Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет23/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95

73
дамудың ең күрделі және күнделікті өмірге байланысты. Сондықтан 
басқарудың бақылау функциясы бұл үдерісте өзекті мәселе.
Бағаның  деңгейін  қалай  болса  солай  белгілеуге  үзілді-кесілді 
тыйым  салынуы  үкіметтің  әлеуметтік  саясатының  негізі  болып 
табылады.  Бағаның  ауытқулығы  әрдайым  билік  органдарының 
назарында болуы қажет. Бұлай болатын себеб – халықтың күнделікті 
тірлігі, жай – күйі нақтылы айтқанда баға мен табыс деңгейлеріне 
байланысты.
Бағаны стратегиялық басқару – бұл ұзақ мерзімді және күнделікті 
бақылауды қажет ететін құбылыс.
Бірінші бөлім – Стратегиялық менеджмент 
теориясының негіздері.
Негізгі сұрақтар
1.  Басқару теориясының ғылыми негіздемесі
2.  Өндірісті басқару теориясы білім жүйесі ретінде
3.  Стратегиялық  басқарудың  объектілері  және  олардың 
сипаттамасы
4.  Стартегиялық және оперативті басқару
5.  Стратегиялық басқарудың ерекшеліктері
6.  Стратегиялық миссия
7.  Стратегиялық мақсаттар
8.  Стратегиялық басымдықтар
9.  Стратегиялық менеджменттің мақсаттары
10.  Саладағы жағдайды талдау
11.  ӘТЭС-талдауының ерекшеліктері
12.  ӘТЭС – талдауының факторлары
13.  КӘМҚ (SWOT) талдауын пайдалану
14.  Талдаудағы Портер үлгісі
15.  Басқарушылық талдаудың принциптері
16.  Ансофф матрицасы мен үш мөлшерлі Абель сызбасы
17.  Бәсекелік теориясының мазмұны
18.  Тауарлардың бәсекелестік артықшылықтары
19.  Аймақтардың бәсекелестік артықшылықтары 
20.  Бәсекенің стратегиялары
21.  Бәсекелік күштерді жіктеу
22.  Бәсекелестік жетістіктердің факторларын сараптау


74
23.  Стратегиялық менеджменттегі маркетингтің рөлі
24.  Стратегияны әзірлеудегі өсиеттер
25.  Стратегиялық басқарудағы өнім рөлдері
26.  Әртараптандыруды бағалау проблемалары
27.  Әртараптандырудың алты стратегиясы
28.  Жоспарлау стратегиялық жүйесінде
29.  Стратегияны жүзеге асыру үлгісі
30.  Стратегиялық  менеджментте  адам  ресурстарын  пайдалану 
стратегиясы
31.  Корпоративтік стратегияның ерекшеліктері
32.  Фирма стратегиясының артықшылықтары
33.  Стратегиялық басқарудағы қайшылықтар проблемасы
34.  Қайшылықтардың пайда болу себептері
35.  Жеке адамдар арқылы басқару
36.  Сапаның стратегиялық жүйедегі рөлі
37.  Өнім сапасын басқару
38.  Сапаға қойылатын талаптар
39.  Тауар сапасының көрсеткіштер жүйесі
40.  Сапа стратегиясында болжау проблемалары
41.  Сапаны  басқарудағы  Жапония  тәжірибесі.  Республикада 
ұйымдастыру шаралары
42.  Бағаны  басқару  стратегиясының  әлеуметтік-экономикалық 
орны
43.  Бағаны қалыптастырудың факторлары
44.  Ресурс сақтау стратегиясы
Бірінші бөлім бойынша негізгі әдебиеттер
1.  Акио Морита. Сделано в Японии: история фирмы «Сони». 
–М.: 1995
2.  Бердалиев К., Өмірзақов С. Ы., Есенғазиев Б. К., Ерғалиев Қ. 
Р. Басқару негіздері. Оқу құралы. –Алматы. «Экономика», 1997.
3.  Бердалиев К. Б. Менеджмент. Лекциялар курсы. – Алматы: 
Экономика, 2005.
4.  Бердалиев  К.  Б.  және  т.б.  Менеджмент  теориясы  мен 
тәжірибесі. –Алматы, 2002.
5.  Виханский О. С. Стратегическое управление. Учебник, 2-е 
изд. М.: Гардарика, 1998.


75
6.  Гапоненко  А.  А.,  Панкрухин  А.  П.  –  Стратегическое 
управление. Учебник для студентов,  обучающихся по специальности 
«Менеджмент». 3-е изд. М.: Омега, 2008.
7.  Гольдштейн Г. Я. – Стратегический менеджмент, 1995.
8.  Дэвид  Кэмпбел..  Джордж  Страун  Хаус,  Билл  Хьюстон 
–  Стратегический  менеджмент.  Учебник.  Пер.  С  англ.  М.:  000 
«Издово». Проспект, 2003.
9.  Маркова В. Д. – Стратегический менеджмент: курс лекции. 
– М.: ИНФРА – М: 2005
10.  Мескон М. Х., Альберт М., Хедоури  Ф. Основы менеджмента: 
Пер. с англ. –М.: Дело, 1992
11.  ОБЭР – Крие Дж. Управление предприятием: пер. с фран. 
–М. Прогресс, 1973
12.  Республиканская программа «Качество» на 2001-2005 года. 
Казахстанская правда. 19 мамыр 2001ж.
13.  Томпсон  А.  А.,  Стрикленд  А.  Дж.  –  Стратегический 
менеджмент. М.: «Банки и биржи» Изд. Объединение «ЮНИТИ», 
1998.
14.  Фатхутдинов Р. А. – Стратегический менеджмент. Учебник. 
7-е изд. М.: Дело, 2005.


76
Екінші бөлім, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ 
МЕНЕДЖМЕНТ
13. Экономикалық егемендік жолындағы алғашқы 
стратегиялар
Қазақстан экономикасын стратегиялық 
басқарудың саяси-экономикалық негіздері 
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын 
басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігі болып 
табылады.  Сексенінші  жылдардың  екінші  жартысынан  бастап 
бұрынғы Кеңес Одағында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси 
ахуал қарама – қайшылықтар  сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты 
көрсетті.
Мәскеудің  Республика  мен  оның  аймақтарының  мүдделерін 
ескермеуі,    қоғамдық  және  территориялық  еңбек  бөлінісінде 
орын  алғандай,  мекемелік  және  жергілікті  мүдделердің  қарама-
қайшылығын  үдете  түсіп,  табиғи  ресурстардың  бей  –  берекет 
пайдалануына  мүмкіндік  берді,  мұның  ақыры  экономикалық 
ахуалдың  шиелене  түсуіне  әкеліп  соқтырды.  Тұрақсыздықтың  ең 
басты  себебі,  жоғарыда  аталғандай,  жүйенің  ішкі  тоқырауында 
болды. Кеңестік жүйенің күйреу алдындағы айқын дәлел ауқымды 
кезекке тұру, ақшаның құнсыздануы болды. Тіпті 1993 жылдың аяқ 
кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен 
қатар,  көптеген  мемлекеттердің  тәжірибесі  айқын  дәлелдегендей, 
барлық  шаруашылық  жүргізу  жүйелерінің  ішіндегі  ең  тиімдісі 
нарықтық  экономика  еді.  Ол  еңбекті  ынталандыруды  жетілдіреді, 
өнім  өндірушілердің  экономикалық  дербестігін  қамтамасыз  етеді, 
өндірушілердің  монополиясына  жол  бермейді  және  өндірісті 
тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда  терең  де  батыл  өзгерістерді  жүзеге  асыруда 
нақтылы  алғышарттар  қажет  болды.  Осы  бағытта  1990  жылы 
25  қазанда  «Қазақстанның  мемлекеттік  егемендігі  туралы 
Декларациясы» және 1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың 
Ата  Заңының  (Конституциясының)  қабылдануы  мемлекетіміздің 
тарихындағы  жаңа  сәт  болып  табылды.  Қазіргі  кезде  Қазақстан 
Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші 
Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау