16
5 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
5.1 Білім
беру
ұйымдарын
аккредиттеу
рәсімі
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы Заңының 9-1 бабы, 4
тармағына сәйкес білім беру ұйымының өтініші бойынша жоғары оқу
орнының қаражаты есебінен жүргізіледі.
5.2 Жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу берілген
осы стандарттар мен критерийлер негізінде жүргізіледі.
Стандарт 1. Миссия, стратегиялық жоспарлау және сапаны қамтамасыз
ету саласындағы саясат
Стандарт 2. Менеджмент және ақпаратты басқару
Стандарт 3. Студенттер, студентке орталықтандырылған білім беру,
оқыту және үлгерімді бағалау
Стандарт 4. Студенттерді қабылдау, оқыту нәтижелері, тану және
біліктіліктер
Стандарт 5. Білім беру бағдарламалары: оларды әзірлеу, тиімділігі,
үздіксіз мониторингтеу және мерзімдік бағалау
Стандарт 6. Профессор- оқытушылар құрамы және оқыту тиімділігі
Стандарт 7. Ғылыми- зерттеу жұмыстары (шығармашылық қызмет)
Стандарт 8. Ресурстар және студенттерді қолдау қызметтері
Стандарт 9. Жұртшылықты ақпараттандыру
Стандарт 10. Сыртқы сапаны мерзімдік қамтамасыз ету және кейінгі
рәсімдер
5.3 Аккредиттеу туралы шешім БСҚА-ның Аккредиттеу кеңесінде
қабылданады.
5.4 БСҚА Аккредиттеу кеңесінің құрамына жоғары оқу орындарының,
жұмыс берушілердің, студенттердің, сарапшылардың, мемлекеттік емес
ұйымдардың және қауымдастықтың өкілдері енеді.
6 ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ
МЕН КРИТЕРИЙЛЕРІН ЕНГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
6.1 Институционалдық аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін
енгізудің негізгі мақсаттары:
6.1.1 сапаны
қамтамасыз
етудің
халықаралық
тәжірибесімен
үйлестірілген, білім беру ұйымдарын аккредиттеудің ұлттық моделін енгізу;
6.1.2 ұлттық жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары қызметінің,
кәсіптік және білім беру бағдарламалары сапасының жоғары стандарттарын
орнату;
6.1.3 жылдам өзгермелі сыртқы ортаның талаптарына сәйкес сапаны
қамтамасыз етудің ішкі жүйесін әзірлеу мен жетілдіруде жоғары оқу
орындарына көмектесу және қолдау;
17
6.1.4 жоғары
оқу
орындарында
сапа
мәдениетінің
дамуын
ынталандыру;
6.1.5 жоғары оқу орындарында басқару мен менеджментті жақсартуға
жәрдемдесу;
6.1.6 мамандарды даярлау сапасын жетілдіру мен үздіксіз жақсартуға
жәрдемдесу;
6.1.7 білім беру қызметінің сапасы туралы сенімді ақпаратты ұсыну
арқылы қоғам мүддесін және тұтынушылардың құқығын есепке алу және
қорғау;
6.1.8 оқу процесі мен ғылыми зерттеулерде тұрақты инновацияны
қолдау;
6.1.9 аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары туралы ақпаратты
жұртшылыққа жария ету болып табылады.
7 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ
АККРЕДИТТЕУДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
7.1 Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұсынылған
стандарттары келесі принциптерге негізделген:
7.1.1 жоғары оқу орындарын аккредиттеу рәсімі ерікті түрде өткізіледі;
7.1.2 жоғары білім беру сапасының негізгі жауапкершілігі білім беру
ұйымына жүктеледі;
7.1.3 сыртқы бағалау шынайы, ашық және үшінші тұлғалардан
(мемлекеттік органдардан, жоғары оқу орындарынан және қоғамдық
ұйымдардан) тәуелсіз жүргізіледі;
7.1.4 жоғары оқу орындары ұсынған ақпаратты БСҚА құпия түрде
қолданады;
7.1.5 Аккредиттелген жоғары оқу орындары туралы еліміздегі және
шетелдегі жұртшылықты ақпараттандыру ҚР Білім және ғылым
министрлігіне ақпарат ұсыну және агенттіктің веб- сайтында аталған
ақпаратты орналастыру жолымен жүргізіледі.
8 ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУДІ ЖҮРГІЗУ
КЕЗЕҢДЕРІ МЕН РӘСІМДЕРІ
8.1 Институционалдық аккредиттеу рәсімі халықаралық және ұлттық
стандарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес әзірленген.
8.2 Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:
1-кезең.
1) білім беру ұйымының агенттікке ЖОО қызметінің қысқаша
сипаттамасымен аккредиттеу тапсырысын беруі;
18
2) агенттік пен білім беру ұйымы арасындағы аккредиттеу жүргізу
туралы шартқа қол қою. Шартта тараптардың құқығы мен міндеттері,
рәсімнің құны, аккредиттеуді жүргізу мерзімдері көрсетіледі;
3) ЖОО- мен өзін- өзі бағалау процесі, БСҚА белгілеген стандарттар
мен нұсқаулықтарға сәйкес өзін- өзі
бағалау
туралы
есепті
әзірлеу
жүргізіледі;
4) сыртқы аудит басталғанға дейін кем дегенде 3 ай бұрын өзін- өзі
бағалау есебінің алғашқы нұсқасын агенттікке ректордың қолы қойылған
және елтаңбалы мөрмен расталған, өзін-өзі бағалау есебін дайындау комитеті
мүшелерінің қолы қойылған нұсқаны сканерленген электрондық форматта
ұсыну;
5) есеп бойынша ескертулерге жауап ретінде өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және өзін-өзі бағалау есебін электронды нұсқада қазақ,
орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуы қажет.
6) қорытынды есеп сыртқы аудит басталғанға дейін бір немесе бір
жарым ай бұрын ұсынылуы тиіс. Оның қолдары қойылған және мөрмен
расталған нұсқасын үш тілде электрондық форматта, сондай-ақ ректордың
қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен расталған, өзін-өзі бағалау есебін
дайындау комитеті мүшелерінің қолы қойылған нұсқаны бір-бір данадан
(қазақ және орыс тілдерінде), қосымшамен бірге қағаз түрінде ұсынуы қажет.
2-кезең.
7) сарапшылар тобының жұмысын регламенттеу агенттік бекіткен
сыртқы бағалау бойынша стандарттар мен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
8) агенттік Қазақстанның академиялық қауымдастығының, жұмыс
берушілердің өкілдері, студент және халықаралық сарапшы құрамына енетін
құзыретті сарапшылар (аудиторлар) командасын қалыптастырады;
9) команда құрамы тапсырыс беруші ЖОО-на сыртқы аудитке дейін 1-2
ай бұрын хабарланады. ЖОО тарапынан аудиторлардың біріне теріс түсінік
күдігі туындаған жағдайда, ЖОО жазбаша түсініктеме берілген хатты тіркей
отырып, сарапшыны (аудиторды) ауыстыру үшін агенттікке өтініш беруге
құқылы;
10)
сарапшылар тобы өзін-өзі бағалау материалдарымен танысады,
ЖОО-на барып, сыртқы аудит жүргізеді, соның негізінде сыртқы бағалау
туралы есепті дайындап, агенттікке тапсырады;
11)
ЖОО-да сыртқы аудитті жүзеге асыру 2-3 күн бойы жүргізіледі;
12) сыртқы сапар бойынша есеп пен ұсынымдарды сыртқы аудиторлар
аудит басталған кезеңнен бастап 2 аптадан асырмай дайындайды, комиссия
төрағасы немесе хатшысы оны агенттікке жолдайды;
13) БСҚА
ЖОО-ның қызметін бағалау бойынша сарапшылар
(аудиторлар) тобынан алынған есепті, егер бар болған жағдайда ЖОО-на
шағын дәлсіздіктерді жою үшін жолдайды;
14) жоғары оқу орны, қажет болған жағдайда есепті алғаннан кейін бір
апта ішінде сарапшылар тобының төрағасымен өзгерістерді келісіп, сыртқы