114
Қарағанды облысындағы жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының ұзындығы
10 604,8 км, оның 74%, атап айтсақ 7831,8 км жергілікті деңгейдегі жолдар. Олардың
жартысына жуығы асфальт-бетон қабатты (49%), 38% қара қиыршық тасты төсеме, 11% - ақ
даңғылдар болса, тек 2% грунтты жолдар.
Өңірде соңғы 3 жылда облыстық жəне аудандық деңгейдегі жалпы қолданыстағы
автокөлік жолдары жағдайының жақсару тенденциясы байқалады:
- 2014 жылы жақсы жəне қанағаттанарлық жағдайда болған - 72%: жақсы - 37%,
қанағаттанарлық - 35,4%; қанағаттанарлықсыз жағдайда - 28,5%;
- 2015 жылы тиісінше -74%: 38%, 36%; 26%;
- 2016 жылы тиісінше -75%: 35%, 40%; 25%;
- 2017 жылы (9 айында) тиісінше -75,5%: 35%, 40,5%; 24,5%.
2014 жылдан 2017 жылдың 9 айы аралығында облыс бойынша 134 млрд 216 млн.
теңгеге 2694 республикалық жəне жергілікті автокөлік жолдары жөнделген.
Кесте 62.
Жөнделген жергілікті көлік жолдары
2014
км
млн.тг.
Жөнделген жергілікті көлік жолдары, барлығы
770
31346000
Республикалық
161
15 250
Облыстық
194
4 575
Моноқалалардың дамуына бағытталған
36,1
3 058
2020 Жұмыспен қамту Жол Картасы
219,6
1 882
аудандық
159,3
6 581
2015
Жөнделген жергілікті көлік жолдары, барлығы
502
30 900 000
Республикалық
235
20 800 000
облыстық
163
4 000 000
моноқалалық
5
203 404
аудандық
99
5 896 596
2016
Жөнделген жергілікті көлік жолдары, барлығы
559
38 500 000
Республикалық
232
29 100 000
Облыстық
172
2 400 000
2020 Жұмыспен қамту Жол Картасы
33,2
531 000
Аудандық
121,8
6 469 000
2017 (9 айында)
Жөнделген жергілікті көлік жолдары, барлығы
863
33 500 000
Республикалық
477
18 300 000
Облыстық
61
3 500 000
Аудандық
261
10 000 000
Жергілікті елді-мекен
64
1 700 000
БАРЛЫҒЫ:
2694
134 246 000
2014 жылы облыстық маңызы бар 75 км автокөлік жолдарының паспорттық тексеруі
өткізілді: Ақтоғай ауданында ұзындығы 6 км құрайтын 2 жол, Бұқар-Жырау ауданында 42 км
созылған 5 жол, Ұлытау ауданында бас-аяғы 27 км 4 жол. 2015 жылы – Нұра ауданында
облыстық маңызы бар автокөлік жолдарының 133 км. 2016 жылы – 585 км: Бұқар-Жырау
ауданының ұзындығы 359 км жəне Осакаров ауданының ұзындығы 226 км.
115
Қарағанды облысы темір жолдарының эксплуатациялық ұзындығы 1940 км құрайды
жəне 2009 жылдан бері өзгерген жоқ.
Қарағанды облысы көлік-транзиттік əлеуетке ие. Облыс аумағы арқылы келесі жолдар
өтеді:
− Петропавл – Астана – Қарағанды – Шу меридиандық темір жол көлік магистралі;
− Трансазиялық темір жол магистралінің солтүстік бөлігі;
− 6 маңызды автокөлік тораптарының бірі - Алматы – Қарағанды – Астана – Петропавл;
− Көлік-транзиттік торап саналатын ҚР-ның оңтүстік жəне солтүстік өңірлерін
біріктіретін республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар» жəне «Жезқазган-Есіл-
Петропавл» жолдары. Аталған жолдар Азиялық шоссе жолдарға жатады жəне Ресейге шығуға
мүмкіндік береді.
− Одан бөлек, облыс аумағының Астана қаласына жақын орналасуы (212,7 км) өңірде
сауда мен туризмді дамытуға жол ашады.
Облыстағы қалалардың əлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларының
аясында жолдарды жөндеу мен салу бойынша бірқатар жобалар жүзеге асуда:
- Облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге
асыру жалғасуда, олардын ішіндегі ең маңызды «Орталық-Оңтүстік» көлік дəлізін қайта құру
болып табылады. Бұл Тəуелсіз Қазақстанның автожол саласының ең ірі жəне ауқымды
жобаларының бірі болып табылады. Қарағанды облысының аумағында құрылыс жұмыстары
жалпы ұзындығы 93 км Анар-Теміртау автожолының төрт учаскесі жүзеге асырылуда93 км
жолдын 65,4 км цементбетонды, ал 27,6 км ҚТМА (қиыршық тас-мастикалық асфальт)
асфальтбетонды жабынды болып табылады. Анар-Теміртау учаскесін қайта жаңарту
процесінің барысында барлығы 8 көлік жол айырығы мен жол өтпесі құрылыстары қамтылған.
Озерное, Молодежное, Батпак, Шокай, Ошаганды, Баймырза, Актаусская, Чкаловская 9 көпір,
8 мал өтпелері, 9 ауыл көлігі өтпелері, 1 жер асты жаяу жүргінші жолы, 113 бірлік су
құбырлары.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 15,08 км ұзындықты Қарағанды-Теміртау учаскесінде
жалғасуда, соның ішінде 4 көлік жол айырықтары (№1 «Теміртауское кольцо», №2
«Қар.шоссе», №3 «Дорстройматериалы» жəне №4 «Пришахтинск») жəне темір жол өтпесі.
Жұмыстардың жүзеге асырылу мерзімі – 2017-2018 жж.
Сонымен қатар, ағымдағы жылда «Қарағанды қаласының Солтүстік жəне Шығыс
айналма жолдары» 49 км ұзындықты көлік жолдарының учаскелерінің реконструкциясы
брйынша келісімшарттар бекітілген. Жұмыстардың жүзеге асырылу мерзімі – 2017-2018 жж.
-
156 км ұзындықты Қарағанды-Жезқазған жолының учаскелеріне орташа жөндеу
жұмыстарының жүргізілуі аяқталды, 2018 жылы «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды
Жезқазған көлім жолында 279 км учаскенің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу
жоспарланып отыр.
-
Ағымдық жылда облыстық жəне жергілікті бюджет есебінен Қарағанды, Теміртау,
Жезқазған жəне Балхаш қалаларының көше-жолдық желісіндегі көлік жолдарының жөндеуіне
9,2 млрд.теңге бөлінді (228 км), 166 көше жөнделді. Жоғарыда аталған қалаларда мұндай кең
ауқымды жұмыстардың жүргізілуі барлық жолдардың жөндеуін жүргізуге мүмкіндік берді
жəне болашақта қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып жолдарды заманға сай
сапамен қамтамасыз ету аясында қажетті шараларды орындау арқылы жол желілеріне үлкен
қаржылардың жұмсалуын болдырмауға мүмкіндік береді.
2.1.4.2.1. Жолдар саласын дамытудың SWOT-сараптамасы
Оң əсері
Кері əсері
Достарыңызбен бөлісу: |