96
Туризнің дамуы байқалатын негізгі аймақта Қарағанды, Қарқаралы, Ұлытау, жəне
Ақтоғай аудандары, сонымен қатар Балқаш көлі маңы болып табылады. Қарағандыда
орналасу орындары мен туристікмекемелердің басым бөлігі орналасқан. Бүгінгі күні қалада əр
түрлі санаттағы қонақ үйлерді салу мен қайта өңдеу бойынша бірнеше жобалар жүзеге
асырылып жатыр.
Ұлытау ауданы тарихи, діни, сонымен қатар экологиялық жəне этно туризімге өте
қолайлы.
Негізгі ресурстары – Ұлытау тауы, тарихи жəне мəдени ескерткіштер ( ауданда 700
артық тарихи ескерткіштер бар, олардың 282-сі «Ұлытау» фонды мұражайының тарихи-
мəдени картасына енгізілген: Жошы хан мазары, Алаша хан мазары, ертедегі Басқамыр
қаласы жəне т.б.).
Қарқаралы ауданы - рекреациондық демалыс орталықтарының бірі, оның туристік
инфрақұрылымын келесі нысандар құрайды : 5 қонақ үй, 4 демалыс үйі мен пансионаттар, 3
балалар лагері, 3 жалғызқабатты тұрғынжай, коттедждер, шағын үйлер, 1 туистік база.
Балқаш маңы аймағының (Балқаш қаласы, Приозерск жəне и Ақтоғай ауданы)
Балқаш
көлі, Бектауат тау жоталары, Қызылсарай секілді туристік орындары бар.
Мұнда Балқаш көлінің жағасында жағажай туризмі, сонымен қатар Ақтоғай ауданының
Қызылсарай таулы-орманды оазисінде экологиялық туризм дамып келеді.
Сонымен бірге, туризм саласының жеткілікті түрде дамымауы оның мерзімдік,
шектелген сипаты əсерінен байқалады.
Облыс шетелдік туристері үшін əлі де қажетті тартымдылыққа жеткен жоқ. Облыстың
туризм қолжетімділігі, туристік сервис қызметінің деңгейі мен бағасы бойынша шет елдік
қатарластарымен бəсекелестікте артта қалып отыр.
Туризмді дамыту үшін тиісті инфроқұрылым жеке инвестицияны тарту негізінде жəне
«Бизнестің жол картасы - 2020» «Бизнесті дамыту мен қолдаудың бірегей бағдарламасы»
аясында жүргізіледі. Аталған бағдарлама бойынша 23 жоба қолдау тапқан, оның ішінде екеуі -
2017 жылы.
Сонымен қатар, облыста көліктік инфрақұрылымды дамыту, туристердің демалыс
орындарының сервис деңгейін арттыру жəне қарағанды облысының туристік имиджін
қалыптастыру үшін, аймақтық туристік өнімді дамыту мен өзара тиімді серіктестік
байланысты арттыру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін 203093 облыс тұрғыны
тамашалаған.
Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық пен өткізу
процесіне туристік бизнесті кіріктіру мақсатында облыстың үш туристік операторлары
(«NomadicTravelKazakhstan», Қарқаралы мемлекетік ұлттық табиғи паркі жəне «Павлин-тур»)
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен серіктестік жайлы меморандумға отырып,
Көрсеткіш атауы
2014ж.
2015ж.
2016 ж.
Қаңтар-
маусым
2017ж.
Орналасу орындарының саны, бірлік.
182
208
225
226
Толуы, %
29,7
26,2
23,1
22,1
Орналасу орындарымен қызмет көрсетілген
адамдар саны, барлығы, адам.
260918
258915
241260
124883
соның ішінде:
орналасу орындарымен қызмет көрсетілген
адамдар саны (резиденттер), адам.
243086
243963
223751
115954
Орналасу орындарымен қызмет көрсетілген
адамдар саны (резидент еместер), адам.
17832
14952
17509
8929