253
Кроме этого, с целью воспитания толерантного отношения, к детям с особыми
образовательными потребностями, студенты колледжа проводят различные совестные
мероприятия в детских домах города и области, где выступают с концертами,
сотрудничают с волонтерами по оказанию помощи детям, оказавшимся в трудной
жизненной ситуации.
Инклюзивное образование становится частью образовательного процесса в
Республике Казахстан, учреждения ТиПО, как часть системы образования должна
внедрять его в свою повседневную деятельность, несмотря на имеющиеся трудности.
Литература:
1.
Концептуальные подходы к развитию инклюзивного образования в Республике
Казахстан.
http://docplayer.ru/5788195-Konceptualnye-podhody-k-razvitiyu-inklyuzivnogo-
obrazovaniya-v-respublike-kazahstan.html
2.
Назарбаев Н.А./Обращение Президента Республики Казахстан. От 10.01.2018г.
Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции
/http://www.akorda.kz/ru/addresses
3Назарбаев
Н.А./.Пять
социальных
инициатив
Президента
Сабақта оқытудың белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Жумабаев Д. М., №1 Майқайың ЖОББМ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Павлодар қ. Баянауыл ауданы, Майқайың кенті
Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерінің теориялық негізі
Педагогикалық қызметтің басты мақсаты — жаңа педагогикалық технологияларды
ұтымды пайдалану.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту
технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа
технологиялар қолданудың маңызы зор.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық
дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз
үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми
теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың
таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім
беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді
жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім
үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар
оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп
көмегін тигізеді.
Осы тұрғыда жаңа технологияларды өз сабағымда кеңінен пайдаланамын.
Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен
қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік
оқыту технологиясы»(М.Жанпейісова), «Деңгейлеп оқыту технологиясы» (Ж.Қараев),
қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова),
«Сын тұрғысынан ойлау» т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып,
оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа
технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын
құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік
шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі нәтижені таңдаудың, оны
254
мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің кез келген түрін
белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық
ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды
оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан
туындайды.
Педагогикалық қызметтің басты мақсаты оқушылармен оқу-тәрбие ісінде жаңа
педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Ол үшін жаңа технологияларды
игеру және оны шығармашылықпен дамыту, инновациялық технологиялармен білім беру.
Сонда ғана қабілетті мамандар дайындай аламыз.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы
оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту,
шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау,
заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту
процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызықты
жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне
байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып
үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай
алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Белсенді әдіс-
тәсілдерді сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды,
олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-
мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде
ұтарымыз анық.
Сондықтан мұғалім сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу – тәрбие
жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш –
жігерін жұмсауы тиіс.
Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерінің тәжірибедегі көрінісі
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің білім беру тақырыбы: Құзіретті
білім беру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Қазақ тілі әдістемелік бірлестігіміздің тақырыбы: Оқытудың жаңа инновациялық
технологияларын пайдалана отырып, қазіргі қоғам талап етіп отырған білімді тиімді
қолдана білетін белсенді жеке тұлғаны тәрбиелей оқыту. Ал менің білім беру тақырыбым:
Әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын
арттыру. Осы үш тақырыптың қайсысын алсақ та, мектептің де, бірлестіктің де,
мұғалімнің де білім беру тақырыптары бір мүддені көздейді, ол белсенді әдіс-тәсілдер
арқылы оқушыға сапалы білім беру, заман талабына сай конкурентті жеке тұлғаны
қалыптастыру. Осыған байланысты мен бұл бөлімде осы белсенді әдіс-тәсілдердің
тәжірибе жүзінде қалай қолданыс тауып жүргендігі туралы айтуды жөн көрдім.
Мысалы, әдебиет сабағы. Мұхтар Әуезовтың «Ақын қонақтар» («Абай жолы»
роман-эпопеясынан үзінді).
А) Сабақты «БББ» стратегиясы (Инсерт әдісі) арқылы бастауға болады.
Білдім Білемін Білгім келеді
Абайдың өмір сүрген
жылдарын «Абай жолы» роман-эпопеясының авторын Әңгіменің немен
аяқталатынын
Осы әдіс арқылы оқушының тақырып бойынша не білетінін, не үйренгенін, нені
білгісі келетінін анықталады.
Ә) Үйге Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келу берілді.
Осыған байланысты үй тапсырмасын тексеру Ыстық орындық әдісінен бастауға болады.
Сыныпты жоспарлау: топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Болмаса
барынша жайлы пікір алмасуға жағдай жасау мақсатында «ыстық»
орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.