Және енгізілген



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата07.01.2020
өлшемі0,88 Mb.
#26009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.1 

Көп тілділік 

 

Оқу  процессіне  үш  тілдегі  оқытудың  инновациялық  технологияларын 

енгізу  жолымен,  бәсекеге  қабілетті  мамандарды  әзірлеуге  бағытталған  үш 

тілде білім беруді жүзеге асыру, 2016-2020 жылдарға үш тілдегі білім беруді 

енгізу Бағдарламасында сипатталған.  

 Қойылған  мақсатқа  қол  жеткізу  келесі  міндеттерді  жүзеге  асыру  кезінде 

мүмкін болады:  

–  үш  тілдегі  білім  беруді  табысты  түрде  ендіруге  арналған  нормативті 

базаны әзірлеу;  

–  тілдік  емес  мамандықтар  бойынша  сабақ  беретін  ПОҚ-ды  шет  тілінде 

оқытуға ынталандыру жүйесін әзірлеу;   

–  пәндердің  20%  екінші  тілде  және  30%  -  ағылшын  тілінде  жүргізу 

бөлігінде оқу бағдарламаларын әзірлеу;  

–  үш  тілдік  білім  беруді  ақпараттық  алып  жүру  жөніндегі  медиа-

жоспарын жыл сайын әзірлеу;  

–  үш  тілдік  білім  беруді  жүзеге  асыру  арқылы  студенттердің  кәсіби 

құзыреттерін  дамыту  үшін  ғылыми-зерттеу  жұмысын  оқу  процессіне 

интеграциялау;  

–  профильдік  және  арнайы  пәндер  бойынша  оқулықтарды,  оқу 

құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу және басып шығару, оның ішінде 

электронды тасымалдағыштарында;  

–  ағылшын тіліндегі 100% оқу-әдістемелік сүйемелдеуін қамтамасыз ету;  

–  қазақ/орыс  тілдеріндегі,  шетелдік  ретінде  100%  оқу-әдістемелік 

сүйемелдеуін қамтамасыз ету; 

–  білім беру бағдарламаларының құзыреттілікті-тілдік үлгісін әзірлеу;  

–  тілдерді оқудың деңгейлі үлгісін енгізу;  

–  халықаралық студенттік жобаларға іс шаралар жоспарын әзірлеу;  

–  халықаралық  жобалар  мен  ұйымдарға  қатысатын  студенттерді 

ынталандыру жүйесін әзірлеу;  

–  студенттердің  тілдік  және  коммуникативті  құзыретін  арттырудың  іс 

шаралар жоспарын әзірлеу, дәстүрлі және қашықтықты түрде.  

 

1.2 

Үлгерім бақылауы мен академиялық адалдық 

 

 «Мирас»  университеті  академиялық  адалдықты  білім  алушылардың 

зияткерлік  дамуының  ажырамас  бөлігі  деп  есептейді.  Академиялық 

алдаушылық  жағдайлары  университеттің  беделіне  елеулі  зиян  келтіруі 

мүмкін. Сондықтан барлық білім алушылар, оқытушылар мен қызметкерлер 

өзінің  білім  беру  және  кәсіби  қызметінде  адалдық  пен  әдептілікті  сақтауға 

міндетті.  Академиялық  алдаушылыққа  алып  келетін  жүріс-тұрысқа  қатаң 

түрде тыйым салынған.  



Академиялық адалдық – жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, 

дипломдық,  диссертациялық)  орындау  кезінде,  емтиханда  жауап  беру, 

зерттеулерде,  өз  көзқарасын  білдіру,  академиялық  қызметкерлермен, 



оқытушылармен  және  басқа  білім  алушылармен  қарым-қатынаста,  сонымен 

қатар  бағалау  кезінде  білім  алушының  адалдығын  білдіретін  құндылықтар 

мен  қағидаттардың  жиынтығы.  Академиялық  адалдықтың  қағидаттарын 

сақтау  білім  беру  процессінің  барлық  қатысушыларында  жеке  шыншылдық 

пен оқу үшін жауапкершілікті дамытады.  

Білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  тексеру  бақылау  мен 

аттестаттаудың  түрлі  әдістерімен  жүзеге  асырылады,  олар  университетпен 

жеке-дара өздігінше  анықталады.  

Білім  алушылардың  оқу  пәндері  бойынша  білімдерін  бақылау  мен 

бағалау  жөніндегі  іс-шаралардың  кешені  төмендегілердің  жүргізілуін 

көздейді:  

- ағымдағы; 

- аралық; 

- қорытынды бақылау. 

Бақылаудың  барлық  түрлері  білім  алушылармен  кәсіби  оқу 

бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.  

 Басқа  білім  алушылардың  өз  тапсырмаларын  орындау  нәтижелерін 

пайдалануға,  түрлі  дереккөздерден  алынған  материалдарды  тікелей 

көшірмелеуге,  білім  берудің  нәтижелерін  біржақты  әділетсіз  бағалауға  жол 

берілмейді.  

Академиялық  адалдық  қағидалары  білім  беру  процессінің  барлық 

қатысушыларында  өзінің  еңбегі  мен  басқа  адамдардың  еңбек  нәтижелеріне 

сыйластықпен  қарауды,  білім  алу  қызметінің  нәтижелерін  она  жасаушының 

зияткерлік  меншігі  ретінде  тануды  және  зияткерлік  меншікке  деген  сәйкес 

қарым-қатынасты қалыптастыру үшін әсер етуге арналған.  

Плагиаттың орнау фактісін анықтау кезіндегі тәртіптік жазалар.  

Плагиат — бұл сілтемелер арқылы дереккөздерді растамай, кез-келген 

түрде  біреудің  жұмысын  көшірмелеу,  өзгертіп  айту  және  қорытындылау, 

сондай-ақ оны өзінің жұмысы ретінде ұсыну.  

Плагиат  академиялық  нормаларды  бұзатын,  елеулі  этикалық  және 

тәртіптік олқылық болып табылады.  

Авторлық  материалдардың  үзіндісін  сөзбе-сөз  келтіру  қажеттілігі 

туындайтын  болса,  алынған  мәтінді  тырнақшаларға  алып,  бұл  мәтінді 

қамтитын  дереккөзге  сілтемені  қамтуы  қажет.  Бөтен  мәтінді  жеке  абзацта 

жақшаларсыз  келтіруге  рұқсат  етіледі,  бірақ  бұл  жағдайда  міндетті  түрде 

дереккөзге сілтемені көрсету қажет.  

 «Мирас»  университетіндегі  білім  алушылар  жазбаша  жұмыстарында 

сілтеме  жасайтын  дереккөздері  міндетті  түрде  библиографиялық  тізімде 

көрсетіледі.  

Аралық  және  қорытынды  аттестациялау  кезінде  білім  алушылардың 

жазбаша  жұмыстарындағы  плагитаттың  анықталуы,  тіпті  «Мирас» 

университетіндегі  білім  алушылардың  қатарынан  шығарылуға  дейінгі 

тәртіптік және академиялық жауапкершілік шараларын көздейді.  



Бұл  талаптар  ілім  алу  процессінің  барлық  қатысушылары  үшін 

бірыңғай  болып  табылады  және  Академиялық  адалдық  қағидаларында 

көрсетілген.  

Білім  алушылардың  оқу  қызметінің  нәтижелерін  бақылау  және 

академиялық адалдық нормаларын сақтау Дипломдық жұмыс (жоба) туралы 

қағидада,  «Мирас»  университетіндегі  білім  алушылардың  білімін  бақылау 

мен  бағалау  туралы  қағидада,  Білім  алушылар  үшін  тестілеуді  тапсыру 

жөніндегі ережелер жинағында кескінделген.  

 

 

1.3 



Курстық жұмыс 

 

Курстық  жұмыс  білім  алушының  өзіндік  жұмысының  ең  маңызды 

элементі  болып  табылады.  Курстық  жұмыс  (жоба)  –  бұл  реферат,  баяндама 

мен  бақылау  жұмысына  қарағанда,  оқу  курсының  таңдалған  мәселесін 

тереңірек және көлемдірек зерттеу. Ол кәсіби қызмет саласындағы теориялық 

немесе  қолданбалы  (тәжірибелі)  мәселелерді  шешу  кезіндегі  жеке-дара 

машықтардың дамуына бағытталған; білім алушылармен зерттеу қызметінің 

дағдыларын  иемденуге,  зерттеушілік  ойлау  қабілетін  меңгеруге,  білім  алу 

процессінде  белсенді  позицияның  қалыптасуына  бағытталған.  Жиі  түрде 

курстық  жұмыстарды  мамндық  бойынша  негізгі  болып  табылатын  пәндер 

бойынша орындайды.  

Курстық жұмысты (жобаны) орындау мақсаттары төмендегідей: 

-  оқытылатын  пәндер  бойынша  алынған  теориялық  білімдер  мен 

тәжірибелік дағдыларды жүйелендіру және жалпылау;  

-  берілген тақырыпқа сәйкес теориялық білімдерді терең ету;  

- жалпы және кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және жетілдіру;  

-  студенттерді  нақты  кәсіби  мәселелердің  әзірленуіне  тарта  отырып, 

кәсіби  маңызды  зерттеушілік  дағдылар  мен  ғылыми  ойлау  қабілетінің 

заманауи үлгісін дамыту;  

-  білім  алушылардың  теориялық  және  тәжірибелік  дайындығының 

деңгейін  тексеру  және  анықтау,  кәсіби  құзыреттілікті  қалыптастыру  шарты 

ретіндегі үздіксіз білім алу қажеттілігін өзекті ету;  

- ҚМА-ға дайындалу.  

Курстық  жұмысты  (жобаны)  жазу  кезінде  білім  алушының  келесіні 

көрсетуі  міндетті:  әдебиетпен  жұмыс  жасау  дағдылары,  ақпарат  көздерін 

талдай  алу  және  негізделген  шешімдерді  шығара  алу  қабілеті,  есептерді 

шығарудың түрлі әдістерін, формулаларын пайдалану және т.б.  

Курстық жұмыстардың (жобалардың) жүйесі студентті одан күрделірек 

мәселені орындауға – бітіруші жұмысты жазуға дайындайды.  

Түрлі  мамандықтар  үшін  курстық  жұмыстардың  жазылуы  Курстық 

жұмыс (жоба) туралы қағидамен, Магистратура мамандықтары үшін курстық 

жұмыс туралы қағидамен реттеледі.  

 

 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау