Ашық аспандағы қара бұлттар Қазақстан және атыс қаруы Николас Флоркин, Дәурен Әбен және Тахмина Каримова «Атыс қаруына шолу»



жүктеу 1,18 Mb.
Pdf просмотр
бет10/33
Дата01.01.2020
өлшемі1,18 Mb.
#25673
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33

18  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  19

компанияларын құруға болмайды. Заңға енгізілген соңғы өзгерістер 

қазақстандық күзет қызметтерін көрсетушілерге мемлекеттік құпияларды 

қорғауға қатысты заңды талаптарға сәйкес жағдайларда тәжірибе алмасу, 

қызметкерлерін жетілдіре дайындау және заманауи күзет жабдықтары 

мен технологияларын қолдану бойынша шетелдік күзет компанияларымен 

ынтымақтасуға рұқсат береді (ҚР, 2000b; 2010b). 2010 жылғы желтоқсан 

айындағы заңға енгізілген өзгерістер күзет компанияларынан басқа 

компанияларға өз қауіпсіздік күштерін қолдануға тыйым салып, басқа 

ұйымдардың қызметтерін пайдалануды талап етеді (Foster, 2011). Бұл заң 

талабы Қазақстанның ұлттық компанияларындағы қауіпсіздік күштеріне 

қолданылмайды (ҚР, 2000b; 2010b).



Қару көздері

Рұқсат етілген сауда

Кем дегенде 36 компания Қазақстанның азаматтық нарығында қару-жарақ 

пен оқ-дәрі сатады

14

. Олар әртүрлі пистолеттерді (мысалы, Steyr MA1); 



бір оқты мылтықтар (мысалы, Steyr Classic, Elite және Scout, сондай-ақ CZ 

452


, 527 және 550); және жартылай автоматты мылтықтар (мысалы, CZ 858 

және «Сайга») (Чеботарев, 2010). Дегенмен, бұл компаниялардың тек 

бірнешесі  ғана  Қазақстанда  қару-жарақ  немесе  оқ-дәрі  шығарады. 

Алматыда орналасқан «Анна» ЖШС Қазақстан азаматтық нарығына арнап, 

аң аулау және спортпен шұғылдануға арналған атыс қаруын шығаратын 

аз ғана өндірушілердің бірі (Чеботарев, 2010). Қазақстан Инжиниринг 

компаниясы, Петропавловск қаласында 5,45 мм, 7,62 мм және 9 мм оқ-дәрі 

және аң аулауға арналған оқ-дәрі шығаратын кәсіпорын құрмақ болды 

дегені мәлімденді. Жоба 19 млн. АҚШ долл. шамасында бағаланып, өндіру 

2007


 жылдың ортасында басталады деп болжалды. Сондай-ақ, Қазақстан 

Инжиниринг  Бішкектегі  оқ-дәрі  зауытын  сатып  алу  мақсатында 

Қырғызстанмен келіссөз жүргізгені де хабарланды, бірақ жобалардың 

ешқайсысы жүзеге аспаған сияқты (Барабанов, 2008, 32–33 бб). Қару-

жараққа тоқталсақ, Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы (БҚМК, 

бұрын Металлист зауыты болатын) аңшы мылтықтарын аз мөлшерде 

шығаруды жалғастыруда (Барабанов, 2008, 31-б.; Кенжегалиева, 2007)

15

.




20  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  21

1-ші кесте 



Жария етілген Қазақстанға импортталған атыс қаруының 

құны, БҰҰ-ның «Комтрейд» сауда дерекқоры категориялары бойынша, 

1992–2008 (АҚШ долл.)

Қару-жарақ түрі (БҰҰ-ның сауда дерекқоры 

категориясы)

Қазақстан 

мәлімдеген 

Экспорттаушылар 

мәлімдеген

Спорттық және аңшы бытыралы мылтықтары 

(930320)

6 792 782

23 105 081

Атыс қаруының оқ-дәрілері (930630)

5 041 847

5 068 017

Спорттық және аң аңшы мылтықтары (930330)

3 030 318

9 128 726

Пистолеттер мен револьверлер (9302)

2 828 276

1 112 119

Бытыралы мылтық патрондары (930621)

2 483 837

2 165 181

Әскери мылтықтар, пулеметтер және басқа (930190)

2 186 057

236 166


Пневматикалық мылтық бытыралары, қорғаныс 

бытыралар және бытыралы мылтық патрондарының 

бөлшектері (930629) 

995 054


3 534 458

Әскери қарулар (9301)

980 700

22 674


Бытыралы мылтықтардың немесе әдеттегі 

мылтықтардың бөлшектері мен керек-жарақтары 

(930529)

523 721


52 004 510

Револьверлердің немесе пистолеттердің бөлшектері 

мен керек-жарақтары (930510)

298 295


364 574

Бытыралы мылтық оқпандары (930521)

3 952

48 764


Барлығы__25_164_839__96_790_270__Дереккөз'>Барлығы

25 164 839

96 790 270

Дереккөз: БҰҰ-ның «Комтрейд» сауда дерекқоры (датасыз)

2-ші кесте 



БҰҰ Кәдімгі қарулар регистріне Қазақстан тарапынан 

хабарланған атыс қаруының импорты, категориялар бойынша, 2008–2010

Экспорттаушы ел

Жыл

Қару-жарақ түрі

Мөлшері

Германия 

2010

Қолмен ұстайтын оқпан асты және 



орнатылған граната атқыштары

18

Чех Республикасы



2009

Револьверлер мен өзі оқталатын пистолеттер

500

Ресей Федерациясы  2009



Револьверлер мен өзі оқталатын пистолеттер

400


Америка Құрама 

Штаттары


2009

Снайперлік винтовкалар

2

Германия 



2009

338 калибрлі снайперлік винтовкалар

14

Италия 


2009

Аңшы мылтықтары 

54

Ресей Федерациясы  2009



Аңшы карабиндері

1 380


Ресей Федерациясы

2009


Аңшы және спорттық қару-жарақтар 

330


Чех Республикасы 

2009


Аңшы және спорттық қару-жарақтар 

1 155


Германия 

2009


Аңшы және спорттық қару-жарақтар 

446


Австрия

2009


Аңшы және спорттық қару-жарақтар 

50

Австрия



2008

Револьверлер мен өзі оқталатын пистолеттер

100

Барлығы

4 449

Дереккөз: БҰҰҚБ (датасыз)



жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау