Қарағанды облысы мəслихаттың 2017 жылы 12 желтоқсандағы XIII сессиясының №263



жүктеу 3,46 Mb.
Pdf просмотр
бет55/77
Дата27.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#25172
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77

125 
 
-жанар  жағармайдың  қуат  көзі  ретінде  кəсіпорындарда  көп  мөлшерде  пайдалану,  көптеген 
қазан агрегаттарының төмен ПҚК;  
- халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі; 
- баллон газын пайдаланудың басымдығы; 
- түбегейлі жөндеу жоспарлайтын тұрғындарға тұрғын үй айырбас қорларының жоқтығы; 
2.1.6. Экология жəне жер ресурстары  
  Адам  болмысының  табиғи  факторын  қорғау,  жақсарту,  жаңғырту,  көбейту 
мамандандырылған қызмет негізінде құрылатын қоғамның қосалқы жүйесі ол – экологиялық 
сала.  Экологиялық  саланың  басты  міндеті – адамдарды,  əлеуметтік  топтарды  табиғи  ортаны 
сақтау  жəне  жаңғырту  мақсатында  біріктіру.  Себебі  экологиялық  сала  адамның  өмірі  мен 
дамуына керек басты дүние.  
Қазақстан қазіргі таңда экологиялық маңызды көрсеткіштер бойынша қиын мəселелерге 
тап болды: табиғи ресурстардың жəне қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы сияқты. 
Қазақсатан  Республикасының  Президентінің  №577 2013 жылғы 30 мамырдағы 
жарлығында  Қазақстан  Республикасының  «жасыл  экономикаға»  өту  концепциясы 
қарастырылған.  Аталған  концепция  аясында  «жасыл  экономика»  принципін 2013-2020 
жылдары Қарағанды облысында жүзеге асыру шаралары жасап шығарылды.  
Қарағанды  облысының  аумағында  көп  мөлшерде  ластаушы  заттар  мен  қалдықтар 
шығаратын аса ірі өнеркəсіп тетіктері орналасқан. 
 
2.1.6.1.  Атмосфералық ауа 
 
Тұрақты  жағдайда  ластаушы  көздер  шығаратын  зиянды  заттардың  мөлшері  жыл  санап 
өсіп келеді.  
 
 
 
Сурет 35. 
Тұрақты жағдайда шығарылатын ластаушы көздерінің динамикасы 
2016 жылы 12 747 тұрақты ластаушы көздер атмосфераға 593,0 мың тонна зиянды заттар 
шығарады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 0,57% артық (596,4 мың тонна).  
Шығарудың көлемінің өсуі мына
ларға байланысты: 
- «Арселор  Миттал  Теміртау»  АҚ  Тентек  шахтасында  технологиялық  құрылғылар  мен 
аспирациялық жүйелерден шығатын (ДКВР20/13  №3 қазанын –КТВС -20 қазанына 


126 
 
қайта  жаңғырту)  зиянды  заттарды  ұстау,  жоюға  арналған  шаң  газ  тазартушы 
құрылғыларды қолданысқа енгізу мен қайта жаңғыртумен байланысты; 
- «ТЭМК» АҚ ХМЗ №34, 35, 44,45 щаң ұстаушы құрылғыларды жөндеу; 
- «Карцемент» АҚ жеңдік фильтрлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу; 
- «Bassel Group» ЖШС-де  стационарлы  көздерден  ластаушы  заттардың  шығарылуын 
төмендетумен байланысты іс-шаралардың орындалуы; 
- «Арселор  Миттал  Теміртау»  АҚ  технологиялық  транспорт  Басқармасының 
Шахтинскідегі филиарында БЦУ-16 №1 циклонын ауыстыру; 
- «Қарағанды  Энергоцентр»  ЖШС-де  ТЭЦ-3  №2  қазан  агрегатында  «Вентурри» 
құбырларын жəне скрубберлерді 2 ұрпақ эмульгаторларына ауыстыру; 
- «Қазахмыс Смэлтинг» ЖШС БМЗ-да жеңдік фильтрлерді өндірістік пайдалану;  
- «Казахмыс  Энерджи»  ЖШС  ГРЭС  №11  қазандарында  батареялық  эмульгаторларды 
орнату; 
- «Қазахмыс  Корпорациясы»  ЖШС  ЖОФ 1,2 аспирациялық  жүйелерінде  жөндеу 
жұмыстарын жүргізу;  
- «Казахмыс  Корпорациясы»  ЖШС  Қарағайлы  байыту  фабрикасының  аспирациялық 
жүйелерінде жөндеу мен іс-шаралар жүргізу.  
2015  жылы 12759 стационарлы  көздер  атмосфераға 596,4 мың  тонна  зиянды  заттарды 
шығарды,  ол 2014 жылмен  салыстырғанда (595 мың  тонна) 0,24%-ға  жоғары.  Зиянды  заттар 
көлемдерінің  жоғарылауы  Жезқазған  мыс  балқыту  зауытының  іске  қосылуымен, «Казахмыс 
Смелтинг» ЖШС зиянды заттар шығарылу көлемі 15,66 мың тоннаға көбейді, «Bassel Group» 
ЖШС-де  жылу  тасығыш  көлемінің  жоғарылауы,  қолданылатын  көмірдің  артуы,  жаппай 
зиянды заттар көлемі – 2,3 мың тоннаға өсті; «Шұбаркөл көмір» АҚ зиянды заттар өсімі – 1,13 
мың тонна, көмірдің өндірілуінің өсуімен байланысты.  
Областың  кəсіпорындарымен  тұрақты  ластаушы  көздердің  барлығынан  шығатын 
ластаушы заттардың жалпы санынын 92,1% ұсталған жəне жойылған. Бұл ретте облыстың əуе 
бассейніне күкіртті ангидрид - көлемі 249,06 мың тонна, атмосфералық ауаға шығарылған азот 
диоксидінің көлемі – 41,51 мың тонна, қатты бөлшектер – 118,6 мың тонна, тұншықтыратын 
газ – 166,04 мың  тонна,  өзге  зиянды  заттар – 17,79 мың  тонна.  Осы  заттардың  нақты 
шығарындысы белгіленген шекті рұқсат етілген шығарындылардан аспаған. 
Шығындардың  тұрақты  деңгейінде 2016 жылы 2015 жылмен  салыстырғанда  қоршаған 
ортаны қорғауға арналған шығындар 28,65% азайды. 
Атмосфералық  ауаны  қорғау  үшін  шығарындылар  бойынша  стандарттарды  жаңарту 
жəне  оларға  өту  жөніндегі  іс-шаралар  жүзеге  асырылуда,  неғұрлым  айқын  бақылау  жүргізу 
үшін  заңнамалық  базаны  жетілдіру  бойынша  ұсыныстар  енгізілуде,  кəсіпорындармен  қазіргі 
заманғы тазарту технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.  
2.1.6.2. Су көздері 
Табиғи ресурстарды рационалды жəне экологиялық қауіпсіз түрде пайдалану  аймақтың 
ең өзекті мəселелерінің бірі.  
Қарағанды облысына Нұра-Сарысу, Балқаш-Алакөл, Есіл, Ертіс жəне Тобыл-Торғай өзен 
бассейндері кіреді. 
Облыс бойынша жалпы саны 864 су объектісі бар. соның ішінде 107 өзен, 88 көл, 220 
гидротехникалық  құрылғы, 409 жасанды  тоған  жəне  гидротехникалық  құрлығылары  бар 
бөгет, су көлемі 1 млн.м3 асатын 40 суқоймасы бар. Қарағанды облысының су ресурстарының 
ең негізгі көзі - Нұра өзені мен Балқаш көлі.  
Аймақтың  басты  су  қолданушылары  тұрғын  үй-коммуналды  шаруашылығы  мен 
өнеркəсібі.  Негізгі  жер  үсті  суы  сапасының  сараптамасы  негізгі  бөлік  ластанудың 3-ші 
класына жататынын көрсеткен (орташа ластанған). Бірақ, Шерубайнұраның суы 6-шы классқа 
жатады (өте қатты ластанған).  
 


жүктеу 3,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау