Және енгізілген



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата07.01.2020
өлшемі0,88 Mb.
#26009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР 

 

Болашақ маманның шығармашылық әлеуетін ашып көрсету, өндірістік 

мәселелердің  шешімі  үшін  жеке  жауапкершілікті  арттыру,  бүкіл  өмір  бойы 

мансаптық өсім мен оқуға ынталандыру  – заманауи жоғары білімнің негізгі 

сипаттамалары.  

Білім  беру  саласындағы  интеграциялық  процесстер  ішкі  және  сыртқы 

еңбек  нарығында  бәсекелестікті  айқындай  алатын  мамандарды  даярлау 

процессіндегі  өзгерістерді  қалыптастырады.  Өндіріс  пен  ғылымды  дамыту 

тенденцияларының  тұрғысынан,  бірінші  орында  алынған  құзыреттер  мен 

білім алу нәтижелері орналасады.  

 «Мирас»  университеті  –  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  және  ҚР 

жоғары  оқу  орындарының  арасындағы  танымал  жоғары  оқу  орны  болып 

табылады. 

Университет 

педагогикалық, 

экономикалық, 

заңгерлік, 

техникалық және т.б. мамандарды даярлайтын, жиырма жылдық тарихы және 

жоғары  білікті  кадрларды  даярлаудың  қалыптасқан  педагогикалық 

мектептері  бар  көп  бейінді  білім  беру  мекемесі  болып  табылады. 

Университет мемлекеттегі ғылым мен білімнің, мәдениет пен қағамдық-саяси 

өмірінің  дамуына  септігін  тигізген  ғалымдардың,  оқытушылар  мен  білім 

алушылардың жүйрік тобын мақтан тұтады.  

Университет 

білім 

алушылардың 



біліміне, 

дағдылары 

мен 

машықтарына  жоғары  талаптарды  қояды,  оқыту  және  қалыптасқан 



құзыреттер  мен  нәтижелерді  бақылау  үшін  жоғары  білікті  профессорлық-

оқытушылар  құрамы  тартылады, олардың  қатарына  ғылыми  дәрежелері бар 

жоғары  санатты  оқытушылар  мен  сыртқы  ұйымдардың  шақыртылған 

мамандары кіреді.  

Жеке тұлғаның қажеттіліктер мен мүмкіндіктерін қанағаттандыру үшін 

«Мирас»  университетіндегі  оқу  күндізгі,  сырттай  және  кешкі  болып 

ұсынылған.  

 Университетте 3 факультет құрылған: 

 

Экономика, құқық және ақпараттық технологиялар факультеті, 



 

Педагогика, өнер және тілдер факультеті, 



Университеттегі  мамандарды  даярлау  білім  алушылардың  базалық 

біліміне сәйкес жүргізіледі және білім алу мерзімдерімен ерекшеленеді.  

Білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны  аймақтың,  елдің  және 

халықаралық  қоғамдастықтың  кәсіби  еңбек  нарығының  ерекшеліктерін 

қанағаттандыруға  бағытталған.  Оқу  процессін  толыққанды  қамтамасыз  ету 

үшін 


барлық 

жағдай 


жасалған: 

қағаз 


және 

электронды 

тасымалдағыштарындағы  бай  кітапхана  қоры,  басып  шығарылған  түрдегі 

оқу,  ғылыми  және  оқу-әдістемелік  әдебиеттің  ұсынылуы  (ПОӘК  және  т.б.),  

сонымен  қатар  студенттің  порталында  зертханалық  қордың  заманауи 

компьютерлермен,  аппаратурамен  және  басқа  да  оқу  құралдарымен 

жабдықталуы,  оқытудың  белсенді  әдістерін  пайдалану,  компьютерлік 

сыныптарда кең-ауқымды ғаламтор мен wifi желісін ұсыну арқылы ішкі және 

сыртқы ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.  



Университет студенттердің сапалы білім алуына, жеке тұлғаның кәсіби 

және  мәдени-өнегелі  көріністеріне  қарым  қатынасты  қалыптастыруға  жан-

жақты ықпал етеді.  

 

 



1.  «Мирас» университетінде оқытудың кредиттік технологиясы 

бойынша оқу процессін жоспарлау және ұйымдастыру 

 

Университеттегі оқу процессі деп басқарушы, профессорлық-оқытушы 

құрамының,  оқу-көмекші,  әкімшілік-шаруашылық  қызметкерлер  мен  білім 

алушылардың  жоғары  білікті  мамандарды  даярлауға  бағытталған  мақсатты 

бірлескен қызметі түсіндіріледі.  

Кредиттік  технология  жинақты  болып  табылады,  яғни  жоғары  және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  деңгейлеріндегі  бұрын  меңгерілген 

кредиттердің артылып келе жатқан есебі.  

Кредиттік 

технологияны 

пайдалана 

отырып 


оқу 

процессін 

ұйымдастырудың негізгі міндеттері төмендегідей:   

1) білім көлемн унификациялау;  

2) оқуды максималды жекешелендіруге арналған жағдайларды жасау

3)  білім  алушылардың  өзіндік  жұмысының  рөлі  мен  тиімділігін 

күшейту;  

4)  бақылаудың тиімді процедурасының негізіндегі білім алушылардың 

нақты оқу жетістіктерін анықтау.  

Білім алудың кредиттік технологиясы төмендегіні қамтиды: 

-  әр  пән  бойынша  білім  алушылар  мен  оқытушылардың  еңбек  шығындарын 

бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;   

-  жеке  білім  беру  траекториясын  анықтауға  тікелей  қатысуын  қамтамасыз 

ететін, ЭПК-на енгізілген, білім алушылардың пәндерді таңдау еркіндігі;  

-  білім алушылардың оқытушыларды таңдау еркіндігі;  

-  білім  алушыларға  білім  алу  траекториясын  таңдауда  жәрдем  беретін 

эдвайзерлерді оқу процессіне тарту;  

- оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;  

-  білім  алушының  білім  беру  бағдарламасын  меңгерудегі  өзіндік  жұмысын 

белсендіру;  

-  факультеттердің,  кафедралардың  оқу  процессін  ұйымдастырудағы,  білім 

беру бағдарламаларын қалыптастырудағы академиялық еркіндігі;  

-  оқу  процессін  қағаз  және  электронды  тасымалдағыштарындағы  барлық 

қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;  

- білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;  

-  әр  оқу  пәні  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың 

баллдық-рейтингілік жүйесін пайдалану.  

Білім  берудің  кредиттік  технологиясының  мақсаты  білім  алушыларда 

өзін  өзі  ұйымдастыру  мен  өздігінен  білім  алу  қабілеттерін  дамытуды 

қамтиды.  

Университеттің  қызметі  «Мирас»  университетінде  білім  алудың 

кредиттік  технологиясы  бойынша  оқу  процессін  жоспарлау  мен 

ұйымдастырудың қағидасымен реттеледі.  

 

 



 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау