Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет25/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61

 
76 
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің сана-
сында  технология  термині  өндіріспен  тығыз  байланыста 
қарастырылады. 
Ал  педагогикалық  технология  дегеніміз  не?  Бұл  сұраққа 
нақты  жауап  беру  үшін  педагогикалық  технологияға  берілген 
бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік: 
Технология  дегеніміз  -  белгілі  бір  процестерді  жүзеге  асыру 
әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы. 
Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында 
ұйымдастырылған,  белгілі  бір  мақсатка  жұмылдырылған,  алдын 
ала ойластырылған ықпал мен әсер. 
Технология  дегеніміз  -  оқу  процесін  ойдағыдай  жүзеге 
асырудың мазмұнды техникасы. 
Технология  дегеніміз  -  білім  алудың  жоспарланған 
нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы. 
Технология  дегеніміз  -  тәжірибе  жүзінде  орындалатын 
белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы. 
ЮНЕСКО - ның бір құжатында педагогикалық технологияға 
мынандай  анықтама  берілген.  Педагогикалық  технология  –  бұл 
бір  тұтас  оқыту  үдерісі  мен  білімді  техникалық  және  адам 
ресурсын,  олардың  бір-біріне  өзара  әсерін,  білім  берудегі 
формасын  оңтайландыру  міндеттерін  ескере  отырып,  меңгеруді 
жүзеге асырудың жүйелі әдісі.  
Педагогикалық  технология-қойылған  білім  беру  мақсатын 
практикада  тиімді  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  тәрбиелеу 
мен  оқыту  үдерісінің  теориялық  негізделген  әдістері  мен 
тәсілдерінің жиынтығы. (Бесполько В.П.) 
Педагогикалық технология-педагогикалық үдерісті ұйымдас-
тырудың  әдістемелік  құралы;  оқыту  мен  тәрбиенің  әдіс-тәсіл-
дерін,  құралдарын,  формаларын  анықтайтын  арнайы  психоло-
гиялық-педагогикалық құрылғылардың жиынтығы. (Лихачев Б.Т.) 
Егер  әдістемені  көп  жағдайларда  оқу  процесін  ұйымдасты-
рып  және  өткізуге  байланысты  ұсыныстардың  жиынтығы  деп 
қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойы-
нан  екі  принципиальдық  сәтті  аңғаруға  болады:  1)  технология  - 
ол  түпкілікті  нәтиженің  кепілдемесі;  2)  технология  -  ол  болашақ 
оқу үрдісінің жобасы. Демек, педагогикалық технология - бір ретке 
келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады.  


 
77 
Сонымен,  педагогикалык  технология  дегеніміз  -  ұстаздың 
кәсіби қызметін  жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы 
басты  міндетті  орындаудың  басты  кепілі  бола  алатын 
технологиялық іс шаралар жиынтығы. 
АҚШ пен Батыс Европада XX-ғасырдың екінші жартысынан 
бастап  оқу  процесінің  технологиясын  жасау  бағытындағы 
ізденістер  белсенді  түрде  жүргізіле  бастады.  1940-50  -  жылдары 
оқыту  үрдісіне  техникалық  құралдардың  енуіне  байланысты 
«білім берудің  технологиясы» термині кеңінен қолданыла баста-
ды. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды 
қолдану  әдістері  жөніндегі  еңбектердің  ыкпалымен  «педаго-
гикалық  технология»  деп  атала  бастады.  60-шы  жыдардың 
ортасында  технологиялық  әдіс  шет  елдерде  баспасөз  беттерінде 
және  халықаралык  конференцияларда  кеңінен  талқылана 
бастады.  Бұл істе негізгі екі  бағыт көзге түсті.  Біріншісі,  бұрын-
ғыша  технологиялық  әдісті  техникалық  құралдарды  қолданумен 
байланыстырса,  екіншісінің  көлемінде  оқу  процесінің  өзін 
ұйымдастырудағы  технологиялық  әдістер  дами  бастады  да 
«оқытудың технологиясы» деген термин пайда болды. 
60-шы  жылдардың  аяғы,  70-ші  жылдардың  бас  кезінде 
көптеген елдерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония 
т.б.)  оқытудың  технологиясын  жасау,  дамыту  жұмыстарымен 
айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту 
үрдісі  білім  беру  үрдісінің  бір  ғана  бөлігі  болып  табылатын-
дықтан  «оқыту  технологиясы»  терминінің  мағыналық  аясы  өте 
тар.  Мұндай  кемшілік  «тәрбиенің  технологиясы»,  «дамыту  тех-
нологиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына да тән. 
Қазіргі  батыстағы  педагогикалық  әдебиеттерде  білім  беру 
саласындағы  технологияны  белгілеу  үшін  «an  educational 
technology»  ұғымы  қолданылады,  оны  дәстүр  бойынша  «білім 
беру  технологиясы»  деп  аударып  жүрміз.  Осы  ұғым  ғана 
мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, 
материалдық  жабдықтауда,  қаржыландыруда,  біліктілікті  артты-
руда,  кадрлар  даярлауда,  түрлі  оқыту  мекемелеріндегі  оқыту 
процесінде  және  т.б.)  қолданылатын  кез  келген  технологияны 
сипаттай алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» терминің 
бүкіл  білім  беру  жүйесін  технологияландыру  заңдылықтарын 
зерттейтін  ғылыми  пәнге  (дисциплина)  қатысты  қолданса  дұрыс 
болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі 
оқу  үрдісі  төңірегін  сипаттауда  ғана  қолданылып  жүр. 


 
78 
Сондықтан, бұдан әрі қарай «білім беру технологиясы» ұғымын 
мұгалімдер  мен  оқушылардың  білім  берудің  жоспарланған 
мақсаттарына  бағытталып  арнайы  ұйымдастырылған  өзара 
қарым -қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. 
Білім берудің технологиясына - оқытудың техникалық құрал-
дары,  білім  беруде  қолданылатын  ақпараттық  технологиялар, 
қашықтан  оқыту  да  жатады.  Әрбір  нақты  жағдайда  білім  беру 
технологиясының белгілі бір түрі туралы сөз болады, сондықтан, 
оларды  жеке  қарастырған  кезде  түрлі  ерекшелігін  атап  көрсету 
керек. Бұл ережеден тыс тұрған тек «педагогикалық технология» 
ұғымы  ғана.  Бұл  бұрын  оқу  үдерісінің  «педагогикалық  үдеріс» 
деп  аталуына  байланысты.  Кей  жағдайда  бұл  екі  ұғымды  сино-
ним  ретінде  қолдануға  болар  еді.  Бірақ,  әлемдік  термино-
логияның бірегейленуіне байланысты «білім беру технологиясы» 
ұғымына тоқталуға тиіспіз. 
Сырт  көзге  оқу  үрдісіндегі  әдістемелік  және  технологиялық 
әдіс-тәсілдерде  қарама-қайшылық  жоқ.  Себебі,  «оқытудың 
әдістемесі»  ұғымы  «білім  беру  технологиясы»  ұғымынан 
әлдеқайда кең. 
Әдетте, әдістеменің пәні - білім берудің мақсатын, мазмұнын, 
оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін, құралдары мен 
тәсілдерін  қамтитын  әдістемелік  жүйе  деп  саналады.  Дәлірек 
айтсақ,  әдістеме  негізгі  үш  сұраққа  жауап  беруге  тырысады:  не 
үшін,  неге  және  қалай  оқыту  керек?  Ал,  технолог  болса,  мақсат 
белгілі  болып,  оған  жетудің  нақты  іс-әрекетін,  жолдарын 
анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Сондықтан, технология, 
негізінен, триаданың үшінші сұрағына ғана жауап береді. 
Бір  қарағанда,  технологиялық  әдіс  жеке  әдістемелер  ішінде 
де  дами  алар  еді  деген  ой  туады.  Бірақ,  әдістемелік  және 
технологиялық амалдардың мақсаттык ұстанымдары әртүрлі. 
Әдістеме  мен  технологияда  қолданылатын  оқу  процесін 
сипаттайтын  тілдік  құрал  (терминология)  да  әртүрлі.  Нәтижеде, 
көптеген 
тамаша 
әдістемелік 
жүйелер 
(В.Ф.Шаталов, 
В.К.Дьяченко т.б.) іске асырлар деңгейге келген кезде қиындық-
тарға  жолықты.  Себебі,  жаңа  жағдайда  жүйені  жұмыс  жасатуда 
алынған сипаттамалар жеткіліксіз болып отырды. 
А.Кушнир:  «Технология  әдістемеден  өзінің  нәтижелерінің 
тұрақтылығымен,  тез  қайта  қалпына  келетіндігімен,  көптеген 
«егерлердің»  жоқтығымен  (егер  оқушылар  талантты  болса;  егер 
оқытушы  талантты  болса;  егер  мектеп  бай  болса...  т.б.)  ерекше-


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау