48
Жүргізуші: А.....солай ма? Осында қалай келіп қалдың?
Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріне әдейлеп келдім. Ал сендер қоянды
көрген жоқсыңдар ма?
Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?
Қасқыр: Жай, менің қарным ашты (қарнын сипайды), ой айтып қойдым ғой.
Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың?
Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.
Қоян: Қасеке, сен мені жеме, менің саған деген мерекеге арналған сыйм бар.
Енді сиқыршы шығады.
Қоян: Сиқыршы, сиқыршы, қане, сиқырыңды көрсет.
Сиқыршы сиқырлап гномдарды шығарады.
Гномдар биі.
Қасқыр: Ой, қоян, сыйлығыңа рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен саған енді
тиіспеймін.
Жүргізуші: Балалар, енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Сол кезде Айым жүгіріп ортаға таппағын айтады.
Сылдыр-сылдыр қоңырау,
Сыңғырла да, сыңғырла!
Ертегі енді басталсын,
Ақшақар келсін ортаға!
Барығы бірге: Аяз ата мен Ақшақар!
Музыка. Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Өмір гүлім шалғынын
Тілегенім жыл бойы -
Сендердің денсаулықтарың!
Аяз ата: Амансыңдар ма, балақайлар? Мен сендерге асыға келдім, ау! Қарасам бойдарың
да өсіп қалыпты ғой.
Жүргізуші: Аяз ата, біздің сізге дайындаған өнеріміз бар.
Аяз ата: Ау, қызым Ақшақар, тыңдап көрейік пе?
Ақшақар: Иә.
Тақпақтар:
1. Жарқын:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
2. Жанерке:
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, жаңа жыл, біздерге,
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.
3. Диляра:
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді.
Шырқатайық ән жырды,
Шырқатайық өлеңді.
4. Санжар:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып–жылтыр боп жатады.
5. Ақназар:
49
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамықа бөлеп алды маңайды.
Барлық балалар:
Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Аяз ата: Балалар өнерлері жақсы екен.
Аяз атадан балалар кеп сыйлықтарын алады.
Жүргізуші: Ал енді, 2012 жылдың балабақша сән үйінің соңғы үлгілерін қарсы
алыңыздар!
Қыс мезгілі: Жарқын, Санжар шығады.
Көктем: Айым Бектұр.
Жаз: Ескалиева Айыма.
Күз: Жанерке.
Ақшақар: Аяз ата, балалардың өнерлері қандай тамаша, тағы қандай өнерлерің бар,
балалар, біздің көргіміз келіп тұр.
Аяз ата. Иә, Ақшақар, дұрыс айтасың.
Шырша әні.
Жүргізуші: Балалар, бізге қонаққа Маша мен аю келді. Олар да өз өнерлерін көрсеткілері
келеді. Қане, көреміз бе?
Балалар: Иә!
Маша мен аюдың өнері – би.
Жүргізуші: Балалар, бізге кімдер келді?
Балалар: Сайқымазақтар!
Өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі мереке сендерге ұнады ма?
Аяз ата: Бізді басқа жақта балалар тосып қалды. Бізге кету керек.
Жүргізуші: Ендеше Аяз ата мен Ақшақарға сау бол айтайық.
Бәрі бірге: Сау бол Аяз ата, Ақшақар! Рахмет!
Жүргізуші: Осымен біздің жаңа жылғы мерекеміз аяқталды.
Бәріне сыйлықтар таратылады.
ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ
Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары ЖОББМ
жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Күміс қыс»
Ертеңгілік жиын:
-Балалар, бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мынау мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Міне, қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді
сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды. Айнала ақ көрпеге оранып, тап-
таза күйге енген.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы
тебеміз. Бір сәт сабақ оқуға да көңіл бөлеміз. Есептер шығарып, әдемі суреттер де
саламыз. Ал енді осы әсерімізді топқа кіріп, орталықтарда жалғастыралық.
50
Бүгін біздерде үш топ жұмыс жасайды. Ол үшін мына белгілерге назар аударыңыздар:
шырша қойылған жер, бұл математика орталығы, ал біздің шырша белгісін таққан
балаларымыз осы топқа, аққала орналасқан жер бұл өнер орталығы біздің аққалалар
осы орталыққа барып, қысқы көріністі бейнелейді, ал ғылым орталығында бүгін дәрігер
апай валеология сабағын өткізіп, біздерге қыс кезінде көп ауырмаудың жолдарын
көрсетеді, ертегідегі өзінің ақылсыздығынан жарақат алған қасқырға алғашқы жәрдем
жасайды.
Олай болса іске сәт, балалар!
I Ғылым орталығы
Білім беру саласы- Денсаулық.
Бөлімі- Валеология
Тақырыбы: «Аурудың алдын алу»
Мақсаты: Балаларды аурулардың түрлерімен және олардың пайда болу
себептерімен таныстыру. Суық тиіп ауратын аурулардың алдын алу жұмыстарының
маңыздылығын түсіндіру.
Барысы:
Дәрігер кіреді.
- Сәлеметсіздерме, балалар!
Мен бүгін сіздердің деңсаулықтарынды қалай күтетіндеріңізді сұрап, білгелі келдім
және өзіммен бірге дәрігердің құрал- жабдықтарын ала келдім. Балалар, кім маған
айтады, осы қыста ауырғандарыңыз бар ма?
- Сенің қай жерің аурады?
- Ал сенің ше?
- Менің басым ауырып, жөтелдім және қызуым көтерілді.
- Осы аурулардың бәрі балалар қыс мезгілінде орын алады. Себебі күн суық, аяз, ал біз
жеңіл киініп, бас киімсіз немесе қолқапсыз жүрсек, не жалаң қол қар ұстап, мұз жесек
міндетті түрде суық тиеді. Қыста сондай-ақ вирусты аурулар да көп болады, соның ең
көп тарағаны - тұмау ауруы, ол бізге ауадан немесе ауырған адам түшкіріп, жөтелгенде
жұғады.
Тақтадағы суретпен жұмыс.
- Мына суреттен не көріп тұрсыңдар ?
-Яғни бұл балалардың істері дұрыс па? (балалардың жауабы)
- Мұнан қорытынды: егер біз үнемі жуынып, шомылып, тісімізді тазалап жүрсек,
деніміз сау болып, ауырмаймыз.
Көп микробтар сумен шайылады, сабыннан қорқады. Ағзамыз шынығу арқылы
қауіпті вирус, микробтар мен бактерияларға қарсы тұрады.
Осыған байланысты мен қазір сіздермен доп арқылы бір ойын ойнағалы тұрмын,
ойынның аты - «Жақсы- жаман».
Тәрбиеші допты балаға қарай лақтырады да:«тісті тазалау», «алманы жумай жеу»,
«денені шынықтыру», «көкөніс, жеміс жидектерді көп жеу» т.б сондай сияқты сөздер
айтады. Бала оларға «жақсы» немесе «жаман» деп жауап береді.
- Енді, балалар, қазір қыс мезгілі болғандықтан жарақат та көп болуы мүмкін,
себебі жер тайғақ, мұз, құлап, денемізді жарақаттап алған жағдайларымызда біз
не істейміз? (балалардың жауабы)
- Ал қасымызда үлкен адамдар болмаған жағдайда, үй жағдайында біз жарақатты қалай
емдер едік. Білгілерің келе ме?
- Олай болса менің ойыма өздерің сүйіп тыңдайтын «Қу түлкі» ертегісі түсіп отыр.
-Түлкі алдымен кімді алдады?
- Не істеді?
- Сонан соң ше?
- Құйрығыңды ойыққа батырып отырсаң балықтар өздері келіп жармасады деді.
(Ертегі желісі бойынша суреттеп көрсету).