7
жердің астында төселеді. Бұның өз құндылықтары бар: қауіпсіздік, желіге
бөлінетін аймақтың қысқаруы, сонымен қатар кемшіліктері де бар: үлкен
құны, эксплуатация және зақымдарды жою қиындылықтары, жасалу
күрделілігі бар.
Ішкі тартылымдар ғимараттардың қабырғалары және төбесімен немесе
қабырғалардың ішімен оқшаулағыштарда немесе құбырларда, сонымен қатар
арнаулы шина сымдарымен төселетін оқшауланған сымдардан жасалады.
Ток тегі бойынша айнымалы және тұрақты ток тораптарын айырады.
Айнымалы токтың негізгі тораптары үшфазалық болып жасалынады.
Тұрақты ток тораптары қазіргі уақытта салыстырмалы сирек
жасалынады, өндірістік кәсіпорындардың тораптары үшін (мысалы,
электролиз цехтарында, алюминий зауыттарында).
Кернеу бойынша электр тораптарын төменгі вольттікке (1000 В дейін)
және жоғары вольттікке (1000 В жоғары) бөлуге болады.
Арналымы бойынша тораптар қоректендірушіге және таратушыға
бөлінеді. Қоректендіруші желі деп, таратушы пунктты немесе қосалқы
станцияны қорек орталығынан электрэнергияны оның ұзындығы бойынша
таратпай қоректендіретін желіні айтады. Таратушы желіге трансформаторлық
қосалқы
станциялардың
қатарын
немесе
тұтынушылар
электрқондырғыларының кірмелерін қоректендіретін желіні жатқызады.
Сұлбасының түрі бойынша тораптар тұйықталмаған және
тұйықталғанға
айырылады.
Тұйықталмаған
тораптарға
жүктемелері
электрэнергияны тек бір жақтан алатын желілерді жатқызады (1.1 сурет).
Тұйықталған тораптар деп электрмен жабдықтауды кемінде екі жақтан
жүргізуге болатын тораптарды айтады (1.2 а, б сурет).
1.1 сурет
1.2 сурет
8
1.3 Электр тораптарына қойылатын талаптар
Электр тораптары тұтынушылардың сенімді электрмен жабдықталуын
және электрэнергияның талап етілген санын қамтамасыз ету керек. Мұнда
тораптардың жұмысы ең үлкен үнемділік талаптарына сәйкес болу керек.
Бұның жобалау шарттарына да, эксплуатация шарттарына да қатынасы бар.
Тораптарға байланысты бес негізгі талапты айтуға болады:
Жұмыс сенімділігі. Тұтынушылардың электрмен жабдықталуының
сенімділігі туралы мәселенің пайда болуы іс жүзінде тораптың барлық
элементтерінің уақыт өткен сайын зақымдалуымен байланысты. Зақымдар
найзағай әсері өскенде, күшейген жел әсерлерінде, ауыр көк мұз түзілулерінде
және т.б. пайда болуы мүмкін. Электрмен жабдықтау сенімділігінің көтерілуі
тораптың зақымдалуы және оның элементтерінің резервтелуімен ғана емес,
экономикалық тұрғыдан өзін ақтайтын басқа да тәсілдермен қамтамасыз
етілуі мүмкін. Сенімді электрмен жабдықтауды іске асыру үшін, резервтеуден
басқа, релелік қорғаныс және автоматиканың сенімді әсер жасайтын
құрылғылары: АҚҚ (АПВ) – автоматты қайта қосу, РАҚ (АВР) – резервті
автоматты қосу, АЖЖА (АЧР) – автоматты жиілікті жүктемені азайту және
т.б. қажет.
Электрэнергияның сапасы. Әрбір тұтынушы сапалы электрэнергияны
алу керек. Бұл энергия сапасының негізгі көрсеткіштерімен анықталады:
кернеу деңгейімен; жиілік деңгейімен; үшфазалық кернеудің симметриясымен
және кернеу қисығының формасымен.
Электрқабылдағыштар саны үлкен осы кездегі ұзақ электр
тораптарындағы электрэнергияның сапасы торап жұмысының көп
жағдайларынан тәуелді. Ол тораптың әртүрлі орындарында іс жүзінде әртүрлі
болады, бірақ арнаулы құралдар қолданылса реттелуі мүмкін.
Үнемділік. Торап үнемді болу үшін торап сұлбаларының тиімді түрлерін,
кернеулерін, сымдардың қималарын және т.б. таңдау керек. Сондықтан
бірнеше нұсқалар белгіленеді, олар өзара «келтірілген шығындар» деп
аталатын орнатылған критерий бойынша салыстырылады. Бұл критерий
энергия шығындарын, күрделі қаржыларды және ысырапты ескереді.
Келтірілген шығындары минималды нұсқа оңтайлы болып табылады.
Эксплуатацияның қауіпсіздігі және ыңғайлылығы. Персоналдың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Техникалық эксплуатация ережелеріне ТЭЕ
(ПТЭ) сәйкес жерлендірулер, қоршаулар, сигнализация, арнаулы киім және
басқа саймандар қолданылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқа, эксплуатация ыңғайлылығы
қарастырылу керек: әртүрлі ауыстырып қосулардың, жөнделетін жабдыққа
жақындаудың ыңғайлылығы, бақылау жасаудың мүмкіндігі және т.б.
Одан әрі дамудың мүмкіндігі. Электр торабы жүктемелердің көбейуіне
және жаңа тұтынушылардың үздіксіз пайда болуына байланысты барлық
уақытта даму және қайта құру жағдайында болады. Желілер және
9
трансформаторлық қосалқы станциялар ауыстырылады және қайта құрылады.
Торапты түбегейлі қайта құрмай одан әрі кеңейту мүмкіндігі болатындай етіп
электр торабын жобалау қажет.
1.4 Электр тораптарын есептеу мәселелері
Электр тораптарын эксплуатациялау процесінде және оларды
жобалағанда бір қатар есептерді жасау қажет. Бұл есептердің мақсаттары
шешілетін мәселелердің сипатымен анықталады. Бір қатар жағдайларда
жұмыс атқарып тұрған торап үшін оның негізгі элементтеріне режим
параметрлері анықталады. Мұнда тораптың түйінді нүктелерінде кернеу,
желілерде және трансформаторларда токтар және қуаттар анықталады.
Осыған ұқсас есептер электр торабын жобалағанда да жасалынады.
Тораптың электрлік сипаттамаларын анықтағанда жасалатын есептер,
әдетте
электрлік, ал механикалық қиыстырмалық сипаттамаларды анықтауға
қажеттерді – механикалық деп аталады.
Одан да басқа, торап элементтерін қызуға тексеріп, қосымша есептерді
жасауға тура келеді. Бұл қысқа тұйықтау токтарының есептері, режимдерді
оңтайлау, статикалық және динамикалық орнықтылықты тексеру және электр
торабында пайда болуы мүмкін асқын кернеулердің есептері.
Кез келген типті электр торабының жұмысын зерттегенде тораптарда
болатын электр процестерін қарастырып қоймай, барлық электрэнергетикалық
жүйедегі процестерді де қамту керек.
Жүйенің (тораптың) кез келген уақыттағы немесе іс жүзінде уақыттың
бір аралығындағы жағдайы
жүйенің (тораптың) режимі деп аталады
. Режим
режимнің параметрлері деп аталатын көрсеткіштермен анықталады. Олардың
қатарына: жиілік, жүйе элементтеріндегі активтік және реактивтік қуаттар
және тұтынушылардағы және тораптың әртүрлі нүктелеріндегі кернеулер,
токтардың және ЭҚК мен кернеу векторларының ығысу бұрыштарының
шамалары жатады.
Электр жүйелері режимдердің үш негізгі түрін айырады:
- қалыпты орныққан режим, оған байланысты электр торабы
жобаланады
және
оның
техникалық-экономикалық
сипаттамалары
анықталады;
- тораптың бір немесе бір қатар элементтері апатты ағытылғаннан кейін
пайда болатын апаттан кейінгі орныққан режим (бұл режимде жүйе және
соған сәйкес торап біршама нашарлаған техникалық-экономикалық
сипаттамалармен жұмыс істеуі мүмкін);
- өтпелі режим, оның тұсында жүйе бір жағдайдан басқаға көшеді.