Білім алушылардың аралық аттестаттауы
Білім алушылардың аралық аттестаттау кезеңі емтихан тапсыру түрінде
өткізіледі және емтихан сессиясы деп аталады.
Олар қысқы және жазғы емтихан сессиясы деп бөлінеді. Бұл жерде жазғы
емтихан сессиясы көшпелі болып табылады, соның нәтижелері бойынша курстан
курсқа көшіру туралы бұйрығы шығарылады.
Білім алушылардың аралық аттестаттауы академиялық күнтізбе және жұмыс оқу
жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Пән немесе оның бөлігі бойынша емтихан білім алушының семестр бойы
жұмысын, алған теориялық білімін, олардың игеру мықтылығын, шығармашылық
ойлау қабілетінің дамуын, өздігінен жұмыс жасау дағдыларының игерілуін білім
алушының жұмысын бағалау, алған білімдерін синтездей білу және оларды
практикалық есептерді шығару үшін қолдана білуін бағалау мақсатын көздейді.
Білім алушылар жеке оқу жоспарларына қатаң сәйкес келетіндей бақылаудың
барлық түрлерін тапсыруы тиіс.
Білім алушылар қосымша оқыту түрінің пәндері бойынша емтихан тапсыруы
мүмкін, олардың тапсыру нәтижелері тізімдемеге, сынақ кітапшасына, транскрипт,
аяқталмаған жоғары білім туралы анықтамаға енгізіледі.
Емтихан материалдары білім алушыларға сессияға дейін 2 ай бұрын берілуі тиіс,
сондай-ақ тест тапсырмалары 360-тан асатын тестілер базасы жауаптар
нұсқауларының көрсетілуімен, ал 360-тан кем болса – пәнді оқытатын кафедраның
шешімі бойынша жауаппен не болмаса жауапсыз беріледі.
Тест тапсырмаларының көлемі 1 кредитке 120 сұрақтан кем емес
пропорциясына сәйкес келуі тиіс, бірақ пән бойынша 400 тест тапсырмаларынан
аспауы тиіс.
Қосылғанда сомасы 6 кредиттен аспайтын екі немесе одан да көп жақын пәндер
бойынша кешенді емтихан белгіленуі мүмкін.
Дене шынықтыру сабағы бойынша дифференциалды сынақ емтихан
сессиясының соңына дейін қабылданады. Сессия соңында дене шынықтыру сабағы
бойынша дифференциалды сынақ болмаған жағдайда, ол академиялық қарыз деп
есептелінеді және ақылы негізде жойылады.
Оқу төлемі бойынша қарызы бар білім алушылар сессияға жіберілуі туралы
факультет деканының/институт директорының өкіміне тіркелмейді. Дене шынықтыру
сабағы бойынша дифференциалды сынақ сессияға жіберілуіне әсер етпейді.
Семестрдің соңғы күні факультет деканаты/ТжӘИ директораты сессияға жіберілуі
туралы өкім шығарады.
Пән бойынша емтиханға 50 ұпайдан кем емес жіберілу бағасы бар және сол пән
бойынша оқу жоспарында қарастырылған курстық жұмысты/жобаны оң бағаға
қорғаған білім алушылар жіберіледі.
Емтихан өткізу тәртібі
15
Емтихан барысында білім алушылар пәннің силлабусын (жұмыс оқу жоспарын)
және анықтамалық әдебиетті пайдалана алады.
Білім алушыға факультет деканының/ТжӘИ директорының келісімі бойынша
емтихан тапсыру тілін (қазақ, орыс) таңдау құқығы беріледі. Бұл үшін оқыту тілінен
басқа тілде емтихан тапсыруға ниет білдірген білім алушы сессия басталмастан 2 ай
бұрын факультет деканының/ТжӘИ директорының атына өтініш жазады, факультет
деканы/ТжӘИ директоры өз кезегінде білім алушы өтінген тілде емтихан қабылдау
бойынша комиссияны қалыптастырады немесе экспертті тағайындайды.
Емтихандағы білім алушының үлгрімі 0-ден бастап 100-ге дейін ұпаймен
анықталады. Тестілеу түрінде өткізілетін емтихандарда білім алушы 50 сұраққа жауап
беруі қажет (1 дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады). Есептеулер жасауды және
уақытты қажет ететін пәндер үшін бір сұраққа 2 минут уақыт беріледі, мысалы,
математика, физика, химия, сонымен қатар кешенді емтихандарда компьютерлік
тестілеу түріндегі емтихан өткізу өтінімінде оқытушымен 1 емтихан үшін 25 сұрақ
көрсетіледі. Емтихан ұпайлары ретінде дұрыс жауаптар саны есептелінеді (25 сұрақ
үшін – 1 дұрыс жауап 4 ұпаймен бағаланады).
Әріптік
жүйе
бойынша
баға
Білім, іскерлік пен дағдыларды бағалау
критерийлері
Ұпайы
%-
дық
мәні
Дәстүрлі
жүйе
бойынша
баға
ауызша емтиханда
А
Қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап
берілді, пән бойынша игерілген білімдердің
жиынтығы, сұрақтардың негізгі жағдайлары
дәлелді түрде ашылған; жауапта ұғымдар,
теориялар, құбылыстардың мәнін ашатын нақты
құрылым, логикалық жүйелілік байқалады. Пән
бойынша білімі оның аталмыш ғылым жүйесінде
және пәнаралық байланыс аясында түсінігінен
көрінеді. Жауап заманауи терминологияның
қолданылуымен әдеби тілде берілген. Жауап беру
барысында студентпен өздігінен түзетілген кейбір
ұғымдардың анықтамасындағы қателіктерге жол
беріледі.
4
95-100
өте жақсы
A-
3,67
90-94
B+
Қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап
берілді, маңызды және маңызды емес белгілерін,
себептік-дәйектік байланыстарды анықтай білуін
көрсетті.
Жауап
толық
құрылымданған,
логикалық,
заманауи
терминологияның
қолданылуымен
әдеби
тілде
берілген.
Оқытушының көмегімен студентпен түзетілген
анық емес немесе маңызды емес 2-3 қатеге жол
беріледі.
3,33
85-89
жақсы
B
3,0
80-84
B-
2,67
75-79
C+
Жауап толыққанды емес және тақырыпты толық
қамтымайды. Жауап беру кезінде логика мен
бірізділік сақталмайды. Ұғымдарды түсіндіру,
терминдерді қолдануда қателер жіберілген.
Студент маңызды және маңызды емес белгілерді,
себепті-дәйектік байланысты өз бетімен анықтай
алмайды.
Жауапта
қорытындылар
жоқ.
2,33
70-74
қанағаттанар
лық
C
2,0
65-69
C-
1,67
60-64
D+
1,33
55-59
D
1,0
50-54
16