Саланың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
19
Қазақстанда компосттау кең таралмаған және әдетте оны халық жеке үйде
немесе бақша телімлерінде қолданады. Дегенмен, компосттау үрдісі
орталықтандырылуы да мүмкін және органикалық қоқыстарды қайта өңдеу
бойынша зауыт сияқты арнайы алаңдарда іске асырылады. Осы үрдістің соңғы
өнімі компост болып табылады, оған ауыл шаруашылығында түрлі қолданыс
табуға болады.
Қоқыстарды (ҚТҚ) термиялық қайта өңдеу
Тұрмыстық қалдықтар органикалық фракцияның жоғары пайызына ие
болғандықтан, ҚТҚ қайта өңдеу үшін көп жағдайда термиялық тәсілдерді
қолданады. ҚТҚ термиялық өңдеу қалдықтардың көлемі мен массасын азайту,
залалсыздандыру және энергия тасымалдағыштар мен инертті материалдарды
(кәдеге жарату мүмкіндігімен) алу үшін қажетті қалдықтарға жылулық әсер ету
үрдістерінің жиынтығы болып табылады.
Термиялық өңдеу әдісінің мағызды артықшылығы болып табылады:
қалдықтарды тиімді залалсыздандыру (патогенді микрофлораны толық
жою).
қалдықтардың көлемін 10 есеге дейін азайту.
органикалық қалдықтардың энергетикалық әлеуетін пайдалану.
ҚТҚ көптеген қайта өңдеу тәсілдерінің болуынан оларды жағу кеңінен
таралған. Жағу тәсілінің негізгі артықшылықтары:
технологиялардың жоғары деңгейде сыналуы
сериялап шығарылатын жабдықтар.
пайдаланудың ұзақ уақытылы кепілдік мерзімі
жоғары автоматтандыру деңгейі.
Полигондарда жағу – бір жағынан қалдықтардың алаңдарының көлемін
қысқартады, бірақ экологияға едәуір зиян тигізеді.
Төмен температуралық пиролиз – атмосфераға зиянды заттардың
шығарылмауы және электрлік және жылу энергиясын алу үшін пайдалануға
болатын көп мөлшерде жылудың түзілуі, бірақ қайта өңделетін қалдықтарға
нақты талаптар қойылады, атап айтқанда, алдымен олар сұрыпталуы керек.
Қоқысты плазмалық қайта өңдеу — бастапқы шикізатқа қатаң талаптарды
қоймайды, сәйкесінше сұрыпталмаған қоқыстарды да кәдеге жаратуға болады.
Құрылыс материалдарын және қыш тақталарды жасау үшін пайдаланылатын
екінші өнім түзіледі.
Қоқысты жағу саласының негізгі даму тенденциясы – қоқыстарды тікелей
жағудан жанармай фракциясындағы ҚТҚ алынған қалдықтарды оңтайлы жағуға
көшу және қоқысты жою үшін жағу тәсілінен қосымша электрлік және жылу
энергиясын алуды қамтамасыз ететін жағу үрдісіне көшу.
Және қазіргі уақытта келешегі бар тәсілдерді бірі плазмалық технология
болып табылады, осының арқасында шлактың балқу температурасына қарағанда,
жоғары температура қамтамасыз етіледі, бұл зиянсыз шындалған өнімді және
пайдалы энергияны алуға мүмкіндік береді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды плазмалық қайта өңдеу
Саланың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
20
Қатты тұрмыстық қалдықтарды плазмалық қайта өңдеу қоқыстарды
газдандыру рәсімі болып табылады. Осы тәсілдің технологиялық сұлбасы
биологиялық қалдықтардан бу мен электр энергиясын алу мақсатында
қалдықтарды газдандыруды көздейді. Плазмалық қайта өңдеу үрдісінің құрамдас
бөлігі пиролизденбейтін қалдықтар немесе шлак түрінде қатты өнімдерді алу
болып табылады.
Жоғары температуралық пиролиздің айқын артықшылығы – осы әдістеме
экологиялық таза және техникалық тараптан қарапайым түрде құрғату, сұрыптау
және т.б. сияқты алдын ала дайындамай тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге
және жоюға мүмкіндік беруі. Және де осы әдістемені пайдалану басқа ескірген
әдістемелерге қарағанда, экономикалық тұрғыдан тиімдірек. Осы технологияны
пайдаланғанда, соңында алынатын шлак қауіпсіз өнім болып табылады және
кейін пайдаланылуы мүмкін.
Плазмалық-химиялық үрдістер бастапқыда ядролық қалдықтарды қайта
өңдеу кезінде қолданылған болатын. Кейінірек Израильдағы қайта өңдеуші
зауытты салу кезінде іске асырылған қоқыстарды плазмалық қайта өңдеу
технологиясын жасау идеясы пайда болды. Оның жұмыс өнімділігі сағатына мың
килограмм қатты тұрмыстық қалдықтарды құрайтын.
ҚТҚ плазмалық қайта өңдеу қоқыстың ыдырауы кезінде пайда болатын улы
материалдар
мен
газдардан
толығымен
арылуға
мүмкіндік
береді.
Плазмотрондағы жоғары температураның арқасында қоқыстың ыдырау үрдісі іске
асады. Жалпы алғанда, қайта өңдеу бірнеше сатылан тұрады. Соңғысында
шикізатты қара шыны тәріздес массаға қайта өңдеу іске асады, ол сырт пішіні
бойынша бастапқы қатты тұрмыстық қалдықтарға шамалы ғана ұқсауы мүмкін.
Қатқаннан және ұсақтатқаннан кейін осы массаның бөлшектері кәдімгі кварцқа
ұқсайтын болады. Шығатын өнімнің көлемі қайта өңделетін қоқыстың көлемінен
50 есе аз. Экологиялық тұрғыдан алынған материал таза болып табылады және
құрылыс материалдары ретін пайдаланылуы мүмкін немесе жер астында сақталуы
мүмкін.
Осы технология улы заттардың шығарылуының азаюына кепілдік береді,
сонымен қатар жағу кезінде пайда болатын күйе қалдықтарынан босатады. Қайта
өңдеу өнімдері жанатын газ болып табылады, ол электрлік және жылу энергиясын
алу үшін пайдаланылады, сонымен қатар бейтарап шыны тәріздес шлак, ол
құрылыс және жол материлдарын жасау кезінде қолданылуы мүмкін.
2012 жылдағы жағдай бойынша плазмалық технологияны жасаумен және
қоқыстарды қайта өңдеу үшін жабдықтармен айналасатын шамамен 30 компания
болатын. Ең ірілері Канадада (Alter NRG), АҚШ-та (Westinghouse Plasma
Corporation), Францияда (Europlasma), Ұлы Британияда (Advance Plasma Power
және Tetronics Ltd), Жапонияла (Prometron Technics Corporation) және Израилтьде
(E.S.T.) орналасқан.
Бірақ, плазмалық технологияның жақсы зерттелуіне және игерілуіне
қарамастан, ол әлі де ҚТҚ қайта өңдеу саласында кең таралмаған. Осының бір
себебі төмен температуралық плазманың (плазмотрон) генераторының аз жұмыс
ресурсы болып табылады. Бұан басқа, плазмалық доғалық разряд – айтарлықтай
Достарыңызбен бөлісу: |