫДҰ -ның  пікірінше,    барынша  осал  және  маргиналдану 

қатеріне бейім жастарға көбірек бағытталуы тиіс. «Жастардың жұмыс істеуге дайын бола 

салысымен жұмысқа орналасып кетуіне көмектесетін бағдарламаларды әзірлеу барынша 

тиімді болмақ». Бұл дегеніміз, жастарға, мысалы Алматыға көшіп келгеннен кейін емес, 

мектептің жоғарғы сыныптарында-ақ алдағы жоспарларын белгілеуге көмектесе бастауы 

керек.  


Қазақстанда  енгізіліп  отырған  «Жастар  практикасы»  бағдарламалары  өзге  елдердің 

тәжірибесіне негізделген. Мысалы, Global Employment Trends for Youth 2012 дағдарысқа 

қарсы  шаралардың  шолуында  Болгарияның  мысалы  келтірілген,  ол  дағдарыспен  күрес 

шеңберінде  «Youth Work Experience»  бағдарламасын  іске  қосты,  аталмыш  бағдарлама 

бойынша жұмыс  берушілердің  жоғары оқу  орындарының  не  колледждердің  түлектеріне 

жұмыс  орындарын  ұсынуына  арналған  жартыжылдық  гранттармен  қамтамасыз  етеді. 

Өкінішке  орай,  Қазақстанда  «Жастар  практика»  бағдарламасын  жүзеге  асырудың 

тиімділігі  ба

ғдарлама  бойынша,  соның  ішінде  бюд жеттік қаражаттардың  игерілуі 

бойынша есептіліктің жұмысқа орналастырылған жастардың саны бойынша (яғни тұрақты 

жұмыспен  қамтылу  көрсеткіші  бойынша)  емес,  жұмысқа  орналасу  кепілдігін  бермейтін 

уақытша практикаға жіберілгендердің саны бойынша жүргізілуіне байланысты төмен.  

«

Кайсыбір  елдер  жұмыс  берушілерді  жұмыс  тәжірибесі  жоқ  жастарды  жұмысқа  алуға 



ынталандыру  мақсатында  еңбекақы  үшін  жәрдем  ақша  (субсидия)  береді.  Жалған 

стимулдарға  жол  бермеу  үшін  мұндай  жәрдем  ақшалардың  нысаналы  мақсаты  бол уы  

тиіс,  мысалы,  олар  тек қана  шағын  және  орта  кәсіпорындарға,  не  тек  студенттерге 

қатысты еңбектік келісімшарттарға арналып отыруы тиіс», -  деп көрсетуде ЭЫДҰ.  

«

Оқу  мен  жұмысты  үйлестіретін,  әрі  кәсіби  оқу  мен  кәсіби  даярлауды  мектепте  оқ ыған 



кезде жүргізіп отыратын бағдарламаларды кеңірек қолданып отыру қажет», - деп ұсынады 

ЭЫДҰ  сарапшылары.  Бұл  Қазақстанда  кеңес  заманында  болған  оқу-өндірістік 

комбинаттар (ОӨК) жүйесін еске салады, ол кезде жоғарғы сынып  оқушылары мектептің 

жоғары сыныбында оқу кезінде мамандық ала алатын.   

ЭЫДҰ  сарапшылары  мынадай ұсыныс  жаса ды: «Барынша қарқынды  көмек  әлеуметт ік 

топтан  тысқары  қалу  қаупіне  барынша  бейім  келетін  жастарға  бағытталуы  тиіс.  Оқуды 

тастап  кеткендерді  мектепке қайтару  әрекеттері  тиімсіз  бола тындықтан    мектептен  тыс 

кәсіби  даярлауға    мүмкіндік  жасау  керек.  Мұндай  бағдарламалар  практика  мен 

жетекшілікті  үйлестіріп  отыруы  мүмкін,  бұл  осы  топтағы жастарды оқытудың  барынша 

тиімді стратегиясына айналмақ».  

ЭЫДҰ-ның  пікірінше:  «Жастарға  инвестиция  жұмсау,  олардың  жұмысқа  тұруына 

арналған  мүмкіндіктер  жасау  –  бұл  ұзақмерзімді  әлеуметтік-экономикалық  болашақты 

қамтамасыз етуге бағытталған тиімді саясаттың кепілі».   

«

Институттардың, саясаткерлер  мен тұтастай  қоғамның жастардың не айтып отырғанын 



тыңдағаны  маңызды.  Қауымдастықтар  деңгейінде, қалалар  мен  елдер е  жастарға  өз 

мәселелерін,  идеяларын  тал

қылап  отыруға  және  өзгерістерге  ынталандырып  отыруға 

мүмкіндік  беретін  форумдар  болуы  керек.  Шешім қабылдау  үшін  жауапты  органдарда 




жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау