ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
8
жұмыстарын жасау барысында МемСТ 12.4.059 және МемСТ 23407 талаптарымен сәйкес
қоршаулы болуы тиіс.
4.2.9 Орлар, шұңқырлар, басқа шұңқырлар арқылы өту жерлерінде екі жағынан да
биіктігі 1,1 м кем емес қанаттармен қоршалған ені 1 м кем емес өтпелі кішкене көпірлер
орнатылуы тиіс, 0,15 м биіктігінде астындағы бірыңғай қаптамасы және төсемнен 0,5 м
биіктігінде қосымша қоршауыш аспағы болуы керек.
4.2.10 Өндірістік аумақтарда, жұмыс телiмдерінде және жұмыс орындарында
жұмыскерлер сапасы МемСТ 2874 талаптарына сай келуі тиіс ішуге жарамды сумен
қамсыздандырылулары тиіс.
4.2.11 Құрылыс алаңдарына, жұмыс телiмдеріне және жұмыс орындарына, өту
жолдары және оларға дейін апаратын жақындау жолдарына тәуліктің қараңғы мезгілінде
МемСТ 12.1.046 және ҚР ҚНжЕ 2.04-05 сәйкес жарық түсірілуі тиіс.
Жарық біркелкі болуы тиіс, жарық түсіруші аспаптары және құрылғылары
жұмыскерлерді көрмеу қалпына түсірмеуі тиіс. Қараңғы жерлерде жұмыстардың өндірісі
рұқсат етілмейді.
4.2.12 Атмосфералық жауын-шашыннан жасырыну үшін ашық ауада жүрген
жұмыскерлер үшін лапастар қарастырылуы тиіс.
4.2.13 Жұмыс орындарындағы ауа температурасы 10 С төмен болған жағдайда ашық
ауада немесе жылытылмайтын бөлмелерде жұмыскерлер жылыну үшін бөлмелермен
қамсыздандырылулары тиіс.
4.2.14 Құдықтар, қалаттар және басқа шұңқырлар қақпақтармен, қалқандармен
жабылуы немесе қоршалуы тиіс. Тәуліктің қараңғы мезгілінде аталған қоршауларға
кернеулігі 42 В көп емес электрлік дабыл шамдарымен жарық түсірілуі тиіс.
4.2.15 Суда немесе судың ішінде жұмыстарды орындау барысында құтқару
станциясы (құтқару орны) ұйымдастырылуы тиіс. Суда өткізілетін жұмысқа
қатысушылардың барлығы жүзе білулері тиіс және құтқарылу құралдарымен
қамсыздандырулары тиіс.
4.2.16 Жабындарда, жабуларда 1,3 м астам биіктікте және биіктігі бойынша айырма
шекарасынан 2 м кем қашықтығында орналасқан жұмыс орындары және оларға өтетін
жерлер қорғаныс немесе сақтандырғыш қоршаулармен, ал 2 м астам қашықтығы
барысында - мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай келетін дабыл қоршауларымен
қоршаулы болулары тиіс.
4.2.17 Егер төсемнің деңгейінен төменгі ойығына дейін қашықтық 0,7 м кем болса,
керегелердегі ойықтар, оларға төсемнің (жабудың) бір жақты жанасуы барысында
қоршалуы тиіс.
4.2.18 Қорғаныс қоршауларын 4.2.16 тармағымен сәйкес қолдану мүмкін емес
болған жағдайда немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз болса, құрылысшылар үшін
сақтандырғыш белдікті қолданумен және ҚР ҚН 1.03-05 сәйкес биіктікте жұмыстар үшін
наряд-рұқсатты рәсімдеумен жұмыстарын орындау рұқсат етіледі.
4.2.19 Жұмыс орындарындағы және жұмыс орындарына өтетін жолдар келесі
талаптарға сай болулары тиіс:
- Жұмыс орындарына және жұмыс орындарындағы оңаша тұрған өту жерлерінің ені
0,6 м кем емес, ал осындай өту жерлерінің биіктігі жарық түсетін аймақта - 1,8 м кем емес
болуы тиіс;
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
9
- 5 м астам биіктігінде орналасқан жұмыс орындарыжұмыскерлерге қатысты көтеру
немесе түсіру үшін қолданылатын сатылар немесе тұтқалар сақтандырғыш белдіктің
фалын бекіту үшін арналған құрылғыларымен жабдықталуы тиіс (ұстағыштары бар
арқандармен және т.б.).
4.2.20 Жабындардағы
жұмыс орындарын орналастыру барысында жабуға
орналастырылған материалдардан, жабдықтан, жарақтан және адамдардан жүктемелердің
әсері есептілік жүктемелерінен аспауы тиіс, жобамен қарастырылған жабуға салмақ
түсетін құрылыс құрылымдарының нақты күйін ескеруімен.
4.2.21 Биіктікте, төменде жұмыстарды орындау барысында жұмыс орны астында
қауіпті аймақтарды белгілеу қажет. Бір тік сызық бойынша жұмыстарды қатар орындау
барысында төменірек орналасқан жерлер төменде орналасқан жұмыс орнынан тігінен
бойынша6м көп емес қашықтығында орнатылған сәйкесінше қорғаныс құрылғыларымен
жабдықталуы тиіс (төсемдермен, торлармен, күнқағарлармен).
4.2.22 20° астам еңісі бар шатырында, сонымен қатар, жұмыскерлердің салмағынан
түсетін жүктемелеріне арналмаған жабынымен шатырында жұмыстарды орындаушы
жұмыскерлердің өтуі үшін ені 0,3 м кем емес көлденең жұқа тақтайшаларымен
басқыштарды орнату қажет үшін басқыштардың таяғыш тіректері жұмыстар барысында
бекітілуі тиіс.
4.2.23 Іске қосу сырттан жүзеге асырылатын жабдықты қолданумен жұмыс
орындарында іске қосу туралы ескертетін дабыл жүйесі, ал қажет болған жағдайларда -
оператормен байланыс та бар болуы керек.
4.3 Материалдарды және конструкцияларды қоймада сақтау
4.3.1 Материалдарды қоймада сақтау, көлік жолдарын салу, көктегі электр беріліс
пен байланыс желілерінің тіреуіштерін орнату бекітілмеген ойықтарының топырағының
қирау призмасының шегінен тыс орындалуы тиіс (котловандарының, орлардың), ал
олардың бекітуі бар ойықтар жанындағы топырақтың қирау призмасының шегінде
орналастырылуы бекітілген еңістің тұрақтылығын алдын ала тексеру шартында, бекіту
паспорты бойынша немесе динамикалық жүктемелерін ескеруді есептеу арқылы рұқсат
етіледі.
4.3.2 Материалдарды (құрылымдарды) осы Ережелердің 7 тарауының талаптарымен
сәйкес тегістелген алаңдарда, қоймада сақталынатын материалдардың өздігінен жылжуға,
шөгуге,
түсуге
және
жазылуға
қарсы
шараларын
қолданып,
«Қазақстан
Республикасындағы өртке қарсы қауіпсіздігінің ережелерін» сақтай отырып, орнату керек.
Қоймалық алаңдар беткі сулардан қорғалуы тиіс. Материалдарды, үйілген өнімдерді
тығызданбаған топырақтарда қоймада сақтауды жүзеге асыруға тыйым салынады.
4.3.3 Материалдарды, өнімдерді, құрылымдарды және жабдықтарды құрылыс
алаңында және жұмыс орындарында қоймада сақтау барысында келесі тәсілмен
жатқызылуы тиіс:
- түпқоймалардың қапшықтарындағы кірпіш - екі қабаттан көп емес, контейнерлерде
- бір қабатта, контейнерлерсіз - биіктігі 1,7 м көп емес;
- іргетас блоктары және жертөлелердің керегелерінің блоктары - төсемдерде және
аралық қабаттармен биіктігі 2,6 м көп емес қатарға;
Достарыңызбен бөлісу: |