134
- бірқатар көмір өндіруші кəсіпорындарды жою нəтижесінде иесіз қалған жəне
"Карагандаликвидшахт" РМБК рекультивициялайтын аумағқа кірмей қалған
бұзылған жерлерді қалпына келтіру;
- Қарағанды қаласындағы қалдық суды тазалайтын құрылғы кешендерінің тиімсіздігі
жəне Балқаш, Приозерск қалаларында қалдық суды тазалауға арналған құрылғының
болмауы;
- облыста суарылатын ьұрын қолданылған жерлерді қалыпқа келтіру бойынша
жұмыстардың əлсіздігі;
- жыртуға жарамды жерлерді тиімсіз қолданудың салдарынан ауыл шаруашылыққа
арналған жерлерде тыңайған жерлердің көбеюі;
- ескі көп жылдық шөптерді жаңарту бойынша нашар жұмыс;
- бұзылған жерлерді рекультивициялау жұмыстарының жүргізілмеуі.
2.1.7. Мемлекеттік қызметтер
Облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтерді ҚР Үкіметінің
2013 жылдың 18 қыркүйегінде №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер
реестріне сəйкес көрсетеді. Қызмет көрсету облыстық басқармалар, қала жəне аудан, ауыл
жəне ауылдық аймақ əкімшіліктері деңгейлерінде іске асады.
2014 жылы – 132, 2015 жылы – 163, 2016 жылы – 174, 2017 жылдың 9 айында 190
мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сурет 38.
ЖАО көрсетілген мемлекеттік қызметтердің түрінің өсу динамикасы
2016 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 5 727 504 қызмет көрсетілген.
2015 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің саны 15% өсті (2015 жылы –
4 878 897, 2014 жылы – 4 518 277), 2017 жылдың 9 айында 3 747 592 мемлекеттік қызмет
көрсетілген.
Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы
көрсетілген қызметтер қарқынды өсуде саны. 2015 жылмен салыстырғанда 7,9% өсті (2016
жылы 147629 қызмет көрсетілді, 2015 жылы – 135994 қызмет, 2014 жылы - 74 495, 2017
жылдың 9 айында 123 361 өтініш берушілер). "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік
корпорациясында мемлекеттік қызметті қалың бұқара топтарға қол жетімділікті қамтамасыз
ету жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін
үйлеріне барып. Шалғайдағы аудандардың елді мекендерінің тұрғындары үшін облыста 7
жылжымалы бөлім жұмыс істейді.
135
Алынған деректерді талдау 2014 жылдан бастап 2017 жылда ең көп көрсетілген қызмет
саны денсаулық сақтау жəне ауыл шаруашылығы саларында көрсетілген: «Дəрігердің
қабылдауына жазылу», «Дəрігерді үйге шақыру», «АИВ бар болуына ерікті түрде жасырын
жəне міндетті құпия медициналық тексеру», «Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіруді жүргізу».
Сонымен қатар, "Электрондық үкімет" бастамаларын насихаттауға жəне электрондық
цифрлық қолтаңба жаппай таратуды қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді.
"Электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтер
алуға өтініш еткер азаматтардың қатары артып келеді. 2014 жылы электрондық үкімет
порталы арқылы - 20 405 адам жүгінді, 2015 жылы – 37 321, 2016 жылы – 38153 адам, 2017
жылдың 9 айында 30 942 адам жүгінді.
Электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер саны да өсті. Егер 2014
жылы - 43, 2015 жылы – 67 болса, 2016 жылы -84, 2017 жылы -88.
Тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің сақталуын бақылау
жүргізіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру
жетілдірілуде.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу айтарлықтай төмендегені
байқалады. 2014 жылы мемлекеттік органдармен 733 мерзімді бұзу жол берілген, 2015
жылы – 210, 2016 жылы – 184, ағымдағы жылдың 9 айында – 76.
Көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мақсатында облыс əкімінің аппаратымен
жыл сайын мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ішкі бақылау, түсіндіру жұмыстары,
семинарлар, оқыту, мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға консультациялық жəне
практикалық көмек көрсетету бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
«Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасына сəйкес облыс аудандары мен
қалаларының əкімдіктерімен жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен білім беру
мекемелерінде электрондық қызметтерді еркін алу мүмкіндігі үшін ұйымдастырылған
компьютерлік сынып базасында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жүргізіледі.
Сонымен қатар, қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тəртібі туралы
хабардарлығы деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде, соның аясында семинар-
кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар жəне өзге де іс-шаралар
өткізілді. Əзірленген медиа-жоспарға сəйкес халықты хабардар ету мақсатында қызметтерді
интернет арқылы пайдалану мүмкіндігі туралы дүркін-дүркін мақалалар жарияланады.
Облыстың мемлекеттік органдарының ресми интернет-ресурстарында саласындағы
тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, регламенттер), көрсетілетін мемлекеттік
қызметтердің паспорты, оны көрсету тəртібі туралы ақпарат, шағым жасау туралы ақпарат,
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы
есептер орналастырылған.
Соңғы 3 жылда мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге
тұтынушылардың қанағаттануның жоғары деңгейі байқалады (мемлекеттік қызмет
алушылармен өткізілген əлеуметтік сауалнама деректері негізінде есептеледі).
2.1.7.1. Мемлекеттік қызметтер бойынша SWOT-сараптама
Оң əсері
Теріс əсері
Ішкі
орта
Күшті жақтары:
1) Электрондық қызметтер
санының өсуі
2) Мемлекеттік корпорациялар
арқылы көрсетілетін
қызметтер санының өсуі.
Əлсіз жақтары:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету
бойынша
нормативтік-құқықтық
актілердегі қайшылықтар;
Достарыңызбен бөлісу: |