ҚЫЗЫЛ
ЖОБАСЫ
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-
шаралар жоспары
KZ10061/ММ1030
2016
ЖЫЛҒЫ
ҚАЗАН
Түпкілікті нұсқасы
V2.0
Бет 1
ҚЫСҚАРТУЛАР
«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорын» ЖШС (БТӨК)
Еуропа Қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ)
Еуропа Қайта құру және Даму банкінің іске асыруға қойылатын талаптары (ЕҚДБ ІТ)
Экологиялық және әлеуметтік әсер етуді бағалау (ЭӘӘБ)
Қаржы институттары экваторы қағидалары (ҚИЭҚ)
Технико-экономикалық негіздеме (ТЭН)
Халықаралық қаржылық корпорация (ХҚК)
Халықаралық қаржылық корпорацияның қызмет стандарттары (ХҚК ҚС)
Өзара түсіністік меморандумы (ӨТМ)
Үкіметтік емес ұйым (ҮЕМ)
Қазақстан Республикасы (ҚР)
Wardell Armstrong International (WAI)
ҚЫЗЫЛ
ЖОБАСЫ
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-
шаралар жоспары
KZ10061/ММ1030
2016
ЖЫЛҒЫ
ҚАЗАН
Түпкілікті нұсқасы
V2.0
Бет 2
1
КІРІСПЕ
«Полиметалл» АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша «ПМ») тапсырысы бойынша Wardell Armstrong
International (бұдан әрі мәтін бойынша «WAI») мамандары Шығыс Қазақстан облысы Әуезов
ауылында орналасқан Қызыл алтын кені жобасының (бұдан әрі мәтін бойынша «Жоба»)
экологиялық және әлеуметтік әсерін бағалауды орындады. ЭӘӘБ жөніндегі есеп және есепке
ілестірілген техникалық емес сипаттағы түйіндеме 2015 жылдың желтоқсанында жарияланды.
ПМ қаржыландыруды сұрап Еуропа Қайта құру және Даму банкіне («ЕҚДБ») жүгінді. Жобаны
ЕҚДБ және ПМ өкілдері талқылағаннан кейін қосымша экологиялық және әлеуметтік
жұмыстар жөніндегі есеп жасалды. Есепті жасау мақсаты - ЭӘӘБ-ды және Жоба бойынша басқа
да экологиялық және әлеуметтік құжаттаманы ЕҚДБ экологиялық және әлеуметтік
талаптарына сәйкестендіру. Бұл талаптар ЕҚДБ-нің 2014 жылдың мамырында қабылданған
экологиялық және әлеуметтік саясатының бөлігін құрайтын жобаларды іске асыруға
қойылатын ЕҚДБ талаптары ретінде белгілі..
Аталмыш мәнмәтінде ЭӘӘБ бойынша есеп негізгі құжат ретінде, ал Қосымша экологиялық
және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі есеп, тиісті тараулардағы ЭӘӘБ бойынша
есепке сілтемесі
бар қосымша ақпарат ретінде қарастырылуы тиіс. Осы есеп ЭӘӘБ жөніндегі есеппен және оған
ілестірілген құжаттамамен бірге Жоба ЕҚДБ-нің директорлар кеңесіне бекітуге ұсынылмас
бұрын ЕҚДБ-нің қоғамдық ақпарат жөніндегі саясатының қағидаттарына сәйкес кемінде 60 күн
мерзімге жарияланатын есептілік топтамасын қалыптастырады. ЭӘӘЮ және қосымша
экологиялық және әлеуметтік жұмыстардың нәтижелерін жинақы ұсыну үшін, сондай-ақ
техникалық емес сипаттағы жаңа түйіндеме жасалды.
WAI мамандары ПМ және ЕҚДБ өкілдерінің қатысуымен Мүдделі тараптарды жұмылдыру
жоспарын әзірледі. Жоспардың мақсаты ЭӘӘБ негізгі зерттеулері кезеңінде, ЕҚДБ ЭӘӘБ
жөніндегі есебін жариялау уақытында және одан әрі жобаның бүкіл жүзеге асырылуы, оның
ішінде кейінгі-ЭӘӘБ бойына және кеніштің жабылуы кезеңінде мүдделі тараптармен
кеңестерді жүргізуді және өзара іс-қимылды басқарудан тұрады. Мүдделі тараптарды
жұмылдыру жоспарын ПМ жүйелі негізде, кемінде жылына бір рет жаңартып отырады, оған
қоса ықпал етуді төмендету шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізуге қатысу үшін жол
картасы беріледі. Бұл Жоспар ЕҚДБ талаптарына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Бұл Жоспарда мүдделі тараптарды ықпал етуді басқару мен мониторинг жүргізу үшін
деректерді жинауға, ықпал етулерді бағалауға және стратегияларды әзірлеуге қалай
жұмылдыру керектігі белгіленген. Құрылыс және пайдалану бойынша алдағы кезеңдер
барысында мүдделі тараптарды жұмылдыру жөніндегі іс-шаралар жобаның жұмысы туралы
мүдделі тараптарға ақпарат берілуін қамтамасыз етуге және оларды мониторинг жүргізу
үдерісіне және ықпал етуді басқаруға жұмылдыруға бағытталған.
ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-
шаралар жоспары
KZ10061/ММ1030
2016
ЖЫЛҒЫ
ҚАЗАН
Түпкілікті нұсқасы
V2.0
Бет 3
1.1
Байланысушы тұлғалар
Мүдделі тараптарға осы Жоспарды қарастыру және сол бойынша кері байланыс жасау
ұсынылады. ПМ бұл құжатты барлық мүдделі тараптарға жиналыстардың уақытында
(ұйымдастырылатын болады) басып шығарылған күйі, сондай-ақ ЕҚДБ жариялау процесі
арқылы (сондай-ақ 6-тарауды қараңыз) ұсынады. Құжат орыс және қазақ тілдерінде
қолжетімді болады. Барлық түсініктемелер мен сұрақтар қабылданады және олар төмендегі
берілген байланыс деректері бойынша жіберілуі тиіс.
Бейбіт Әскерқанұлы Әскерқанов, жұртшылықпен байланыс жөніндегі жетекші маман
«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС
Тел.: 8 (72347) -55-3-97 (ішкі 109)
Имейл: OS@bgp.polymetal.ru bodies.
Жергілікті тұрғындардың өздерінің тілектері мен сұрауларын жазбаша түрде баяндап, оларды
«БТӨК» ЖШС (№1 БӨП) аумағына кіреберістегі, сондай-ақ Әуезов және Шалабай кенттері
әкімдіктерінің ғимараттарында орналасқан кері байланыс жәшіктеріне салу мүмкіндіктері бар.
Әуезов кенті әкімдігінің байланыс деректері төменде келтірілген:
Имейл: Akimat.auezov@mail.ru
Мекенжайы: Мир көш., 90 "B"
Тел.: 8(72347) -55-3-57
ПМ жұртшылықпен байланыс жөніндегі ішкі маманы (бұдан әрі - жұртышлықпен байланыс
жөніндегі маман), Альмира Темірбекова, экологиялық бөліммен және декреттік демалыс
уақытындағы орынбасары Бейбіт Әскерқанұлы Әскерқановпен (жұртшылықпен байланыс
жөніндегі маман) бірге көпшілікпен мерзімдік консультацияларды және көпшілік
тыңдалымдарды өткізеді, сондай-ақ тиісті мүдделі тараптардың дерекқорын жүргізеді.
Мүдделі тараптарға ортақ сұрақтарын жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманға не оның
декреттік демалыс уақытындағы орынбасарына жолдау ұсынылды, олар бірінші кезекте,
шағымдардың, алаңдаушылық білдірулердің және сұрақтардың тіркелуіне жауап береді және
бірінші байланысушы тұлға ретінде болады.
1.2
Жобаның тарихы және анықтамалар