392
жылғы 1 қыркүйектен бастап «Мәңгілік Ел» патриоттық идеяларының құндылықтары 1-
сыныптағы білімнің
жаңарған мазмұндағы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына,
2017 жылы - 2, 5, 7-сыныпытардың, 2018 жылы - 3, 6, 8 10-сыныптардың, 2019 жылы - 4,
9,11,12-сыныптардың білім беретін оқу бағдарламаларына енгізілетін болады, деген
талапқа сәйкес жаңадан ашылған математика мамандықтары теориялық біліммен қатар
жаңартылған бағдарлама бойынша қалалық №35 және «Дарынды балаларға арналған
Абай атындағы №10 лицей-мектебінде» математика пәнінен тәжірибені 2018 жылдың
наурыз айында 5-7 сыныптарға математика және геометрия пәндерінен сабақ беріп келді.
Барлық студенттеріміз 100% сапа көрсетті. Сабақта негізі талаптаға сай қалыптастырушы
және жинақтаушы бағалау түрлерін, инновациялық әдістерді, ресурстар мен АКТ-ны
жақсы қолдана білді.
4. Біз білім мен дағдыларды үнемі жаңартып тұратын кезеңге аяқ басып отырмыз.
Ал бұл дегеніміз бүгінгі студент, ертеңгі жас маман жан-жақты дамыған болуы керек.
Сонда ғана ол еңбек нарығындағы сұранысты қанағаттандырады. Колледж қабырғасынан
бастап студенттерден табанды түрде бәсекеге түсе алатындай негіз жасалуы тиіс. Өзі
тұрып жатқан әлемде математика рөлін анықтау және түсіну, жасампаз, мүдделі және
ойшыл азаматқа тән дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі
таңда және болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолдана алуына адами қабілеті –
студенттердің математикалық сауаттылығына байланысты. Математикалық
сауаттылықты арттыруға pisa халықаралық зерттеу бағдарламасының тапсырмалар жүйесі
тиімді. Халықаралық сарапшылар PISA жобасындағы «Математикалық сауаттылық»
бағытының негізін қалайтын екі принципті анықтады.
Бірінші. «Фундаметалды математикалық идеялар» мынадай облыстарды
қамтиды: «Айнымалы және қатынас» (айнымалылар арасындағы тәуелділік, тұрақты
және ауыспалы байланыстар, математикалық моделдерді қолдану), «Кеңістік және
пішін» (геометриялық формалар, сызбалар, пішіндерді кеңістікте визуализациялау)
«Белгісіздік» (ықтималдылық және статистикалық құбылыстар, мәліметтерді анықтау
мен жалпылау, ғылыми болжам жасау) және «Сан» (мәліметтерді түсіндіру және
дәлелдеу, өлшем бірліктерін ұғыну және арифметикалық ойлауды қолдану).
Екінші. «Математикалық құзыреттілік» - дағдының үш деңгейін біріктіреді.
Бұл «Елестету» (нақты фактілерді қолдану, математикалық объектілерді тану,
алгоритмдер мен есептеуді орындау), «Байланыс орнату» (әртүрлі тапсырмаларды
шешу, бірнеше фактілер мен ақпараттар арасындағы байланысты таба білу) және
«Ойлау» (әртүрлі бөлімдердегі білімдерін қолдану, кешенді тапсырмаларды шешу және
табу заңдылықтарын орындау). Осы прициптерді қолдана отырып 2017-2018 оқу
жылында оқу орнымыздан 121 студент жаратылыстану, математикалық, оқу сауаттылығы
пәндерінен pisa-2018/ компьютерлік формат халықаралық зерттеуі құралдары
бағдарламасына дайындалып 50 пайызы бағдарламаға қатысты. Берілген тапсырмалар өте
қызықты. Мысалға, «Интернеттегі әңгімелесу» тапсырмасы. Марк (Австралиядағы
Сиднейден) және Ганс (Алманиядағы Берлиннен) Интернет желісінде бір бірмен жиі
байланыста. Байланыс үшін олар Интернетке бір уақытта шығу керек.
Интернетпен әңгімелесіге қолайлы уақыт табу үшін Марк әлемнің түрлі уақыттары
туралы мынадай мәліметтер тапты:
1-сұрақ: Егер Сиднейде 19.00 болса, Берлинде қандай уақыт болады?
Жауабы: ___ ____ _
393
Орындауды бағалау:
1) Жауабы толығымен қабылданады– 1балл.Код 1:Танғы 10 сағат немесе 10.00
2) Жауап қабылданбайды: Код 0: Басқа жауаптар.Код 9: Жауапжоқ
Берілген тапсырма: 2 деңгейлі құзыреттілікті– байланыс орнатуды тексереді.
Мазмұн бөлімі: өзгерістер мен қатынастар.
Жағдаят: жеке өмір.
5.
Жастардың білім алу, даму іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу,
оған басшылық ету, білімді өз ынтасымен алуына жағдай жасау – педагогикалық
технологиялардың басты белгілері болып табылады [8] делінген.
Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдері - Орта білім
мазмұнын жаңарту тұрғысында мұғалімдерге өзін-өзі басқара алатын, интеллектуалды
дамыған жеке тұлғаларды тәрбиелеуде оқытудың белсенді әдістерін қолдану қажет:
- әрбір студенттің пікірін тыңдау және олардың бұрыннан қалыптасқан білім,
біліктілік дағдыларын қолданудың маңыздылығын есте ұстау;
- мұқият таңдалған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы дамыта оқыту;
-
оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуын қолдау (assessment for
learning);
Математиканы оқытудағы педагогикалық тәсіл:
- проблемалық оқыту;
- топпен жұмыс істеу формалары;
- өзара оқыту (сынып ішінде және сыныпаралық);
-
практикалық және шығармашылық іс-шаралар (мысалы: саз, шыны, ағаш
сияқты материалдармен жұмыс, түрлі геометриялық модельдермен жұмыс);
- ішінара іздестіру әдісі (қосымша материалдарды іздеуді және қолдануды талап
ететін еептерді шығару);
- зерттеу әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы (нені білемін, нені білдім, нені білгім
келеді);
- оқутыдың белсенді тәсілдері;
- дифференциялау тәсілі;
- оқушылардың жетістіктеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізіу;
- құндылықтарға бағытталған тәсіл;
- жеке тұлғаға бағытталған тәсіл-деп көрсетілген.
Қазіргі сабақта оқытуды ұйымдастырудың инновациялық педагогикалық
тәсілдерін, педагогикалық технологияларды, түйінді идеяларды, жеті модулді, жеке
стратегиялар мен әдістерді тәжірибеде қолдану барысында сабақты түрлендірудің
маңыздылығын студенттеріміз жақсы түсінуде. Осы орайда біз болашақ мұғалімдерді
дайындау барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып сабақ беру барысында
жұмыс жасаймыз. Әрі студенттерге практика барысында қолдануға үйретеміз. Жалпы
алғанда қазіргі таңда Әдістер қоймасының біз студенттер 289 түрімен танысып, керегінше
практикада қолданып жатыр.
6. Студенттерге тек математикалық білім беріп қана қоймай оларды
шығармашылыққа баулу, математика мен пән аралық байланыстарды жаратылыстану
бағытындағы пәндермен біріктіре отырып сапалы маман даярлау барысында
олимпиадаларға, конференцияларға, шығармашылық жұмыстарға баулып қатыстырып
отыру көзделіп, іске асып жатыр.
Ендеше, Мәңгілік Елдің болашақ мұғалімдері мен оқытушылары заманына
сай – оқу үдерісін ұйымдастырушы, зерттеуші, ізденуші, технолог, өнертапқыш,
шығармашыл тұлға бола отырып, жаңашыл, ақпараттандырушы, коммуникативті, кәсіби
шебер болып қалыптасуында.
Әдебиеттер: