Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет49/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   262

102 

 

Өнімді  еңбек  -  тәрбиенің  тамаша  құралы.Білім  беру  және  ғылым  саласына  елеулі 



өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің 

танымдық  қабілеттерін  қалыптастыру  мәселесін  жаңа  сапалық  деңгейге  көтеру  міндеті 

бүгінгі  күннің  көкейкесті  мәселесі.Осы  өзгерістер  білім  саласының  алғашқы  сатысы 

болып  саналатын  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  болашақ  ұрпақтың  дүниетанымын 

дамытуға,  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруға,  сәбилік  шақтан  бастап  толық  жағдай 

жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. 

Білімділік  пен  тәрбиеліктің  нәрі  балабақшадан  басталады.  Баланың  бүкіл  өмір  бойында 

оның  даму  үрдісі  жүреді.  Даму  үрдісінде  баланың  таным  белсенділігі  арта  түседі.  6 

жастағы  балалар  заттарды  түсіне,  түріне,  көлеміне  қарап  ажырата  бастап,  олардың 

құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық 

дүниенің  құбылыстары  мен  заттарын  анықтай  білуге,  адам  баласының  жинақтаған  бай 

тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың  бір нәрсені құмартып білуге талаптануын 

таным  ынтасы  дейді.  Балалар  өте  байқағыш,  еліктегіш,  әр  нәрсеге  үңіле  қарайды,  көп 

нәрселер оларды ойлантады. Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың 

сырын  білуге  құмартады.  Күн  сайын  олардың  алдында  жаңа  сұрақтар  туады.  Сол  

сұрақтың  жауабын  олар  ересектерден  күтеді,  өйткені,  олардың  түсінігінше,  ересектердің 

білмейтіні  болмайды.  Мұндай  ерекше  сұрақтар  балалардың  ақыл-ой  еңбегімен 

шұғылданудағы  ниетін,  ықыласын  сипаттайды.  Сондықтан  ересек  адамдар  бала  сұрағын 

жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте 

сұрақ  қоюдан  жасқаншақтайды  және  бұл  баланы  дүниені  тануына  кері  әсер  етуі  әбден 

мүмкін.Мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық 

мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер 

көлемi  ұлғаяды,  рухани  және  материалды  қажеттiлiктер  сферасы  кеңейедi,  қарым- 

қатынасқа  деген  қажеттiлiк,  жетiстiкке  жету,  басқарушылыққа  қажеттiлiк  сияқты 

әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу 

сияқты  қарапайым  қажеттiлiктер  пайда  болады.Баланың  шығармашылық  қабілеті 

тәжірибелілігіне байланысты дамиды. 

Қазіргі заман талабына сай, білім саласында ел болашағының тағдырын бізге сеніп 

тапсырғасын,  үнемі  іздену,  үйрену  қажеттігі  туындайды.  Сондықтан  жоғарыда  айтылып 

кеткен 


инновацияның 

түрлерінің 

ішінде 

біз 


«№30 

сәбилер 


бақшасында» 

модификациялық  инновацияны,  яғни  педагогикадағы  белгілі  әдіс-тәсілдердің  бірі 

италиялық  педагог,  ғалым,  философ,  гуманист  Мария  Монтессоридің  күнделікті  өмір 

жаттығуларын 

қолдануды 

жетілдірудеміз

Мария 


Монтессориөзінің 

«Ғылыми 


педагогикаәдістемесі»  кітабында  ол  балалық  жас  мүмкіндіктерін  барынша  пайдалану 

қажеттігін  түсіндіріп  бақты.  Себебі,  «сәбилік  шақтағы  бала  дамуы  үлкен  тәрбиелік 



табыстарға  есік  ашады...».  Бүгінгі  күнде  Қазақстан  Республикасында  да  Монтессори 

жүйесінің    тараптарлары    мен    қолдаушылары    баршылық.    Осы    бағытта    түзілген 



«балабақша»  жүйесі  іске  қосылып,  балаларды  еркін  тәрбиелеу  идеясы  өз  жемісін 

беруде.Балабақшадағы  тәрбиелеу-оқытудың  инновациялық  жұмысында  балалардың 

танымдық  қабілеттерін  жетілдіру,  ойлау  қабілеттерін  дамытып,  үйренген  істерін 

күнделікті  өмірде  еркін  қолдану,  әрі  іс-әрекет  кезіндегі  қарым-қатынаста  қолдана  білуге 

М.Монтессори  әдістемелері  арқылы  балалардың  танымдық  қабілеттерін  жетілдіру. 

Монтессори  әдісі  педагогтың  әр  балаға  жеке-дара  көңіл  бөлуіне  негізделген.  Бөбек 

әрқашан  дидактикалық  материал  мен  тапсырма  ұзақтығын  өзі  таңдап,  өз  қарқыны  және 

бағытымен  дамиды.  Жалпы,  Монтессори  педагогикасы  деген  тек  доктор  ойлап  тапқан 

білім  беру  жүйесі  емес  (алғашқы  тәжірибеге  енгізу  1906  жылы  орын  алды),  сондай-ақ, 

білім  беру  пәлсапасы  десе  де  болады.  Бұл  жүйе  ашық  білім  беруге  бағытталған



.

Жалпы, 


Монтессори  педагогикасын  мынадай  бір  ұранмен  сипаттауға  болады:  «Менің  өзімнің 

жасауыма  көмектес».  Монтессори-педагогикасы  жайлы  100  жыл  ішінде  әр  түрлі  мифтік 

қиялдарға  көбейіп  отырды.  Шындығында  М.  Монтессори  өз  жұмысын  ауытқуы  бар 

балалармен    бастады.    Ол    өте    әдемі    әр    түрлі    заттарды,    арнайы   дидактикалық 




103 

 

материалдарды  құрастырып,  ауытқуы  бар  балаларға  ұсынды.  Бір  жылдың  ішінде  сол 



балалар дені сау өз  құрбы-құрдастарын даму  жағынан қуып жетті.  «Осы жылда дені  сау 

балаларға  өз  қалауларымен,  өздігімен  жұмыс  жасауға  жағдай  жасаса,  не  істей  алады 

екен?»  - деп ойлады М. Монтессори. Балабақшада «жылы жағдай» тудырсақ. Бұл жаман 

тәжірибе  ме?-  махаббат  тәжірибесі,  қабылдау  және  түсінісу.  Мүмкін  тек  ол  ғана  адамды 

өмірдегі  қиыншылық  жағдайдан  құтқарады.  Монтессоридің  әдістемесінің  негізгі 

қағидалары  –  ойын  тәлім-тәрбиенің  пішіні  және  жаттығудың  орындалуы.  Монтессори 

әдістемесі  балаға  жеке  тіл  дамытуына  негізделген:  бала  өзі  материалды  және  кәсіптің 

ұзақтығын  таңдайды,  меншікті  серпінде  дамытады.  Әдістеменің  бұлақты  өзгешелігі  –  ол 

бала өзі және өзінің жеке зейіндерін көрсетеді. 

 

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің оқу - тәрбие үдерісіне 



М.Монтессори технологиясын енгізу жолдары. 

Мақсаты: 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында М.Монтессори технологиясын енгізудің 

тиімділігі мен ерекшеліктерін көрсету. 

Міндеттері: 

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде М.Монтессори методикасының 

маңыздылығы 

М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары 

• 

М.Монтессори әдістерінің мақсаты, қолданылу ерекшеліктері 



• 

М.Монтессори технологиясы бойынша дамытушы орталықтардың 

жабдықталу ережесі 

• 

М.Монтессори бойынша баланың өз еркімен өсуіне және шығармашыл 



тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін өсиеттері 

•  Монтессори педагогикасында ерте жастан дамытудың маңыздылығы – баланы 

белгілі бір стандарт бойынша емес, өзінің қалауымен, еркімен жүргізілуінде. Ересек 

адамдар (ата-ана, педагог, т.б) балаға тек көмекші бола алады, егер балаға қоршаған 

ортаны танып білуде қиындық болған жағдайда ғана. 

•  Баланың қасындағы ересек адамдар баланы стандарттық рамкада (мына жаста 

жүру керек, мына жаста сөйлеу керек) болу керек деп ойлайды, бірақ бала өзінің уақыты 

келмей жасай алмайды. Монтессори қандайда бір кедергілердің болмауына басты назар 

аударады. Тіпті қауіпті заттарды (қайшы, пышақ, ыстық үтік, розеткалар) қолдана білуді 

үйретеді, әрине ересектердің қасында болып, көмекке келуімен жүзеге асырылады. 

 

Әдебиеттер: 

 

1. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991. 

2. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990. – 8-58; 58-100, 147,215-беттер. 

3. Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы//Қазақстан мектебі, 1999. №1-2. 

8-11-бет. 

4. Монтессори М. "Помоги мне это сделать самому"// Составители М. В. 

Богуславский, Г.Б. Корнетов (сборник фрагментов из переведенных книг М. Монтессори 

и статей российских авторов о педагогике М. Монтессори). ИД «Карапуз». М. 2000. 

5. Монтессори М. Дети – другие. // C о вступительной статьей и комментариями 

К.Е. Сумнительного. ИД «Карапуз». М. 2004. 

http://www.karapuz.com/shop/default.asp?/shop/detail.asp?bookID=159 

6. Монтессори М. Самовоспитание и самообучение в начальной школе. - М.: 

Московский Центр Монтессори, 1993. - 203c. 

7. Монтессори М. Дом ребенка. Метод научной педагогики. Гомель. 1993.- 336 с. 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау