68
6.6-сурет – Изокостаның бұрыштық
шешімі
Тепе-теңдік Е нүктесі изоквантаның бірімен изокостаның
жанасу
нүктесіне сәйкес келетін болады (6.7-сурет). Фирма
изокоста және изоквантаның жанасу нүктесінде ӛнімдердің осы
шығарылымдарына ең аз шығындалады.
6.7-сурет – Ӛндірушінің тепе-теңдігі
Шығындарды барынша азайту ережесі келесілерден тұрады:
егер ӛндірістің бір факторының шекті ӛнімінің оның бағасына
ақшалай кӛрінісінің қатынасы оның ӛндірістің екінші
факторының шекті ӛнімінің оның бағасына ақшалай кӛрінісінің
катынасына тең болса, ӛнімдердің белгілі бір кӛлемін ӛндіруден
шығындар минимум болады.
мұнда: 1,2 және n- ӛндіріс факторлары.
Пайданы барынша кӛбейту ережесі шығындарды барынша
азайту тәртібін әрі қарай дамыту болып табылады және оны
69
келесі түрде тұжырымдауға болады. Фирма ӛндірістің әрбір
факторының ӛлшенген шекті ӛнімділігі ӛзара тең және
бірліктерге тең болған жағдайда ғана пайданы барынша кӛбейте
алады.
Аталған ереже тек қана жетілген бәсекелестік нарығында,
нарық қызметіндегі ӛндіріс факторлары жетілген бәсекелестік
шарттарынан алшақ болса да, қолданылатынын атап ӛту керек.
Ӛндірушінің тепе-теңдік теориясын талдау фирманың «даму
жолы» деп аталатынмен анықтауға мүмкіндік береді. Егер
ӛндірушінің бюджеті тұрақты ӛсетін болса, онда изокостаның
изоквантамен жанасу нүктелерін қоса отырып, OS - «даму
жолы» сызығын аламыз.
6.8-сурет - Фирманың «даму жолы» сызығын салу
Тақырыпты
аяқтай отырып, «масштабтан үнемдеу» ұғымын
қарастырамыз. Бұл ретте мыналар ерекшеленеді:
1) масштабтан ӛсетін үнемділік;
2) масштабтан кемімелі үнемділік;
3) масштабтан тұрақты үнемділік.
1) Егер изокванта арасындағы ара қашықтық азаятын болса,
бұл масштабтан ӛсетін кайтарым болады дегенді білдіреді.
72
7 ФИРМА ТЕОРИЯСЫ
7.1 Фирма қызметінің мақсаты. Экономикалық пайда.
Бухгалтерлік пайда
Фирма теориясы максимум пайда алуға деген ұмтылыс
принципіне, яғни табыстар және шығындар арасындағы
айырмашылықты ұлғайтуға негізделген. Максимум пайданы
алуға деген ұмтылыс - бұл фирма тәртібін қысқа мерзімді,
сондай-ақ ұзақ мерзімді кезең ішінде анықтайтын критерий.
Қысқа қезеңнің ұзақтығы салаларынан, технология және
басқа себептерден байланысты болады. Мысалы, қысқа кезең
металлургиялық салаларда жеткілікті ұзақ, ал балмұздақ ӛндіруде
ӛте ұзақ емес. Бұрынырақ аталғандай фирма ұзақ мерзімді
кезеңде ӛндірістің барлық факторларының кӛлемін ӛзгерте
алады.
Сондықтан олардың барлығы айнымалы болып табылады.
Фирма бұл кезеңде еңбекті капиталмен ауыстыруға немесе
керісінше ең жақсы түрде ӛнімдерді шығаруда аталған кӛлемін
барынша азайту мақсатында факторларды араластыруға
ұмтылады.
Шығындар
шамасы
кәсіпорынды
ӛндіру
технологиясымен анықталады.
Фирма теориясы батыстың экономикалық әдебиеттерінде
пайданы барынша кӛбейту принципіне құрылған. Алайда фирма
қызметін дәлелдеудің басқа теориялары болады:
-
біреуінде фирма мақсаты - пайданы емес, ал сату кӛлемін
барынша кӛбейту мақсаты;
-
басқа тұжырымдарға, авторы американдық профессор
Г.Саймон болып табылатын, «қанағаттандыру» теориясына
сәйкес, фирма пайданың белгілі бір деңгейіне қол жеткізу үшін
ұмтылады, әрі қарай оны барынша азайту үшін күштерді
қабылдамайды.
Слайдта пайданы барынша азайтудың осы және басқа
теорияларында, тіпті егер фирма мақсатын мойындамаса да,
бәрібір экономикадағы қозғаушы күші болып саналады.
Экономикалық және бухгалтерлік пайда дефинициясы
экономикалық және бухгалтерлік шығындарды қарастыру кезінде
анықталған еді (6.1-тарауы). Бухгалтерлік пайда кӛрінбейтін