40
• ақпараттарды шұғыл өңдейді.
• Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады.
• Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді.
• Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады.
• Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді.
• Проблемаларды
қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжам жасайды.
• Проблемаларды анықтайды және шешеді.
• Барлығына талдау жасайды.
• идеяларды
тұжырымдап, дәлелдермен айғақтайды.
• Кең ауқымды білімді пайдалана алады.
• Пікірлер айтуда тәуелсіз және «неге», «қалай» деген сұрақ қойып, жаңалық ашуға
ұмтылады.
Креативті ойлаудың сипаттамасы:
• ерекше идеяларды табады.
• Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған.
• ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады.
• Әзілшіл.
• ерекше түсінік қалыптастырады.
• Эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі.
• Болашақты ойлағанды жақсы көреді.
• Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды.
• Көптеген идеяларды ойлап шығарады.
• жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын.
• ерекше нәрселерді іздейді.
Ынталандыру сипаттамасы:
• жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады.
• Дербес.
• Мақсатқа ұмтылады және өзіне мақсат қояды.
• Міндеттерді шешуде дәйекті.
• Табанды және іспен бар ынтасымен шұғылданады.
• Өзін-өзі сынауға және бағалауға бейім.
• Сенімді.
• Өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді.
Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:
• Қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады.
• Құрбы-құрдастары құрметтейді.
• Басқалармен жылдам тіл табысады.
• Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады.
• Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді.
• Топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады.
• Өзіне сенімді.
• жаңа жағдайларға тез төселеді.
• Спорттық іс-шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді.
• Әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан.
• Өзіне жауапкершілік алуға дайын.
• Іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады.
42
енгізілген бақылау үлгілері жасалды, мысалы: «
өте әсершіл, өз пікірін білдіреді» немесе
«
өзіндік әзілі бар».
Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа
пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. арнайы пәндер бойынша қабілеттері мықты болу
мүмкін. Британияның география қауымдастығы «күрделі үдерістерді түсіну, физикалық және
адамдық ортаның арасындағы өзара байланыс» сияқты мамандандырылған ерекше пәндік
салаларды да, сондай-ақ сенімді қарым-қатынасқа түсу, шығармашылық және ойлаудағы
бірегейлік, басқа адамдармен қарым-қатынас орната білу сияқты қасиеттерді қамтитын
бақылау парағын құрастырды.
Фриман (1998) төменде көрсетілген, ғылыми негізделген критерийлерді дарынды және
талантты балаларды анықтауда оңтайлы қолдануға болады деп санайды:
• олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны
пайдалана алады;
• олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын рет-
тей алады;
• олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;
• олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
• олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп,
қабылдай алады;
• басқаларға қарағанда олардың тәртібі жақсы;
• қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойындар
мен тапсырмаларға ұмтылады;
• ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;
• олар
ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Freeman, 1998).
Мұғалімдер өз сыныптарындағы дарынды және талантты балаларды анықтай алмауы
мүмкін болғандықтан, оларға жоғарыда аталған белгілерді анықтау үшін оқу барысында
оқушыларды мұқият бақылау қажет болады.
Мұғалімдерге осындай оқушыларды анықтауға қалай
көмектесуге болады?
америка Құрама Штаттарының Білім беру саласындағы зерттеу және жетілдіру кеңсесі
(1993) мектептерге дарынды және талантты оқушыларды анықтауға көмектесетін бес тапсырма
ұсынған:
• талантты оқушылардың әртүрлі
қабілеттерінің өрісін белгілеу;
• мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей
мүмкіндік ұсыну;
• оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті
жетістіктерін анықтау;
• ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану;
• уәждеуді оқушылардың жетістігі үшін ерекше маңызы бар қозғаушы күш деп бағалау.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым
«күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан. Эйр (2001)
Выготский мен Катцтың еңбектерінен дәйексөз келтіре отырып, теория мен зерттеулерді
табиғатты зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырады. Міндет қоя отырып жұмыс істеу
оқушыларды жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде жұмыс істеуге міндеттейді.
Ол, Выготский бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын
жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін «жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде
балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр
теорияның осы бөлігін пайдалана отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс
енгізу жөніндегі ұсынысында ол жоспарда жоғары деңгейлі ойлау, біліктілігін дамыту және
проблемаларды шешу дағдылары қамтылуы керектігін айтады.